Ольга Воронкова1. 2009 жылы қоғамдық қызметтің әр саласында еңбек етіп жүрген Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы және Айдос Сарым «Алтын қалам» әдеби сыйлыған өткізу туралы бастама көтерген болатын. Мақсат – еліміздің рухани-мәдени дамуына Қазақстан азаматы ретінде өз үлестерін қосу және жас таланттар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа танылуына ықпал ету. Бұл конкурстың басты ерекшелігі – бастамашыл топ пен қазылар алқасының мүшелері әдебиетшілер емес. Жаңа әдіс жүлдені әділ өткізудің кепілі. Сондықтан «Алтын қалам» жүлдесі үздіктерді қаламгерлер емес, оқырмандар анықтайтын Қазақстандағы бірінші конкурс.
«АЛТЫН ҚАЛАМ 2017» жылдың үздік қаламгерлерін алтыншы рет таңдады. 2017 жылы «Алтын қалам 2017» байқауына қазақ және орыс тілдерінде жазылған 1076 жұмыс түсті. Бәйгеге Қазақстан ғана емес, АҚШ, Германия, Украина, Ресей, Израиль және Белорус елінде тұратын авторлар да қатысты.
Жерлесіміз ВОРОНКОВА ОЛЬГА (Семей) «Жылдың үздік фантастикасы және детективі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Мерей Қарт2. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет сыйлығын алғаш рет 2015 жылы тағайындаған. Байқау Қазақстанның жас таланттарын қолдауға бағытталған және олардың әдебиет саласындағы шығармашылық әлеуетін көпшілікке танымал етуге мүмкіндік береді. Жас ақын-жазушылар, прозаиктер мен драматургтердің жаңа есімдері елге танымал болып, шығармалары қазіргі заманғы әдебиетте лайықты орынға ие болады.

«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, 2017 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы мақсаттарды жүзеге асыруға арналған арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл «Туған ел» номинациясы бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.
«Алтын тобылғы» байқауы Қазақстанның жас таланттарына қолдау білдіруге бағытталған және осындай байқаулар арқылы жас ақындар мен прозаиктердің, жас драматургтердің есімі елге танылып, қазіргі заманғы әдебиеттен лайықты орын алуда.

«Үздік поэзия» номинациясы бойынша – жерлесіміз МЕРЕЙ ҚАРТ үздік деп танылды.

Галымкаир Мутанов3. Эрнест Хемингуэй сыйлығы Жаңа әлемдік журналыныың әдеби сыйлығы. 2015 жылы орыс тіліндегі авторларға қолдау көрсету үшін құрылған, олардың шығармалары жаңа көркемдік нысандарды іздеуге, тілдік және семантикалық шекараларды кеңейтуге деген ұмтылысты көрсетеді.

2017 жылы «Елдер мен құрлықтар» номинациясы бойынша – әртүрлі халықтардың мәдениетін біріктіруге қосқан үлесі үшін біздің жерлесіміз ҒАЛЫМҚАЙЫР МҰТАНОВ лауреат атанды.