Искаков Қалиасқар ЖетпісбайұлыИскаков Қалиасқар Жетпісбайұлы 1922 жылы туған. 1941 жылы Алматы жаяу әскер училищесінің курсанты болды, Қарашаның басында 35 жеке курсанттық бригада құрамында Мәскеу түбінде Красное және Крюково селоларындағы қантөгіс шайқастарға қатысады. соғыста аяғынан ауыр жараланады. Госпитальдан шыққан соң Кутузов орденіне иеленген 291-Гатчинск Қызыл тулы дивизиясының 313-жеке барлаушылар ротасына жіберіледі. Ленинград, үшінші Прибалтика және бірінші Украин майдандарында соғысқан Гатчинаны, Посковты, Тарту (Эстония), Батыс Украинаны азат ету үшін шайқастарға, Одер өзенінен соғысып өтуге, Германиядағы Төменгі Силезияны, Гиндебург, Беутеп, Чехославакияны азат ету үшін шайқастарға қатысады.
Партия және кәсіподақ органдарында 30 жылдан астам жұмыс істеді, еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды, 5 жыл бойы қалалық партиялық мемлекеттік бақылау комитетінің мүшесі болды. Облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінде Президиум мүшесі және ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып, белсенді қоғамдық жұмыспен айналысты КСРО кәсіподақтары 13-съезінің делегаты болып сайланды.
«1-дәрежелі Отан соғысы», «3-дәрежелі Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Москваны қорғағаны үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «ҰОС жеңісінің 20 жылдығы», «ҰОС жеңісінің 25 жылдығы», «ҰОС жеңісінің 30 жылдығы», «ҰОС жеңісінің 40 жылдығы», «ҰОС жеңісінің 50 жылдығы», «ҰОС жеңісінің 60 жылдығы», «Праганы азат еткені үшін», «Еңбек ардагері», «Тың жерлерді игергені үшін», «КСРО Қарулы Күштерінің 50 жылдығы, «ҚСРО Қарулы Күштерінің 60 жылдығы», «КСРО Қарулы Күштерінің 70 жылдығы», «Кеңестер Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «Тыңның 50 жылдығы», «Украинаны азат етудің 60 жылдығы», «Тың игерудің 50 жылдығы», «Москва үшін шайқастың 65 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
2005 жылы 30 қыркүйекте Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Мырзахан А. Аймақ басшысы ардагерлер шаңырағында // Семей таңы. – 2016. – 12 мамыр. – Б. 1