Әдебиет (А-Ә)

02Әбдікәкімов Тыныштықбек

Тыныштықбек Әбдікәкімов 1953 жылы 20 шілдеде бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында туған. 1970 жылы орта мектебі бітірген соң әр түрлі жұмыстарды атқарды. 1989 жылы Семейде ғылыми-әдістемелік орталықта бас редактор болып қызмет етті. 1990-1993 жылдары Абай корық мұражайында ғылыми қызметкер болып қызмет етті. Онан соң Семей педагогикалық институтын 1993 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

1993-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды. Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жазушылар Одағы ұйымдастырған ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Президент стипендиясының иегері Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ақшам хаттар» (1990 ж.), «Ырауан» (2000 ж.) жыр жинақтарының авторы. 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Қас.Сақ. Анқымас» атты философиялық еңбегі шықты. Онда автордың әлем халықтарына ортақ қазақтың ғарышты дүниетанымы туралы сөз болады. Осы негізде өзінше пайымдап, сараптай білуімен оқырманын ойландыра түседі. Қазақ халқы өзін-өзі қалай тану керектігі, қазақ сөзінің құдіреттілігі, алуан қасиеттілігін ақын талмай ізденіп, оны әр қырынан дәлелді түрде баяндайды.

Жазушы Әбіш Кекілбаев ақын туралы былай деп жылы лебізін білдіреді: «Бұл менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім. Ешкімді қайталамайтын, қазақ өлеңдерінде ара-тұра ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына дейін жеткізіп, айдын солға салған аршынды, сонысымен де айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын…»

Әдебиеттер:

Әбдікәкімұлы Т. Күндерде күн аққулар ән салғанда сызылтып: Поэзия // Ақ Ертіс.-2011.-№1.-11-19 б.
Әбдікәкімов Т. Қас сақ аңқымасы: Өзтаным лұғаты.-Астана:Елорда, 2001.-192 6.
Әбдікәкімов Т. Мерей. Қара дала. Жеке қоңыр. Шемен шер: (Өлеңдер) //Егемен Қазақстан.-2002.-25 сәуір.
Әбдікәкімов Т. Ақшам хаттары: Өлеңдер, балладалар, толғаулар.-Алматы: Жалын, 1993.-125 б.
Әбдікәкімов Т. Әуелгі сөз: («Айналайын» атты еңбегінен үзінді) //Абай.- 1998.-58-65 б.
Әбдікәкімов Т. Қызыл: Поэма-памфлет // Семей таңы.-1982.-23 қыркүйек
Әбдікәкімов Т. Сенен, сәулем, серт сұраймын: (Өлең) // Семей таңы.- 1980.-24 июнь.
Ердембеков , Б. Тыныш ақынның тылсымы: (Ақын туралы) // Семей таңы . – 2011. – 23 тамыз. – С. 4

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7