Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Әдебиет (А-Ә)

67Әбдірахманова Тұрсынхан

Тұрсынхан Әбдірахманова (1921-2003) Семей өңірі, Жарма ауданының Бөке руднигінде дүниеге келді. Әке-шешеден ерте қалған болашақ ақын ағасының қолында тәрбиеленді.

Ақынның еңбек жолы 1941 жылдан басталды. Бұл жылдары мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Шар аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Алғашқы өлеңдері 1950 жылдан бастап, жариялана бастады. Тұңғыш жинағы ”Ән”,1959 жылы жарық көрді. Содан бері ”Әннен әнге”, ”Танисыз ба бұларды”, ”Шырқау”, ”Көгершін көңіл”,”Кілт”, ”Мерей”, ”Наз көңіл” атты жинақтары және ”Ақын сыры”, ”Қасым Аманжоловтың поэтикасы” атты монографиялары жарық көрді.

Т.Әбдірахманова аударма саласында да біраз еңбек етті. Оның аударуында Е.Юнганың ”Даңқы өшпес кеме” повесі, М.Стельмахтың ”Адам қаны су емес” романын, А.Маяковскаяның ”В. Маяковскиийдің балалық және жастық шағы” атты әңгімесі, А.С.Макаренконың ”Коммунистік тәрбие туралы” кітабы қазақ тілінде жарық көрді.

1964 жылы ”Ілияс Жансүгіровтің лирикасы” деген тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы ”Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Т.Әбдірахманова көптеген орден, медальдармен марапатталды. 1984 жылы ”Халық жазушысы” атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі бағаланып, 1985 жылы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.

Әдебиеттер:

Әбдірахманқызы Т. Замана сазы: Өлеңдер, әдебиет туралы мақалалар, өмірбаяндық толғам.-Алматы: Ана тілі,2000.-399 б.
Досанов С. Үш өнердің жүгін төрге сүйреген // Ана тілі.-2011.-10-16 қараша.-10 б.
Жағанова Ж. Ерке қызы елінің // Мәдениет.-1992.-желтоқсан.-№22.-8 б.
Халық жазушысына неге халық атынан сөйлемеске? //Қазақ әдебиеті.-2000.-4 ақпан.-12 б.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7