Герасимов Борис Георгиевич  — өлкетанушы, ғалым, Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің құрылтайшысы.

2141872 жылы Өскемен қаласында Петербургтен жер аударылған әскери төменгі шен отбасында дүниеге келген. 1895 жылы Томскі рухани семинариясын аяқтайды. Орыс географиялық қоғамын құрушы, зерттеу жұмысы үшін «В долине Бухтармы» күміс медалімен және өлкетану бойынша еңбектері үшін алтын медальмен марапатталған. «Ученые записки» туындысының, өлкетану туралы 2 мыңнан астам мақаланың, соның ішінде «Первые оседлые засельщики Кокпектинского округа», «Ссыльные поляки в Семипалатинской области», «Старинные церкви Семипалатинской области» және 1916 жылғы қазақ көтерілісі жайлы жұмыстардың авторы әрі редакторы. Олардың оны — Ф. М. Достоевскийдің Сібірдегі өміріне арналған.

1924 жылы Герасимов Семей губерниялық өлкетану конференциясын ұйымдастырады. Жазушы М. Әуезов, академик В. Обручев, ботаник В. Семеновпен бірлесіп қызмет атқарады. 1937 жылы 28 тамызда Борис Герасимов «шіркеу қызметкерлерінің тыңшы ұйымын» құрды деген айыппен тұтқындалады. 1938 жылы 1 қаңтарға қараған түні Семей қаласында ату жазасына кесіледі.  Бірақ, ақталады.

Әдебиеттер:

Алаштың білім ордасы  / главный редактор Ш. А. Жанаева. — Семей : Тенгри, 2013. — 293 б. – на казахском и русском языках. — Герасимов Б. Г. (о нем).

Жунусова, М. Священник Б. Герасимов — краевед и историк  // Абай. — 2006. — № 3. —  С. 42-45

Герасимов Борис Георгиевич  //  http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/