Медет Чотабаев – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші үздік әншілерінің бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Тұңғыш Президент Қорының сыйлығының  иегері.

n9Таланты әнші  1981 жылы 30 қазанда Семей қаласында дүниеге келді. 2003 жылы М.Төлебаев атындағы музыка колледжін аяқтаған. 2006-2008 жылдары Ренат Тибальди атындағы және Марио Дель Монако (Пезаро, Италия) халықаралық академиясын бітірген. Театр репертуарының опералық спектаклдерінде жетекші партияларды орындайды.

Театрда қызмет атқару барысында театр өнерінің көрермендері мен табынушылары арасында танымдылыққа ие болған көптеген қойылымдарға қатысты.

Әншінің  өнерде жеткен жетістіктері:

Қазақстан жас орындаушыларының IV Республикалық байқауының 2 сыйлық лауреаты (2003), Ұлы Абайдың 160-жылдығына орай аймақтық байқаудың Гран-при иегері (2005), «Шабыт» IX Халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (2006), Б.Төлегенова атындағы Халықаралық вокалшылар байқауының 1-сыйлық лауреаты (2007), Беньямино Джильи атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты (Порто-Реканати қ., Италия, 2008), Глинка атындағы XXIII Халықаралық байқаудың 1 сыйлығы мен үздік тенор арнайы сыйлығының иегері (Мәскеу, 2009), «XXІ ғасыр өнері» Халықаралық байқауының Гран-при иегері (Финляндия, 2009), «Опералия-2011» байқауының қатысушысы; Румыниядағы Х. Даркле атындағы Халықаралық вокалшылар байқауының Гран-при иегері (2012), Веронада Халықаралық опералық әншілер байқауында 1 орын (Италия),  «Morcello Giordani» Халықаралық байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (2012), «Leylya Gencer» Халықаралық байқауының  финалисты (2012), Қазақстанда «Алтын Адам- Человек года» арнайы сыйлық иегері – «Отандық опералық сахнаның болашақ жұлдызы» (2012), V Ұлтаралық партиоттар форумының  дипломанты (2012).

Әртістің кәсіби, шығармашылық әлеуеті жоғары деңгейде. Көптеген опералық қойылымдарда жетекші партияларды орындады: Герцогтың партиясы («Риголетто» Дж. Верди, Немориноның партиясы («Любовный напиток» Г. Доницетти), Рудольфтың партиясы («Богема» Дж. Пуччини), Пинкертонның партиясы («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Каварадоссидың партиясы («Тоска» Дж. Пуччини), Ленскийдің партиясы («Евгений Онегин» П. Чайковский), Альфредтың партиясы («Травиата» Дж. Верди), Төлегеннің партиясы («Қыз Жібек» Е. Брусиловский).

Елімізде ұйымдастырылатын маңызды мәдени іс-шараларға және  Ресей, Қытай, Италия, Еуропаның тағы басқа да үздік сахналарында бүкіләлемдік опера жұлдыздарымен үзеңгілес өнерін танытып келеді.

Әдебиеттер:

Классикалық өнер жұлдыздары: (Семейден шыққан қос әнші М.Шотабаев пен Ж.Ғабдуллина туған жерге келіп есеп концертін берді)  // Семей таңы . – 2012. – 20 қаңтар. – Б. 2

Исабаев Е. Қайырымдылық кеші семейліктердің көңілін көтерді: (Опера әншісі М.Шотабаев)  // Семей таңы . – 2012. – 16 наурыз. – Б. 2.

Интернет ресурс:

Медет Чотабаев: Қазақстанның 100 жаңа есімі // http://100esim.el.kz/kz/bio/medet_chotabaev_

Медет Шотабаев Еуропа сахнасында өнер көрсетті //  https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/14429/