Алтынбаев Қалихан
Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаев — республикамызға аты мәлім, әрі жазба, әрі суырып салма ақындардың бірі. 1927 жылы 23 желтоқсанда Жарма ауданының Малай колхозында туған. Шешесі Сағила Смаққызы халық ақыны С.Әлімбетовтің жақын қарындасы. Әкесі Қалиасқар домбырашы, өлеңші, шежіре кісі болған, Қалиханның өзі де жастайынан С.Әлімбетов, Т.Көбдіков; Н.Баймүратов, Т.Әміренов секілді ақындардан үлгі алып өсті.
Көрнекті өнер иесінің ерекше қасиеті-үлттық өнеріміздің алтын қазығы-ауыз өдебиетін терең білетіндігі, халқымыздың өткен-кеткен тарихынан, көне шежірелерден мол хабардарлығы, шұрайлы тіл байлығы, тіліміздегі ескі сездердің мағынасын жетік ажырата алатындығы.
Айтыс өнеріне 1957 жылдан бастап белсене араласып келе жатқан ақын талай ұлы дүбір сайыстарда суырып шығып, абыройға ие болды. Оның кезекті бір айтыста қолма- қол тауып айтқан «Үш бәйтерек» деген өлеңі көпшіліктің сұрауымен баспа бетінде қайта жарық көріп, ел аузынан түспейтін аңызға айналып кеткені шындық..
Ақын — онға тарта поэмалардың авторы, шағын да шымыр, поэзияның нағыз асыл маржаны деп айтуға тұратын лирикалық өлеңдері бар ақын. Жеке басылып шыққан «Мамай батыр» поэмасы, күні кеше ғана өткен үлы ақынымыз Абайдың 150 жылдығы қалай өткендігі туралы туралы жазылып, «Семей таңы» газетінің ішінде кітапша болып шыққан «Жер кіндігі – Қарауыл» атты суреттеме дастаны ғажайып дүниелер!
Алтынбаев Қ. Қиял қанатында: (Өлеңдер, айтыстар, дастан)- Алматы.Жазушы, 1985.- 966.
Алтынбаев Қ. Армысың 60!: (Өлең) // Семей таңы,- 1982.- 10 декабрь.
Алтынбаев Қ. Балалықпен бетпе – бет: (Әңгіме) // Семей таңы.- 1981.-19 ноябрь
Аханов Б. Қарымды ақын //Семей таңы.-2002.-18 қазан.-10 б.
Аханов Б. Үлгі едің жастарыңа //Дидар.-2002.-12 қараша.-4 б.
Әбдікәкімулы Т. Асқаралы алып 65 жаста // Үш анық.- 1992.- 21 қараша
Зүкенов М. Ескі сөздің қамқоры еді Қалекең // Семей таңы.-2004.-8 қазан.-4 б,
Мұхамадиұлы М. Қалбаның қара дауылы //Ертіс өңірі.-2003.-20 қараша.- 266 б.
Омарбаева Д. Ұстазыма: (Ақынның туғанына 70 жылдығына арнау) //Семей таңы.- 1997.- 7 қазан.
Төлеуов М. Ақынымызды қашан ардақтаймыз? // Семей таңы.-1997.- 1 шілде.
Туғанбаев Қ. Жүрісіңнен жаңылма, жүйрігім: Ақын 60 жаста // Семей таңы.-1987.- 25 декабрь.
Төлебаева Қ. Қалихан Алтынбаевтың этнографиялық әңгімелері // Семей таңы.- 2009.- 9 шілде. – б.4
Асылбек Еділ
Еділ Асылбек – Семей қаласында 1953 жылы 8 шілдеде туған. Семей педагогикалық институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.Еңбек жолын ауыл мұғалімінен бастап, облыстық «Семей таңы» газетінде, республикалық «Абай» журналында, ТВК-6 телекомпаниясында журналистік қызмет атқарған. «Казахстанская правда» газетінің Семей облысы бойынша тілшісі, облыс және қала әкімдерінің баспасөз хатшысы, қалалық қоғамдық келісім және тіл саясаты бөлімінің бастығы болып еңбек етті.
Өлеңдері 1968 жылдан жергілікті және республикалық газет, журналдарда жарияланып келеді. Жырлары «Мерейлі мекен» (1992 ж.), «Шабыт қайнары», «Аlma matег» (2004 ж.), «Семипалатинская лира» (2005 ж.) жинақтарына енген. Жұртшылыққа қазақ тілінің жанашыры, өнер мен мәдениеттің қолдаушысы ретінде есімі кеңінен таныс. Еділ Асылбектің, 2005 жылы Новосібір қаласынан шыққан «Көгілдір менің биігім» атты жеке жыр кітабы жарық көрді. Бұл кітабына әр жылдары жазылған өлеңдері, аудармасы және әңгімесі енген. Сонау 1980-ші жылдардың басында ақын Қадыр Мырза Әлі жоғары бағалап, шығармашылық жолына сәттілік тілеген ниетінің аяқталғанын осынау кітаптан аңғаруға болады.
Өлеңдері республикалық және жергілікті басылымдарда 1965 жылдан жарық көріп келе жатқан Еділ Оразбекұлының бұл кітабынан жырларымен бірге «Көрші қыз» атты әңгімесін, отызға жуық аудармаларын оқуға болады.
Асылбеков Е. Қайта айналып келген бе, жырым маған… (Өлеңдер) // Семей таңы.-1993.-17 сәуір.
Асылбеков Е. Күзгі бақта; Алғашқы достарым: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1988.-28 январь.
Асылбеков Е. Алтын күз, алау сезімдер: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1980.- 9 октябръ
Асылбек Е. Әпке туралы ән: (әні: Қ.Омаровтікі) // Семей таңы.-2006.-2 наурыз.
«Көгілдір менің биігім» // Ертіс өңірі.-2006.-б сәуір.-29 б.
Мұхамедова Р. Ақындықтың суынан нәр алған // Семей таңы.-2002.-5 шілде.-9 б
Рымжанов Т. «Жастық шағым – сұлу көктем» : ақын Е. Асылбектің «Көгілдір менің биігім» атты жыр кітабы хақында// Семей таңы.- 2010.- 14 қаңтар.- б.9.
Әбдікәкімов Тыныштықбек
Тыныштықбек Әбдікәкімов 1953 жылы 20 шілдеде бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында туған. 1970 жылы орта мектебі бітірген соң әр түрлі жұмыстарды атқарды. 1989 жылы Семейде ғылыми-әдістемелік орталықта бас редактор болып қызмет етті. 1990-1993 жылдары Абай корық мұражайында ғылыми қызметкер болып қызмет етті. Онан соң Семей педагогикалық институтын 1993 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
1993-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды. Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жазушылар Одағы ұйымдастырған ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Президент стипендиясының иегері Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ақшам хаттар» (1990 ж.), «Ырауан» (2000 ж.) жыр жинақтарының авторы. 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Қас.Сақ. Анқымас» атты философиялық еңбегі шықты. Онда автордың әлем халықтарына ортақ қазақтың ғарышты дүниетанымы туралы сөз болады. Осы негізде өзінше пайымдап, сараптай білуімен оқырманын ойландыра түседі. Қазақ халқы өзін-өзі қалай тану керектігі, қазақ сөзінің құдіреттілігі, алуан қасиеттілігін ақын талмай ізденіп, оны әр қырынан дәлелді түрде баяндайды.
Жазушы Әбіш Кекілбаев ақын туралы былай деп жылы лебізін білдіреді: «Бұл менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім. Ешкімді қайталамайтын, қазақ өлеңдерінде ара-тұра ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына дейін жеткізіп, айдын солға салған аршынды, сонысымен де айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын…»
Әбдікәкімұлы Т. Күндерде күн аққулар ән салғанда сызылтып: Поэзия // Ақ Ертіс.-2011.-№1.-11-19 б.
Әбдікәкімов Т. Қас сақ аңқымасы: Өзтаным лұғаты.-Астана:Елорда, 2001.-192 6.
Әбдікәкімов Т. Мерей. Қара дала. Жеке қоңыр. Шемен шер: (Өлеңдер) //Егемен Қазақстан.-2002.-25 сәуір.
Әбдікәкімов Т. Ақшам хаттары: Өлеңдер, балладалар, толғаулар.-Алматы: Жалын, 1993.-125 б.
Әбдікәкімов Т. Әуелгі сөз: («Айналайын» атты еңбегінен үзінді) //Абай.- 1998.-58-65 б.
Әбдікәкімов Т. Қызыл: Поэма-памфлет // Семей таңы.-1982.-23 қыркүйек
Әбдікәкімов Т. Сенен, сәулем, серт сұраймын: (Өлең) // Семей таңы.- 1980.-24 июнь.
Ердембеков , Б. Тыныш ақынның тылсымы: (Ақын туралы) // Семей таңы . – 2011. – 23 тамыз. – С. 4
Әбенов Шәкір
Шәкір Әбенов 1901 жылы 1 наурызда Абай ауданының Құндызды ауылында туған.
Әкесі Әбен қажы баласын 5-6 жасынан ауыл молдасына оқытып, Семейде Приходская мектебін тәмамдатқан. Кейіннен Уфа қаласына жіберіп, Ғалия медресесінде оқыған. 13-14 жасында Семейге оралып мешітте істейді, ез бетімен мүсылманша кітаптар оқиды.
1916 жылы Семейдегі ер балалар гимназиясына оқуға қабыладанады. Нақ осы жылы ол қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровпен танысып, оның өлеңдерін жатқа айтатын болған. Орыс ақындары А.Пушкин, М.Лермонтов жырларымен алғаш сусындауы да осы кез. Осы кезде революция басталып, жас бозбала сол дүбірге ден қойып кетеді.
1921-1926 жылдары атқамінер белсенділер қатарына қосылып, Мақаншы жақта кеңсе қызметін атқарады. 1929-30 жылдары ауылдарды кеңестендіру кезінде өз пікірін білдіру кезінде қудалауға ұшырап, Алматыға кетеді. Мұнда С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сияқты әдебиеттің майталман ақындармен бірге жырлаған ақын рухани азық алып еліне Мақаншыға оралады.
1937 жылы Алматыда ”Әдебиет және искусство” журналында ”Қозы Көрпеш Баян сұлу” дастанының Ш.Әбенов жырлаған нұсқасы жарық көреді. Сабырбай, Дулат, Жанақ, Түбек ақындардың мұраларын жаздырып, қолжазба қорына тапсырады. Жамбылдың әдеби хатшысы болып қызмет жасайды. Тағы да қуғынға ұшыраған соң, сұранып 1941 жылы соғысқа кетеді. Соғыста бір аяғынан жараланып, еліне қайтады, Отан соғысынын 1-дәрежелі орденімен марапатталады.
Ғасырға жуық жасап, заманның қилы-қилы қыр-сырына қаныққан сұңғыла ақын өз жырларына көбіне махаббат пен әділдік, ерлік пен ездік, адалдық пен арамдық, адамгершілікті өзек етуден еш айнымайды.
”Қозы Көрпеш -Баян сұлу”, ”Таңшебер Жапал”, ”Кейпін батыр”, ”Ана махаббаты”, ”Алданған қыз”,”Патша мен байғыз”, ”Қорқыт қобызы” аңыз толғауларын, мысал-өлеңдерін жазады.
”Шәкір ақынның ”Қозы Көрпеш — Баян сұлу” дастаны жай жыр ғана емес, жеке адамдар қарым-қатынасы, тағдыры арқылы қазақ елін, яғни тұтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-санасы мен ғұрып-дәстүрін, жан-дүниесін, арманын қамтып суреттейтін, өлеңмен жазылған роман, шынайы эпикалық шығарма. Мұнда қазақ өлкесінің ұлан-ғайыр қиырлары, ең бастысы революцияға дейінгі көшпенді қазақ қауымының өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы нақты адамдар аясында жан-жақты бейнеленген”,- деп жазады С.Байжан-ата ақын жырлары туралы.
Шәкір ақынның тағы бір ерекшелігі – домбыра, қобыз, гармон аспаптарын құбылта ойнаумен қатар, өлең мәтінін де өзі жазып, әнін де өзі шығарған сазгердің ”Алтай аруы” Құндызды ауылының той-думанының көркі. Туған жерінде ақын мұражайы ашылды, ақын атынан бата берді.
Ақынның шығармашылығын зерттеуде бұған дейін Сапар Байжан ата XX ғасырдағы казақ поэзиясының еркін тұлғасы Шәкір Әбенұлының қос томдық шығармалар жинағын өз қолымен даярлап, ақын шығармашылығы туралы монография жазған еді.
2001 жылы ”Жер кіндігі – Жидебай” атты кітабы Елорда баспасынан шықты. Онда ақынның өмірбаяны мен өлең-дастандары берілген. Ш.Әбенов Республика Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. ”Халықтар достығы” орденінің иегері. Түңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген ақсақал. Артына мол шығармашылық мұралар қалдырған, арқалы ақын, сазгер, көнеден қалған мұраны қастерлеп өткен Ш.Әбенов 1994 жылы қазан айында дүниеден етті.
Айтұлы Н. Ғасырдың кәзі тірі куәгері // Қазақ әдебиеті. 1992.-17 қаңтар.
Байжан-ата С. ”Өлсең де өнер емес, өмір өлер… ” немесе ақын жайлы сыр // Абай. -1999. -№1. -52-55 бет.
Ғалымов Е. Шәкір ата ауылы – өнердің қайнар көзі // Ертіс өңірі. – 2004.-8 қаңтар
Кемелбаева А. Ш.Әбеновтің ”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” дастаны // Абай. – 2001. – №4. – 31 б.
Шәкір шығармалары – жаңа кітапта // Ертіс өңірі.-2011.-12 қазан.-2 б.
Әбдірахманова Тұрсынхан
Тұрсынхан Әбдірахманова (1921-2003) Семей өңірі, Жарма ауданының Бөке руднигінде дүниеге келді. Әке-шешеден ерте қалған болашақ ақын ағасының қолында тәрбиеленді.
Ақынның еңбек жолы 1941 жылдан басталды. Бұл жылдары мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Шар аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Алғашқы өлеңдері 1950 жылдан бастап, жариялана бастады. Тұңғыш жинағы ”Ән”,1959 жылы жарық көрді. Содан бері ”Әннен әнге”, ”Танисыз ба бұларды”, ”Шырқау”, ”Көгершін көңіл”,”Кілт”, ”Мерей”, ”Наз көңіл” атты жинақтары және ”Ақын сыры”, ”Қасым Аманжоловтың поэтикасы” атты монографиялары жарық көрді.
Т.Әбдірахманова аударма саласында да біраз еңбек етті. Оның аударуында Е.Юнганың ”Даңқы өшпес кеме” повесі, М.Стельмахтың ”Адам қаны су емес” романын, А.Маяковскаяның ”В. Маяковскиийдің балалық және жастық шағы” атты әңгімесі, А.С.Макаренконың ”Коммунистік тәрбие туралы” кітабы қазақ тілінде жарық көрді.
1964 жылы ”Ілияс Жансүгіровтің лирикасы” деген тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы ”Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Т.Әбдірахманова көптеген орден, медальдармен марапатталды. 1984 жылы ”Халық жазушысы” атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі бағаланып, 1985 жылы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.
Әбдірахманқызы Т. Замана сазы: Өлеңдер, әдебиет туралы мақалалар, өмірбаяндық толғам.-Алматы: Ана тілі,2000.-399 б.
Досанов С. Үш өнердің жүгін төрге сүйреген // Ана тілі.-2011.-10-16 қараша.-10 б.
Жағанова Ж. Ерке қызы елінің // Мәдениет.-1992.-желтоқсан.-№22.-8 б.
Халық жазушысына неге халық атынан сөйлемеске? //Қазақ әдебиеті.-2000.-4 ақпан.-12 б.
Әлімбетов Сапарғали
Сапарғали Әлімбетов 1888 жылы Семей облысы, Жарма ауданында дүниеге келген – айтыскер ақын. Ежелден құтты мекен Жарма өңірінен атағы көпке тараған дарынды ақын- жазушылар көп шыққан. Солардың, ішінде «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Құрмет грамотасын екі мәрте алған халық ақьшы, белгілі айтыскер – С. Әлімбетов.
Ақынның әкесі де өткір тілді шешен болған. Ол жастайынан жазып, ақын бала атанады. Оның шығармашылық жолына бағыт берген ақын -I. Жангүгіров. Сол кісінің қамқорлығы арқасында Алматыға келіп, жұмысқа тұрады. Жазушылар одағынынң жанындағы төрт айлық курсты бітіреді. Ілияс Жансүгіров Сапарғалидың халық мақсатына сай өлең-жыр жазуына кеңес беріп, ақыл айтып, жөн сілтеп жол көрсетеді. Ақын революциядан бұрын қазақ өміріне арналған көптеген өлеңдер жазады. 1914-1915 жылы жазған «Төрткісен» деген термесі Сапарғалидың өз ағайындары тарапынан қуғын-сүргінге ұшырауына себеп болады. Жас кезінде ақын зәбір-жапаны көп көрсе де жауыздыққа деген өшпенділігі жойылмайды. Бертін келе сауатын ашқаннан кейін Абай өлеңдерін құмарлана оқи бастайды. Оны жаттап алып ел арасына таратады. Кейінірек Абай үлгісімен «Татьяна» поэмасын және байларға арналған бірнеше өлеңдер жазады.
1936-1937 жылдары ақын Аягөз ауданына көшіп келіп, Жарма ауданындағы Ақжал руднигіне орналасады. Ұлы Отан соғысы жылдары жалғыз баласы Маманды майданға аттандырып, ақын осы Ақжалда тұрып көп өлеңдер жазады. 1939 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы қарт ақынның еңбегін зор бағалап, Құрмет грамотасын береді.
Сапарғали ақын талай- талай айтыстарда Жарма ауданының намысын қорғап алда жүрді. Қазақ әдебиетінің үздік үлгілері И. Байзақов, Т. Көбдіков, Н. Баймұратов сияқты ақындармен айтысқа түскен. 1936 жылы Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығына, 1943 жылы Семей-Қарағанды облыстары ақындары айтысына, 1945 жылы Абайдың 100 жылдық тойына, 1946 жылы Талдықорған каласында Жамбылдың 100 жылдық мерейтойына қатысып қайтты.
Ақынның жекелеген өлеңдері мен толғау, дастандары зор тебіреніспен жазылған, оның «Алтай», «Тарбағатай», «Жарма», «Қалбадағы айқас» туралы жазғандарында бақытты елдің ұлан-байтақ қоныс мекенін, асқар тау, сай-саланы тамаша көрікті табиғатын көркем бейнеде асқақтата жырлайды. Қаламгер «Ақтардың әрекеті», «Қойкелді батыр»,«Бекбосын», «Молдабай палуан» поэмаларын жазды. Соңғы аталған дастаны 1997 жылы «Қазақ палуандары» деген кұрама жинақка шықты. 1962 жылы өлеңдер мен поэмалар жинағы шықты.
Ақын тілге шебер, сөзге бай, алғыр ойлы ақын. Ол халықтың рухани асыл қазынасы – ауыз әдебиетін көп біліп, өзінің ақындық өнеріне үлгі етумен бірге, жазба әдебиетін де жақсы білді. Қандай тақырыптарды жырласа да, акын жалаң сөзге бой үрмай, жанды суретпен көркем бейнелеп беруге, нанымды образды дұрыс қолданып, өлеңнің адамға әсерлі болуына зер салды. Сапарғали ақынның өмірі де, акындық өнері де халық өмірімен біте кайнасып, тығыз байланысқан. Ол қолына домбыра алғаннан бері, халық жырын жырлаудан бір тынбаған, халқының қайғысын, қуанышын куат еткен.
100 жылдық мерейтойын жармалықтар 1988 жылы атап етті. Жарманың орталығы Георгиевка селосының бір көшесі ақын есімімен аталады. Есімі қазақ-совет энциклопедиясына, «Ақын жыраулар», «Қазақстан ақындары» кітаптарына енгізілді. 1956 жылы ақын дүниеден өтті.
Серікбаев Н. «Төгемін сөз маржанын сауылдатып,..»: (Ақынның туғанына 110 жыл толуына орай) //Дидар.- 1998.- 7 тамыз.
Зүкенов М. Ақынның туғанына – 110 жыл // Сарыарқа.-1998,- 8 шілде
Алтынбаев Қ. Ақын талантына бас ию // Семей таңы.- 1988.- 24 август
Алтынбаев Қ. Туған жерден шабыт алған // Семей таңы.- 1988.- 12 август.
Ерменбаев Т. Сапағали ақын // Қазақ әдебиеті.-1989.- 19 август.
Әміренов Тәңірберген
Тәңірберген Әміренов айтыскер ақын ретінде танылған шабытты ақын 1907 жылы қазан айында Семей облысы, Абай ауданы, Саржал аулына қарасты Қарабұжыр деген жерде дүниеге келген. Руы – Тобықты, оның ішінде – Мотыш. Ауыл молдасынан хат танып, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жаттап, домбырасын серік еткен. Әкесінен жеті жасында жетім қалып, үлкен шешесі Зылиханың қолында тәрбиеленеді.
Алғашқы өлеңдері 1930 жылдың басында аудандық газетте, кейін облыстық «Екпінді» газетіндк жарияланады. «Жұмбақтас» атты өлеңдер жинағы 1967 жылы жеке кітап болып басылып шықты, 1973 жылы жеке кітап болып, «Қанды қанжар» поэмасы шықты, ал 1977 жылы «Жол мұраты» атты жеке өлеңдер мен поэмасы көпшілік оқырмандар арасына тарады. Отызыншы жылдарда өзінің туған жерінде, кейінірек Семей қаласында әр түрлі жұмыстар атқарады. Жергілікті, аймақтық айтыстарға қатыса бастайды. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарында жас Тәңірберген ақынның шабыты шарықтай көтеріліп, аты республика көлеміне жайылады. 1944 жылы Абай ауданындағы Құлмен, Саржал ауыл кеңестеріне қарасты колхоздар мал шаруашылығын өркендету жөніндегі социалистік жарыстың қорытындысына арнап айтыс ұйымдастырады. Айтысқа екі ауылдан Тәңірберген Әміренов пен Сыбанғали Серікбаев түседі. Сол айтыстан үзінді «Екпінді» газетінде 1944 жылғы 8 қазанда «Асыл сөз, ағынды жыр жеңіс үшін» деген тақырыппен жарияланғанын айтып, дәлел ретінде айтыс үзіндісін келтіре кеткеніміз артықшылық етпес.
«Тегінде халық ақындарының ел көзіне ерекше түсіп, талантын танытып, халыққа аты әйгілі болатын сәтті шақтары болады. Ол шақ – ақындық айтыс майданы. Солардың ішінде ұмытылмайтын, ерекше есте қалатын Тәңірбергеннің ақындық өнерін республика жұртшылығына айқын танытқан 1943 жылы желтоқсан айында Алматыда өткізілген республикалық ақындар айтысы. Осы айтыста Тәңірберген Әміренов өзін айтыскер ақын екенін мойындата білген жүйріктердің бірі.
1943 жылы желтоқсан айында Алматыда өткізілген республикалық тұңғыш ақындар айтысы болды» – деп жазды белгілі әдебиетші-ғалым Қайым Мұхамедханов. Ұлы Отан соғысының үшінші жылында өткен республикалық айтысқа Қазақстанның атақты халық ақындары Төлеу Сапарғали, Нұрлыбек, Тәңірберген т.б. қатысады. Семейлік ақындар қарағандылық Шашубай, Маясар, Жолдыкей сынды белгілі халық ақындарымен сөз сайысына түспек. Тұңғыш республикалық айтысқа түспес бұрын Қарағанды ақындары Семейге келіп, Семей ақындары Қарағандыға барып,екі облыстың ауыл шаруашылығы, өндіріс, мәдениет, тұрмыс саласындағы табыстарымен танысып, кемшіліктерін де аңғарған. Ақындар қажетті мағлұматтар жинап үлкен дайындықпен айтысқа қатысқан еді. Дүбірлі айтыс Алматының опера және балет театрында өтті.
Айтыс төрешілері әр облыстан екі-екіден ақын қатысуына рұқсат еткен. Семей ақындары ақылдаса келе, кәріден белгілі майталман, айтыс шебері, төкпе ақын Нұрлыбек Баймұратовты шығарды. Оны толықтырушы, серігі ретінде ол кезде қайратты дауысы да үнді, бұрын айтысқа түспеген Тәңірберген Әміреновты атайды.
Сол 1943 жылы Қарағанды облысының өндіріс, шаруашылық саласындағы көрсеткіштер Семей облысынан жоғары болатын. Семейлік айтыскерлердің көрсеткішті салыстырып айтысуы мүмкін емес-ті. Бар мақсат – ақындық өнер бәйгесін берік сақтау. Тәңірберген ақынның рухы көтеріліп, шабыттана жырлап, ерекше көзге түсіп, үлкен абыройға ие болады. Тәңірберген ақын үшін сәтті кезең сол айтыстан туған. Оның саңқылдаған ашық даусы, домбырада ойнауы, музыкалық сарыны, тапқырлығы мен батылдығы сайма-сай келіп айтыс үстінде ерекше көрінеді.
Айтыс төрешілері Қарағанды облысының озық көрсеткіштерін еске алып, Семей ақындарының ақындық өнерін, сөз саптаудағы тіл шұрайлығын бағалап, екі облыс ақындарына да бірінші орынды беруді ұйғарды. Тұңғыш рет ең үлкен айтысқа түсіп, Тәңірбергеннің ақындық өнер бәйгесінде тұңғыш бәйгеден келгені де осы жол еді. Міне, осы уақыттан бастап 36 жастағы Тәңірберген айтыс ақыны ретінде мәлім болып, халыққа танылады. Республикалық айтыстағы Тәңірбергеннің өлеңі 1943 жылы ақындар айтысының жинағында басылып шықты.
Семей өңіріндегі айтыс дәстүрі соғыс жылдарымен шектеліп қалған жоқ, одан кейін де, жалғасын тапты. Жеңіс лебі соққан 1945 жылы 9 наурызда Семейде өткен екі күндік айтыс қазақ театрында өте тартысты өтеді. Сол жолы Т.Әміренов Жаңасемей ауданы атынан, Рахымбай Дүйсекеев «Ворошилово» есімді колхоздың атынан сөз сайысына түседі. Екеуі де айтыстағы ерен жүйріктер. «Рахымбай мен Тәңірбергеннің айтысы» «Екпінді» газетінде (1945 ж. 18 март №55) жарияланады.
Жыр дүлдүлі Т. Әміренов 1957 жылы күз айында Ұлы Октябрьдің 40 жылдығына байланысты Семейде өткен айтыста Қалихан Алтынбаевпен айтысқа түседі. Тәңірберген Жаңасемей ауданынан, қарсыласы жас Қалихан Жарма ауданының атынан жыр додасына қатысады.
Сонау қырқыншы жылдардың қырқасында туған «Бақыт», «Аттандым елім егіске», «Қызыл керуен» тәрізді жырлар осындай ізгі мақсаттың жемісі дер едік. «Батырлар туралы жыр» толғауында Ұлы Отан соғысы барысындағы кеңес адамдарының қан майдан мен тылдағы қаһармандық ерлігі мен еңбегі баяндалады.
Айтыс өнерінде шыңдалып, әйгілі болып, елге танылған шабытты ақынның артында әдебиетіміздің озық үлгілерінің қатарынан орын алатын тамаша мұралары қалды.
Т.Әміреновтың өлеңдері, айтыстары мына жинақтарға басылып шықты: «Ақындар айтысы» (1958), «Ақындар шықты айтысқа» (1960), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» 3 — том, 1967 жылы «Жұмбақ тас» өлеңдер жинағы, 1977 жылы «Жол мұраты» атты өлеңдер жинағы шықты.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы өлеңді серік етіп, халық өміріндегі үлкенді – кішілі оқиғаларға өз үнін косып келе жатқан ақын шығармаларының ішінде : «Жұмбақ тас», «Сары атан», «Батыр» дастандары көлемі кіші болғанмен, айтар ойы қомақты. 1973 жылы шыққан «Қанды қанжар» дастаны халық жауларының қолынан каза тапқан Зейіт деген жігіттің ерлігін, азаматтық парасатын дәріптейді. «Батыр» дастаны Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы. Халық алдында сіңірген еңбегі бағаланып «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Жоғары Советтің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әміренов Т. Арнау: (өлең) // Семей таңы.- 1980.- 25 октябрь.
Әміренов Т. Алты асудан асты халқым : (өлең ) // Семей таңы .- 1980.- 8 апрель
Әміренов Т. Жетсін деп жаңа табыс биігіне : (Өлең) // Семей таңы.-1979.-20 октябрь.
Әміренов Т Тарлан талант: ( Ақын Ә. Тәжібаевқа арналған) // Семей таңы. – 1979.- 7 апрель.
Әміренов Т. Жол мұраты: Өлеңдер мен поэмалар. Алматы: Жазушы.-1977.-1366.
Әміренов Т. Әр жылдар ескерткіші: (Бірнеше өлеңдер) // Семей таңы.- 1977.- Іб ноябрь.
Әміренов Т. Жұмбақ тас: Поэма // Семей таңы .-1975 .- 13 , 14 май.
Әміренов Т. Қанды қанжар: (Дастан) // Семей таңы .-1970.- 20 июнь.
Әміренов Т. Кемел ойлы кемеңгер: (Абайға арн.) // Семей таңы,- 1968.- 21 сентябрь.
Әміренов Т. Туған елім // Семей таңы .- 1967.- 26 ноябрь.
Иманжапар, М. Бір суреттің сыры // Ертіс өңірі. – 2009. – 3 маусым. – С. 12