16Ибрагимов Төкен

Белгілі жазушы, сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы «Жаңа несіп» колхозының Кезеңшілік деген жерінде 1939 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Алматыдағы КАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. 1971-1975 жылдары аспирантурада оқиды. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұыстарынан бастады.
1964-1969 жылдары Жданов атындағы сегіз жылдық мектепте тәрбиеші, қазақ тілі мен әдебиет және тарих пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде әдебиет-драма, музыкалық ақпараттар редакциясының редакторы, аға редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы еңбектері студенттік жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарық көрді.
1976 жылдың 12-сәуірінен күні бүгінге дейін Абай қорық мұражайының шырақшысы. 1996 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді, 1998 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайлы зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер өзінің «Өлең өрісі» (1979 ж.), 1999 жылы «Оймен оңаша» атты поэзиясы, «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, «Жаза» операсының либреттосы т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы. «Күй әлемі», «Ән өлкесі» атты кітабы халқымыздың кешегі –бүгінгі ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды. Жазушы «Толқын толғау» деген кітабында ән асылы, күй құдіретін тыңдай білетін жанашыр жанның жан-тебіреніс, толғаныстарын суреттейді.

Әдебиеттер:

Ибрагимов Т. Толқын толғау:Аллитреациялық эсселер.-Алматы: «Өнер», 2000.-360 б.
Ибрагимов Т. Оймен оңаша:Өлеңді сөздер.-Семей баспасы,1999.-209 б.
Ибрагимов Т. Көктем әуендері // Семей таңы.-1986.-26 апрель
Ибрагимов Т. Қос қоңыр: (Ақындар А.Манабаев пен М.Ибраев туралы) // Семей таңы.-2002.-27 қыркүйек.-3 б.
Ибрагимов, Т. Абайдай Темірқазығы бар жұрттың ғұмыры – мәңгілік // Дидар. – 2009. – 14 қазан. – С. 5
Отанның жоғарғы наградасы «Құрмет» орденімен // Ана тілі.-1998.-16 желтоқсан
Сағатбекқызы А. Рухани басшы // Сарыарқа.-1999.-18 ақпан.
Тортаев Қ. Ата махаббаты.-Алматы: Елсана, 1998.-155
Базарбаев, Теміржан. ”Жаза” қалай жазылды ? // Үш анық. – 1999. – ақпан.
Ерсәлімұлы, Б. Ұлылыққа тағзым // Семей таңы. – 1999. – 28 қаңтар.
Мұхаметқалиқызы, А. Төкен Ибрагимов алпыста // Үш анық. – 1999. – ақп.
Көпшікбаева, Ш. Жерлестері Төкенді төрге шығарды // Семей таңы. – 2009. – 18 маусым.

17Ибраев Мерғали

Мерғали Ибраев 1942 жылы 13 маусымда Абай ауданы Қарауыл селосында туған. Орта мектепті бітірген соң, Семейдің педагогикалық институтына түсіп, армия қатарына барып келген сон аудандық газетте бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып жауапты қызметтер атқарды.
Ибраевтың ақындық өнерінің негізі әріде жатыр. Ол – қазақтың ұлы ақыны, әлемдік деңгейдегі ғұламасы, Абай туған топырақтан бастау алғаны болар. Ұлы ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбаймен екшелес Шәкір Әбенов, Тәңірберген Әміренов сияқты зиялы шешендердің рухы болар. Ақынның өз әкесі Жанғали, атасы Ыбырай да дарынды адамдар болған екен. Қаламы ұшқыр жураналист өлеңді ойлы да өрнекті жазатын ақын ретінде де таныла бастайды. Сөйтіп, 1970-1978 жылдары «Леииншіл жас», газетінің Семей, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарады.
1969 жылы Қазақстан жастарының «Жас керуен» атты жинағына енген бір топ өлеңдерінен бастап «Темір тұлпар», «Күміс тау», «Өнегелі өркен», «Құтты қоныс», «Судағы сөуле» атты жинақтары жеке-жеке кітап болып басылып шықты.
Ақынның «Судағы сәуле» өлеңін жазудағы шеберлігі – туған жер, Отан, табиғат, махаббат туралы айта отырып, соның бәрін лирикалық қаһарманның өзіндік сезім шарпуына бөлеп, өз жүрек дүрсілін айта білетіндігі. Ал ел тарихы, өнер тағдыры туралы жазылған шығармаларды көп оқыған ақын «Қалалар мен мамонттар» деген өлеңінде бүгін жоқ болған қаланың кешегі салтанатын асқан көрегендікпен суреттей білді. Адам образын жасау шеберлігі «Мінез» деген өлеңінде айқын көрінеді.
Жақсы сөз жан семіртер демекші ақын туралы көптеген қаламгерлер жылы лебіздерін білдіреді: «Абайға арналған мүшәйраның ішінен өзімізге ұнағаны – Мерғалидың толғауы болды» (Ғ.Мүсірепов, 1971ж.)- «Қалқаман-Мамырдың қабылдануы зор қуаныш. Ал, музыкасын автордың өзі жазуы қуаныштың көкесі» (Ә.Серсенбаев, 1985ж.)
«Мерғали ақын жөне шын ақын» – деп жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, оның ақындық әлемінің тақырыбы сан алуан, өлең дастандары терең мазмұнға құрылған, ақындық шеберлікпен өрнектелуімен оқырманын баурап алады.
Ақын қысқа ғүмырында 40-қа жуық ән мен күйдің авторы. Оның өлеңдеріне жергілікті сазгерлер ән жазып, акын туындыларын ел жүрегіне үялата түсуде.
Әнші, сазгер Т.Рахимов музыкаландырған «Ерке жирен», «Қаламқастың қыздары-ай» әндерін автордың өзінің орындауында тыңдаған тыңдаушы ләззаттанып, шынайы рахатқа бөленеді.
Ақынның ұлттық театр өнерінің дамуына лайықты үлес қосқан драматургтік еңбегі ерекше. Күй атасы Қүрманғазы өмірінен жазылған «Жігер» пьесасы түңғыш драма. Сол секілді «Қалқаман-Мамыр», «Құрманғазы», «Шәкәрім», «Қайырлы таң, әке» секілді драмалық шығармалары Қарағанды, Семей театрларында қойыльш, көрермендердің жоғары бағасын алған.
Табиғатында сегіз қырлы, бір сырлы Мерғали ақынның өмір жолындағы басты қызметі журналистік болып табылады. Жаңалықты жылдам сезгіш, қоғам, заман көшінің алдыңғы сапында болу, өз үлтын сүю, оның болашақ тағдыры, мәдениетін, тілін, рухани байлық, салт-дәстүрін марапаттау оның журналистік туындыларының өзегі. Ақын, журналист әдебиетке сінірген еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Журналистер Одағының сыйлығымен бағаланды.

Әдебиеттер:

Ибраев М. Ағаларым: (Өлеңдер) //Семей таңы.-1999.-24 маусым.
Ибраев М. Кұтты қойнау: (Семей облысы туралы). – Алматы: Жалын, 1986.-86 б.
Ибраев М. Семей көне қала //Семей таңы.-1990.-20 қазан.
Ибраев М. Судағы сәуле: Өлеңдер мен балладалар.-Алматы: Жазушы, 1989. -80 б.
Ибраев М. Өнегелі өрен: (Жыр кітабы).- Алматы: Жазушы, 1985.-88 б.
Ибраев М. Теміртұлпар: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1975.-31 б.
Алтынбаев Қ. Біздің Мекен // Семей таңы.-1992.-11 маусым.
Досаев Т. Қаламына қанат біткен : (Ақынға-50 жыл) // Семей таңы.- 1992.-11 маусым.
Зәмзебай, К. ”Жоғалған өзенді” іздеген жазушының жан азабы не дейді?. // Семей таңы . – 2011. – 19 шілде. – С. 5
Матаев X. Асыл азамат: (Ақынның өмір жолдары туралы) // Семей таңы.-1997.-18 желтоқсан.
Сапаев Ғ. Қаламдас дос еді//Семей таңы.-1997′.-18 желтоқсан.
Ыбыраев М.Ж. (Қазанама) // Семей таңы.-1997.-6 қараша
Мұхаметқалиқызы, А. Ақын – ғұмыр : Ары, жаны еш кіршіксіз таза тым, талантты ер, төрт жанрда жазатын қарымды қаламгер М.Ибраев тірі болса 60 жасқа толар еді… // Семей таңы. – 2002. – 27 қыркүйек. – б. 1
Мұхаметқалиқызы, А. Күмбезді түннің моншағы:Өлең // Семей таңы. – 2003. – 17 қаңтар. – б. 13

15Кемелбаева Айгүл

Қаламгер Айгүл Жолдасбайқызы 1965 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Құндызды ауылында туған. 1982 жылы орта мектепті бітірген.

1984 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің жруналистика факультетіне түсіп, оны 1987 жылы бітірді.

1983 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған байқауда 2-орынды иеленді, нөтижесінде 1986 жылы «Жетінші кұрлыққа саяхат» атты повесі данамен жарық көрді.

1989-94 жылдары Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының негізгі бөлімінде оқыды.

1998 жылы Жастар және Журналистер Одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығын иеленді.

2000 жылы Жастардың Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері болды.

2001 жылы қараша айында еткен жас ақын жазушылардың республикалық кеңесінде жазушы Д.Әшімханұлы былай деген еді: «Айгүл Кемелбаева әдебиетке 1980-жылдарда келді. Баспасезде жаряланған шығармаларымен-ақ Айгүл көпшілікке кең танылған және сирек кездесетін талант ретінде бағаланған жазушы. Қазақ әдебиеті газетінде «Қоңыр қаз», «Ғибадат» атты екі әнгімесі қандай жазушы екендігін танытты».

Төуелсіздіктің он жылдығы қарсаңында ҚР-сы Премъер-министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың басшылығымен Айгүлдің «Тобылғысай» атты кітабы жарық көрді.
Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жастар одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері А.Кемелбаева «Абай» журналында қызмет етеді.

Әдебиеттер:

Кемелбаева А. Жетінші құрлыққа саяхат: Повестъ.-Алматы: «Жалын»,1986
Кемелбаева А. Әңгімелер мен повестер: Жинақ.-Алматы:Жібек жолы, 1997.
Кемелбаева А. Мұхтар Әуезов әңгіме жанрында //Абай.-2001.- 38-40 б.
Кемелбаева А. Оймақтай әңгімелер туралы //Қазақ әдебиеті.-2001.-20 сәуір.-б б.
КемелбаеваА. Әуезов және Фолькнер: Эссе//Дидар.-2001.-7 тамыз.-З б.
Кемелбаева А. Мұнара: Роман. -Алматы. 2003.-1496.
КемелбаеваА. Сөзі түзелген жұрттың өзі де түзеледі: //Абай.-2002.-И1.-Б.41-43
Кемелбаева А. Мағжанныц прозасы: (Жазушының «Шұғаның белгісі» атты әңгімесі туралы) //Абай.-2002.-И1.- Б.57-61.
Қабдолов А. Талғампаз талант //Үш анық. -2001.-16 сәуір.- б. 6.
Абдолла, А. Талғампаз талант: [1990-жылдардағы прозаның көрнекті өкілдерінің бірі Айгүл Кемелбаеваның шығармашылығы жайлы толғаныс] / А. Абдолла // Үш анық. – 2001. – 16 сәуір.

20Көбдіков Төлеу

Кемеңгер Абайдың дидарын көріп, аузынан ұлағатты сөз етіп, қолынан дәм татқан адамдардың бірі – халық ақыны, Жазушылар Одағының мүшесі Төлеу Көбдіков 1874 жылы 15 наурызда бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің Дағанды болысында туды. Әкесі Көбдік кедей шаруа, шешесі ақын болды. Нағашысы атақты ақын Сабырбайдың қиыннан қисындыратын тапқырлығы, шешесі Қуандықтың ақындығы арқасында кезінде Абай көріп, одан үлкен әсер алды. Шешендігі, пысықтығы арқасында жасында біраз жыл ел басқарды. Жаңа заманды ақын шын жүрекпен тебірене қарсы алды. Өлеңдері Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана бағаланып, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде жариялана бастады. 1948 жылы «Алып күшті Отаным», 1953 жылы «Өмір жыры», 1955 жылы «Өлеңдер» атты жинағы басылып шықты.
Ақынның ең дарынын танытқан «1916 жыл» атты тарихи толғауы. Оның шығу тарихы мынадай: Азамат соғысы кезінде балаларын майданға жібермеу үшін халықтың бір тобы Қытай асып кетпекші болады. Сонда Төлеу атамыз осы өлеңі арқылы туған жер топырағының, туған елдің қасиетін сипаттап, халқын босатыпты.
Коллективтендірудің асыра сілтеу саясаты Төлеу ақынның да өміріне ащы зардабын тигізіпті. Содан 1938 жылы академиядан «1916жыл» жинағы шығарылған соң жоғарыдағы көркем толғаудың авторына іздеу салынады. Ақырында Абайдың інісі Әрхам Ысқақов Барнауыл түбінен іздеп тауып, елге көшіріп әкеледі. Ақынның Шұбартауға бармай, жолда Шарда қалып қоюына бір себеп Құлжабек есімді баласы Шарда дүние салған. Сүйікті тұңғышының мәңгілік орнынан қашықтамауды қалаған.
1922-1941 жыл аралығында ақын шығармашылығындағы толас кезең осымен түсіндіріледі. Шарға көшіп келіп орныққан соң ақынның өлең-жырлары облыстық «Екпінді» газетінде жиі жариялана бастайды. Зая кеткен жылдарының қарымтасын қайтарған іспетті.
Төлеу Көбдіковтің көзі тірісінде үш өлеңдер жинағы шықты. Ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы Мұрат Төлеуов әкесінің «Жырларым» атты төртінші өлеңдер жинағын бастырып шығарды. 1954 жылы ақынға «Қазақстанның халық ақыны» деген атақ берілді.
Төлеу Көбдіков 1954 жылы 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Шар қаласының бір көшесі, орта мектеп ақын атымен аталды. 62-ші мектепте атамызға арналған мұражай бар. Ақынның зираты жаңартылып, мемлекеттік қорғауға алынды. Ұрпақтары Шар қаласында тұрады.

Әдебиеттер:

Көбдіков Т. Жырларым: Таңдамалы өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1975. – 207б.
Азизова, М. Жыр дүлдүлі // Дидар. – 1999. – 1 желт.
Ақын тойы атап өтілді // Ертіс өңірі. – 2004. – 15 сәуір. – С. 3
Ақышұлы Ш. Шарлықтар шарапаты // Ертіс өңірі. – 2005. – 16 маусым. – С. 27
Алтаев К. Төлеу ақынның өлеңдері // Семей таңы. – 1975. – 24 мамыр
Иманжапар , М. Бір суреттің сыры // Ертіс өңірі. – 2009. – 3 маусым. – С. 12
Кашаку, Гүлжан. Төлеу Көбдіковтің елінде…// Мәдениет жаршысы. – 2011. – № 8. – С. 4-8
Құлжанбеков Е. Біз Төлеудің ұрпағымыз // Семей таңы. – 1999. – 10 маусым.
Тұғанбай К.А. Абайдың алдын көрген батагөйім // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.
Жұмақанов Б. Осыдан елу жыл бұрын// Семей таңы.- 1974.- 7 июнь
Сәрсекеев М. Ел ардагері // Семей таңы.-1974.- 7 июнь
Тұраров М. Ақынға деген ілтипат // Семей таңы.- 1974.- 8 июнь
Төкенқызы , Ү. Халық ақынын еске алды // Семей таңы. – 2009. – 30 сәуір. – С. 12

03Ахат Құдайбердиев

Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев 1900 жылы қазіргі Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстауда) дүниеге келген. Жас кезінен бастап өте зерек болған. Ахат әкесі Шәкәрімнің өлеңдерінің көпшілігін жатқа білетін еді. 1922 жылы Семей қаласындағы совпедтехникумға оқуға түсіп, оны 1927 жылы бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. 1930 жылы асыра сілтеу кезінде Кеңес өкіметінің белсенділері «ауыл шаруашылығы өнімдерінің салығын төлемедің» дегенді сылтау етіп Ахатты соттатып жібереді. Оның екі жылын Семей түрмесінде өтеп, қалған үш жылын Шымкент облысына жер аударылады. Ахаң өзі 1934-1936 жылға дейін Шымкент қаласындағы қазақ орта мектебінде оқытушы болып істейді.
Алайда Ахат аға «халық жауы» арамызда жүр деген көрсетіндімен, 1937 жылы он жылға сотталып, Тайгаға жер аударылады. Тайгада жүріп «Тайга» деп аталатын өлең жазды:

«Қоштастым ардақтаған елім мекен,
Арынды өзен, шалқыған көлім мекен.
Кір жуып, кіндік кескен жерім мекен.
Туған жер, қайта айналып келер ме екем,
Елімді ардақтаған көрер ме екем?!
Қан жұтып зарлауменен, сағынумен,
Айдауда демім бітіп өлер ме екем?»

Түрмеде Ахаңменен бірге отырған заңға жетік адамдар ақыл-кеңес беріп, жоғарыға арыз жаз деп, жаздырып, соның нәтижесінде түрмеден 2,5 жыл бұрын ақталып шығады. 1939 жылы айдаудан босанып, Алматы облысының, Іле, Алматы аудандарының колхоздарындағы Тастақ селосындағы мектептерде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып ұстаздық қызметтер атқарады.
1941 жылы Ол кісі панасыз қалған балалар үйіне қызметке жіберілді. Балаларды тәрбиелеудегі еңбегі бағаланып, мемлекеттік наградалар алған. Алайда қудалау тоқтаусыз жүргізіліп отырған. Ахат аға елге 1968 жылы біржола көшіп келді. Содан 1976 жылға Жидебайдағы ұлы ақын мұражайының шырақшысы болды.
1976 жылдан 1978 жылға дейін Семей қаласындағы Абай музейінің ғылыми қызметкері болып қызмет атқарды. Ол жылдары әйелі Кәделі Алматыда қайтыс болып, Семей қаласының тұрғыны Бәтима Жәкенова шешемізбен жаңа отбасын құрған еді. Бәтима шешеміз 16 жыл Ахат ағамен сыйласып, тату-тәтті тұрмыс құрып, ақсақалын өз қолымен о дүниеге аттандырды.
Ахат Құдайбердиевтің Фзули деген ұл баласы (Икенің қызы Кәделіден туған) 1983 жылға дейін орыс қызымен тұрмыс құрып, Ресейде тұрып, дүние салады. Сол қыстың аяғында қаза болған ұлын жерлеуге қызы Сарамен барып, қайтып келе жатқанда Қостанай қаласының аэропортында мұзға тайып жығылып, жамбас сүйегі сынып, мертігіп, емханаға түседі. 20 ғасырдың басында дүниеге келген Ахат Құдайбердиев, содан ауырып, 1984 жылы июнь айында 84 жасында дүние салады. Сүйегі әкесі Шәкәрімді өзі қойған Жидебайдағы Абай зиратының жанына, әкесінің қасына жерленеді.
Адал еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы», «Еңбек ардагері» медальдарымен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ахат Құдайбердиевтің қоғамдық және шығармашылық жұмыстары
Өз алдындағы ұлыларға еліктеу, айтқандарын өз өмірінде жүзеге асыру, осы өткізген он тоғыз жасына есеп беруі, қандай қателіктер жібергендігін ой толғамына салып аңғару, жақсы мен жаманды ажырата білу, келешек өміріне зор мақсаттар қою… Бұл – Абай мектебі. Ұлылар ұлағатының өміршеңдігін жалғастыру мектебі.
Міне, осы мектептен ерте сусындаған, жасынан бойына нәрін сіңірген Ахат аға ұзақ жылғы ғұмырында бұл мектеп үлгісінен бір тайған емес. Оның ең бірінші дәлелі, сол 22-27 жасында Семей қаласында мұғалімдер даярлайтын педтехникумдағы оқуын тәмамдай жүріп, ақындық шеберлігін ұштау мақсатында бірнеше өлеңдер жазуы, ол өлеңдеріне музыкалы әуендер шығарып, сазгерлік өнерге ден қоюы еді.
Ахат Құдайбердиевтің «Арың қымбат», «Жалын мен оттан жаралған», «Өшпес жарық», «Сайра тілім», «Құлпырған жасыл гүл көрсе», «Ардақты жер» атты өлеңдері халық ақындарының жинағы «Шұғыла» кітабында және Т. Бекқожинаның «Қазына» кітабында 11 әні нотасымен жарияланған. Мұның ішінде ақынның жүрегін жарып шыққан «Жас қайың», «Бүгінгі жастардың сөзі», «Сенсіз жүремін қалай», «Кестелі орамал», «Сұрашы, тілейме соғысты», «Жас ұлан тілегі», «Ардақты жер», «Шыңғысты сағынамын» атты өлеңдері «Пушкин және Абай» атты 500 жолдық поэмасы мен әкесі Шәкәрімнің айтуы бойынша үлкен атасы Құнанбайдың өмірінен алып жазған 200 бетке жуық публицистикалық қолжазбасы бар. Ахаттың қай өлеңін алсақ та, онда үлкен философиялық ой, өмір шындығы жатады. Ахат Шәкәрімұлының Семей қаласында түрмеде отырғанда «Аштық азабы», «Қарт өлімі» өлеңдерін жазған. Ахат аға алғаш айдаудан кейін де, бірнеше дүркін қуғын-сүргін көреді. «Халық жауының» баласы деген жалған күйелерді басынан кешіре жүріп, әке мұрасын қапшыққа салып арқалап, жиған-терген. Әке мұрасын жоғалтпаудың, оны ақтап шығып, халық игілігіне жеткізуді ойлаған. Ол өз қолымен жаңаша-кирилица әрпімен бірнеше дана етіп көшіріп,оны сенімді адамдардың қолдарына, архивтерге өткізіп отырған.
Әкесі Шәкәрім өз бетінше көз ізденіп, әйгілі төл туындыларынан тыс араб, парсы, орыс әдебиетінің асыл үлгілерін де қазақшаға аударып, әдебиетімізге үлкен үлес қосты, алайда осы шығармаларының жарық көрмегендері кезінде қолды болып кеткен еді. Сол себепті бұлардың бас-аяғын құрап, жинақтап, түгендеген ақынның баласы Ахат болды. Ол Шәкәрімнің сан алуан өлеңдері мен дастандарын, прозасы мен аудармаларын тірнектеп жинап, өз білетіндерін қолдан көшіріп, орталықтағы кітапханаларға тапсырды.
Ақынның 1988 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген көлемді жинағын құрастыруға да белсене қатысты. Бұл орайда Ахаттың тағы бір елеулі еңбегі: әкесінің көптеген өлеңдерінің қай жылдары, қандай жағдайда жазылғанын дәл анықтап бергені болатын. Бұл ақынның көзқарас танымы мен ой-өрісінің қалыптасу кезеңдерін ашып тану үшін ғылымға аса қажетті екені мәлім. Бұдан тыс ол кісі Шәкәрім өміріне тікелей сәуле түсіретін мәні зор оқиғалардың өзінің «Шәкәрім жайындағы естеліктер» атты қолжазбасына енгізіп, үзінділерін жариялап кетті. Мұнда Шәкәрімнің шығармашылық өмірінің аса мәнді қырлары мен адамгершілік биік тұлғасы әсерлі де ұтымды баяндалған.
Шәкәрімнің ән мұрасын жас кезінен жаттап айтып, кейінгі ұрпаққа жеткізеді. 1966 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының музыка бөліміне және Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының фольклор кабинетіне Шәкәрім әндерін магнит таспасына жаздырып, нотаға түсіртеді.
Ахат ақасақал Шәкәрімнің 21 жасында «Жастық», «Кәрілік» деген тақырыптарда өлең жазып, оған ән шығарғанын айтып кеткен. «Жастық» әні мынадай жағдайда туған. Семейге келіп, бір айдай жатып, скрипка тартуды бұрынғыдан да жақсы үйренген Шәкәрім енді елге бет алмай ма, қасында жасы өзінен үш-төрт жас кіші Ақылбай болыпты. Екеуі Семейден ерте шығып, қаладан шыға берісіндегі белеске келіп отырады. Семейден қоңыраудың, барабанның айғай-шуы сияқты неше түрлі дыбыстар естіліп тұрады. Ақын жанындағы Ақылбайға: «Мына естіліп тұрған дыбыстардан, мына көктемнің ғажап көрінісінен бір ән менің ойыма оралып тұр» – дейді. Содан скрипкасын алып, аулақ барып отырады. «Жастық» әні осылайша өмірге келіпті.
Ахат ақын ретінде кеңінен танымал, көп өлеңдері баспа бетін көрген. Семей өңірінде өткізген соңғы 15 жыл ішінде Шәкәрімнің өмірін, шығармаларын, әндерін кеңінен насихаттап, 1984 жылы дүниеден өтеді.

Әдебиеттер:

Ахметжанов А. Шәкәрім әндері нотаға қалай түсті// Абай.- 1994.- №9.- б.47-57
Ахметжанов А. Рухани жол .- Өскемен, 2008.- 289 б.
Ахат Шәкәрімұлы Қажылық сапары// Абай.- 1994, №9.- б.36
Ахат Шәкәрімұлы Аштық азабы// АБАЙ.- 1994.- №9.- Б.69-80
Сарғожин Р. Тұлпардың тұяғы: А.Құдайбердиевтің туғанына 90 жыл толуына// Семей таңы.- 1990.- 29 қараша.- б.3
Құдайбердиев А. Әкемнің шығармалары жайында // Шәкәрімтану мәселелері т1.-Алматы: «Раритет», 2007.- б.235-236
Құдайбердиев А. Менің әкем халық ұлы – Шәкәрім // Шәкәрімтану мәселелері.-Алматы: «Раритет», 2007. т.1.- б.145-235
Жармұхамедұлы М. Әке аманатын ақтаған// Шәкәрімтану мәселелері т.2.- .-Алматы: «Раритет», 2007. б.116-126
Ахат ағайдың хаттары : фил. Ғылым. Док. Өтеген Күмісбаевқа// Қазақ әдебиеті.- 2010.- 24 қаңтар.- б.7
Ахат Құдайбердіұлы Тарихи тартыс беттері : өлеңдер// Абай.- 1992.- №4.- б.82-86
Ахметжанов А. Ахат аға //Семей таңы.- 2000.- 28 шілде.
Досаев Т. Асылдың сынығы ( А. Құдайбердиевтің туғанына 100 жыл)// Семей таңы.- 2000.- 7 шілде

Лекеров Асқар

Асқар Лекеров 1912 жылы бүрынғы Семей облысы Аякөз ауданындағы Коммунар колхозында кедей шаруаның семьясында туған. Әдебиет саласына 30-жылдардың орта шенінен келді. Коммунистік журналистика институтында оқып білім алған соң, Социалистік Қазақстан газетінде, Әдебиет және искусство журналында қызмет істеді. Ол Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Отанын қорғауға қатысты. Майданда жүріп «Отан туралы», «Досым сөзі», «Кестелі орамал», «Жалғыз оқ « т.б. очерктер жазып жауынгерлердің рухын көтерді.

Асқар тым жас күнінде-ақ Лениншіл жас және т.б. газеттерде мақалалары мен өлеңдерін жариялап жүрді. Ол 1953 жылы Москвадағы жоғары партия мектебін бітіріп шыққан соң, Жүлдыз журналының редакторының орынбасары болып тағайындалады, ал 1955 жылы Мемлекеттік көркем әдебиет баспасына аға редакторлық қызметке ауысады. Көзі тірісінде оның «Достар «атты өлеңдер жинағы, «Сөнбейтін жұлдыздар», «Гауһар», «Түз гүлі», «Өмір оты» атты кітаптары жарық көрді.

Қорыта айтқанда, жазушының қаламын ұштаған: қилы-қилы өмір өткелдері, халықтың басына түскен сын сағаттар, алуан түрлі жылдар мен жолдар торабы, осылардың ізі оның шығармаларында қалды.

Әдебиеттер:

Лекеров А. Алуа.-Алматы: Жазушы, 1979.-134 б.
Лекеров А. Қырдағы ән.-Алматы: Қазмемкөркемәдбас, 1962.-100 б.
Лекеров А. Ой көзімен.-Алматы: Қазақстан, 1965.-216 б
Лекеров А. Өмір оты.-Алматы: 1969.-140 б.
Лекеров А. Сөнбейтін жұлдыздар.- Алматы: Жалын, 1980.-201 б.

22Мағауин Мұхтар

Жазушы, әдебиет зерттеуші Мағауин Мұхтар Мұқанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданының Баршатас селосында 1940 жылы ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келді.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке жакын болды. Бала Мұхтар халық ауыз әдебиетінің озық үлтілерін жаттап өсті. Ауыл қарияларының көкірек қоймаларын ашқызып, жүрегіне тоқи білді. Орта мектепті бітірер жылы мектеп пен ауыл кітапханасында ол оқымаған кітап қалмағанын жерлестері әңгімелеп отырады екен, Ұлы жерлестері, үлгі тұтар ағалары Абай мен Әуезов табынған сөз өнері Мағауинді 1962 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне алып келсе, 1965 жылы қазақ өдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. Сөйтіп алғыр жігіт ғылым жолына түсті. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында, Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында, ҚазПи-де жұмыс істеді.
Мұхтардың көркем прозадағы тырнақ алды жинағы – «Ақша қар». (1969 ж.) мен «Бір атаның балалары» (1974 ж.) кітаптарымен көпшіліктің танымал жазушысына айналады. Осы кітаптарында ол адам жанының нәзік сырларын кейіпкерлердің өзіне аштырып, өмірді қолдан жасамауға, ойдан жокты бар етуге жаны қас, байыпты қаламгер келе жатқанын паш етті. Жинаққа кірген «Тазының өлімі» (1969), «Қара қыз» (1970) «Көк мұнар» романы (1971), т.б, жарияланды.
Мұхтар Мағауин прозасының дені – бүгінгі күн тақырыбы, кемелденген социализм дәуіріндегі озығымыз, құрметімізді дәріптеп, аяққа оратылған тозығымызды сынайды. Жазушының адам жанына терең бойлауының нәтижесінде, өмірді білу, адамдар арасындағы байланыстарды шеше білуі арқасында кейіпкерлерін бір-бірімен шатастырмайды. Қазы («Тазының өлімі»), «Көк мұнардағы» Кенжек, Едіге,Гүлшат, «Бір атаның балаларындағы» Ахмет қария, «Әйел махаббатындағы» Зия, «Қарақыздағы» Айгүл т.б. бейнелері жазушының суреткерлік биік мұратты заман ақиқатын ұлттық қасиет, ұлттық мінез диалектикасына ұштастыра алатындығының жарқын көрінісі.
1984 жылғы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымының докторы, жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде көп еңбек сіңірумен қатар бірнеше көркем туындылардың авторы. Ол жазған «Қобыз сарыны» монографиясы (1968) және «Алдаспан» антологиясы (1970) көне дөуірдегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге қосылған бағалы еңбектер. М. Мағауиннің 1984 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Аласапыран» атты тарихи диалогиясында қазақ жөне орыс халыктарының арасындағы достық қарым-қатынас арқау болады.
Жазушы бұл шығармасын жазуда тарихи көп жерлерді аралағанын айтады. «Москвадағы Кремльді көп зерттедім. Патша Сарайының іші-сыртын жөне ондағы жиһаздарды суреттеуге де біраз еңбек сіңіруге тура келді. Жалпы осы еңбекті жазу үшін жүзден астам еңбектерді пайдаландым»,- деп жазады. Шығарма тікелей қазақ өмірінің шындығын бейнелейтіндіктен, Мағауин ХҮI-ХVII ғасырдағы халықтың тұрмысы, салт-санасы, әдет-ғүрпы, қару-жарақ, құрал-саймандарына дейін дәлдікті сақтауға тырысқан. Жазушының шығармалары ТМД және шет ел тілдеріне аударылған.

Әдебиеттер:

Әдебиет, өнер және архитектура саласындағы 1984 жылғы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Қаз.КП Орт. Комитетінің және Қазақ ССР Мин.Сов. қаулысы // Социалистік Қазақстан.-1984.-27 декабрь.
Бекбосынов М. Қос қайраткер қаламгер: (М. Мағауин мен Қ.Жұмаділов туралы) //Семей таңы.-2003.- 2 сәуір.-5 6.
Жанпейіс, Н. Заманалар жүгін көтерген туынды // Қазақ әдебиеті. – 2010. – 14 мамыр. 7 б
Мағауин М. Аласапыран.Тарихи роман.1-кітап.-Алматы:Жалын,1981.- 384 б.; 2 кітап, 1983.-456 б.
Мағауин М. Бір атаның балалары: Повестер және роман.-Алматы: Жазушы,1980.-318 б.
Мағауин М.Зұлымдық шежіресі // Жұлдыз.-2001.-№2.-106 6.
Мағауин М. Тамыздан соңғы әңгімелер // Жұлдыз.-2001.-№2.-106 б.
Мағауии М. Құрметті академик // Ертіс өңірі.-2005.-7 сөуір.-2 б.
Мағауин Мұхтар Бір өзі бір академия : алаштың алдаспаны // Ертіс өңірі. – 2010. – 10 ақпан. – б. 1,10-12
Мағауин, Мұхтар (Халық жазушысы). Түркі жұртының қара шаңырағы – бізбіз // Дидар. – 2010. – 1 ақпан. – С. 5
Жолдасбайұлы С. Шыңғыс ханда шарапат бар ма?// Ана тілі.-2002.- 6 маусым.-4-5 б.
Сейсенұлы, Дәулет. Мұхаңның ”Шыңғыс ханы” жарыққа шықты [Текст] / Д. Сейсенұлы // Семей таңы . – 2012. – 10 қаңтар. – С. 8

Манабаев Ақылбек

Семейлік ақындар ортасында Ақылбек Манабаев толғаныс, тебіренісі майда, ырғақты, нәзіктікпен, жұмсақтықпен тіл қатып, сырласар сипатымен ерекшеленеді.
Ақынның «Жазира», «Самал сазы», «Мәуелі бәйтерек», балаларға арналған «Алтын мен көпір», «Тау тескен» атты кітаптары өзі барда жарық көрді.
«Анама хат», «Жүрек сөйлейді» кітаптары кайтыс болғаннан кейін жан жарының араласуымен жарыққа шықты. Ақын көпшілік өлеңдерінде нақыштың нәзіктігіне, сүйріктігіне сүйінгіш, солардан сыр түйген каламгер. Өлеңдерінде табиғат тамашалары кең орын алған.
Сонымен қатар, өзінің тұстастарына қарағанда қазақ тілінің өзіне тән поэтикалық-этнографиялық сөздік қоры бай ақын. Ежелгі ізгі дәстүрде де орынды ұстанады. Көп жастардың аузына түсе бермейтін тұрмыс-салтта қалыптасқан бұйымдар мен заттық теңеу, баламалары жиі қолданады. «Самал сазы» атты жинағына кірген екі баллада аңызға құралған.
1989 жылы шыққан ақынның «Жүрек сөйлейді» деген кітабынан негізінен ең таңдаулы өлеңдері мен балладалары, «Чили балалары» атты поэмасы енді. Өміршең де өрелі өлең жолдарынан ақын жанының тынысы, жүрек дүрсілі анық аңғарылады.

Әдебиеттер:

Манабаев А. Жүрек сөйлейді: Өлеңдер, балладалар, поэма.-Алматы: Жазушы, 1989. -128 б.
Манабаев А. Өзімді армансыз жан санар едім, жүрсе егер өлеңім жұрт аузында // Семей таңы.-1985.-15 август
Манабаев А. Бабам туралы. Әкем атпады. Менің толғауым. Ұлдарыма ұқтырам Өлеңдер) // Семей таңы.-1983.-30 июнь.
Манабаев А. Ардагерлер // Семей таңы.-1981.-5 декабрь.
Манабаев А. Домбыра туралы баллада//Семей таңы.-1980.-9май.
Манабаев А.Ағаның ақ, таяғы: Өлең // Семей таңы.-1977.-30 март.
Манабаев А. Айтылмаған сырлардан. Жүрегімнің іңкәрлары // Семей таңы.-197б.-31 март.
Манабаев А. Аралайық қырқаны. Алгашқы жаңбыр. Көбелек, Тырналар // Семей таңы.-197б.- 27 апрель.
Ахметбекова А. Жырынан самалдай саз төгілткен// Семей таңы.-1999.- 24 маусым.
Ахметбекова Айтқаным Ақын рухымен сырласты // Семей таңы. – 2004. – 5 қараша. – С. 12
Елеугожин Б. Тұсау кесер туынды // Семей таңы.-1975.-27 февраль
Ибрагимов Т. «Ссшал сазы» // Совхоз туы.-1979.-15 июнъ.
Манабаева Р. Ақылым-асылым өзі// Семей таңы.-1994.-8 қараша.
Сапаев Ғ. Арман қуған азамат еді // Семей таңы.-1999.-23 желтоқсан.
Айтқаным Ақын рухымен сырласты [Текст] / Айтқаным // Семей таңы. – 2004. – 5 қараша. – б. 12

23Машақов Сәду

Сәдуақас Машақов бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында 1906 жылы 27 қарашада дүниеге келді.

1952 жылы Семей педагогика институтының фиолология факультетін бітірді. Көрнекті ақын, аудармашы, журналист Сәду Машақов 1906 жылы Семей облысының Жаңасемей ауданында туған. Жасынан сөз өнеріне деген сүйіспеншілігімен Семейдегі «Қазақ тілі» («Семей таңы») газетінің редакциясына жұмысқа тұрады. Қазақтың белгілі ақыны Сәбит Дөнентаевтың батасын алған қаламгер.

1932 жылы оның тырнақалды өлеңдер жинағы ”Колхоз жыры», «Балға жыры», «Жылдар және жолдар», «Кезеңдер», «Жылдарым менің» және басқа да кітаптары жарық көрді.

Көркем аударма саласында да С. Машақов жемісті еңбек етті. Ол орыс, татар, башқұрт, украин ақындары мен жазушыларының бірқатар шығармаларын аударды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, майдандық газеттің редакторы, соғыста саяси жағынан аға нұсқаушы болып қызметтер атқарды.

Жазушы шығармаларының да дені майдан тақырыбына арналды. Атап айтқанда, ”Майданда1”, ”Мәншүк”, ”Жауынгер сөзі”, ”Шайқас”, ”Екі дос”, ”Бір сағат” т.б.

Жазушының басқа да шығармалары қоғам өміріндегі өзгерістер, жаңалықтар, халықтар достығы, адамгершілік т б. тақырыптарына арналды.

Әдебиеттер:

Әбілов Д. Ақын Сәду Машақовтың туғанына 90 жыл // Қазақ әдебиеті.-1997.-3 желтоқсан.-12 б.
Жоламанова П. Замана шындығын жырлаған // Семей таңы.-1996.-36 қараша.
Машақов С. Менің әдебиетке келу жолдарым // Семей таңы.-1996.-26 қараша.
Мағауина З. Ақындар ағасы // Семей таңы. – 2006. – 14 желтоқсан. – С. 2
Сәду ақын [Текст] / Қ. Мұхамедханов, Асылжан П. // Семей таңы. – 2006. – 7 желтоқсан. – С. 3. – Алпыс бес жыл қалам
Оспанов Н. Ақындар ағысы // Семей таңы.-1996.-26 қараша.
Орда, Гүлжаһан (ф.ғ.к.) Машақов поэзиясының терең тамыры: сөз өнері дертпен тең // Ақиқат. – 2010. – № 12. – С. 54-57 :

07Мұхаметқалиқызы Алмахан

Ақын бұрынғы Мақаншы ауданы, Жарбұлақ селосының тумасы (1962). Көп балалы қарапайым отбасында туған болашақ ақын жасынан ән-жыр десе ішкен асын жерге қоятын зерек бала болып өсті. Әдебиетке деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталды. Онда өтетін ойын-сауықтың Алмахансыз сәні кірмейтін. Сөз өнері нағашы атасы Саяхметтен дарыған көрінеді. Мектеп қабырғасында жүргенде жазған өлеңдері республикалық басылымдарда 1976-1979 жылдары «Балдырған», «Қазақстан пионерінде» жарияланып тұрды. Ақынның ең бірінші халыққа танылуы 1979 жылдан басталды.

Дәстүрлі байқауға байланысты сол жылы үлкендер арасында аудандық айтыста бірінші орынды жеңіп алып, Жарбұлақ совхозының бетке ұстар ең жас ақыны атанды. Кейіннен Семейге келіп әдебиет сүйер қауыммен танысып, өзінің жазба ақын екенін мойындады. Сөйтіп өнердің ең қиын жолын таңдады. Ақын жырлары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жиі жариялана бастады.

1991 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын пединститутының тіл-әдебиет бөлімін ойдағыдай аяқтап, содан бері Абай қорық мүражайында ғылыми қызметкер болып Абай мұраларын зерттеуде. 1999 жылы полигон тақырыбына байланысты Семей таңы газетіне 140 шумақтан тұратын «Құрсақсыз ана» деген жан тебірентерлік поэмасы шықты.

1999 жылы Өскемен қаласында өткізілген жазба ақындар мүшайрасында 1 -жүлделі орынды жеңіп алды. 1999 жылы «Жансая» атты тұңғыш жыр жинағы шықты. 2002 жылы «Жыр-ғұмыр» атты екінші жинағы басылып шықты. Болашақта ақынның «Тылсым сыры» атты көлемді жинағы жарыққа шықпақ. «Абай әлемі» атты телехабарды ұйымдастырушы.

Ақын 2002 жылдың 3 қазан айында марқұм М.Ибраевтың 60 жылдығына орай өткізілген облыстық мүшайрада 1-орынды жеңіп алды.

Әдебиеттер:

Мұхаметқалиқызы А. Тұсау кесер жырлар //Семей таңы.-1988. 15 қазан.
Мұқаметқалиқызы А. Қардай сезімнің сәттілігі: (Өлең) //Үш анық.- 1993.-3 қаңтар.
Мұхаметқалиқызы А. Құрсақсыз ана: Поэма // Семей таңы.-1999.-9 қыркүйек.-10 б.
Ақындар ақиқаттың алдаспаны //Ертіс өңірі.-2005.-7 шілде.-12 6.
Мұхаметқалиқызы А. «Куанбаңдар жастыкқа» //Семей таңы.-2001 .-9 қараша.-З б.
Мұхаметқалиқызы А. «Вадим» поэмасы //Семей таңы.-2001.-24 тамыз.
Мұхаметқалиқызы А. «Осы қымыз қазаққа»… //Семей таңы.-2001.-12 қазан.-ІІ б.
Мұхаметқалиқызы А. Абай өлеңдерінің мерейтойы: (Ақынның бес өлеңіне 100 жыл) //Семей таңы.-2001.-19 тамыз.
Мұхаметқалиқызы А. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» //Семей таңы.- 2002.-6 қыркүйек.-З б.
Мұхаметкалиқызы А. Абай жүрегінің теңізі :(Абайдың туғанына 157 жыл толуына орай) //Семей таңы.-2002.-9 қыркүйек.-І б.

11Мұсаұлы Ырысхан

Қаламгер Ырысхан Мүсаұлы Абай ауданының Құндызды ауылында 1933 жылы дүниеге келген. Он жылдық білім алғаннан кейін 1953-58 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистік факультетінде білім алған. Сол студенттік қызықты шақтық өзінде «Ағасұлтан» деген роман жазуға кірісіпті.
Ырысхан Мұсаүлы еңбек жолын 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде бастайды. Онда бірнеше әңгіме, очерктер жазды. 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетіне ауысып, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Сонда қызмет ете жүріп Мәскеудегі Жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі. Сол кезде жүріп те жазады. Оны бітірген соң Маңғыстау облысына қызметке жіберіледі. «Коммунистік жол» деген газеттің іргетасын қалайды. Баспасөзде істеген жылдары жер-жерді аралап, мақала, очерктерді көп жазды.
1977 жылы Семейге қайтып, «Семей таңы» газетіне бас редактор қызметіне кіріседі. Бас редакторлық қызметте жүріп Семей сынды рухани орталықтың рухын көтеріп, халықтың санасын, болмыс-келбетін көтеруде айтарлықтай еңбек сіңірді.
Көп жылдардан кейін 1992 жылы республикалық «Абай» журналына бас редактор болып тағайындалады. 1
994 жылғы сандарында «Ағасұлтан» романының бір бөлімі жарық көрді. Мұнда XIX ғасырдың орта шеніндегі Қарқаралы дуанында болған қат-қабат оқиғалар суреттеледі. Мұнда оқырмандар Құнанбай, Алшынбай, Тәттімбет, Мұсалармен кезедеседі. Ырысхан Мұсаүлы «Құрмет орденінің», «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» атағының иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Қасиетті Шыңғыстау топырағынан өніп шыққан жазушы Ырысхан Мұсаұлының шығармашылығындағы негізгі тақырып – XX ғасырдағы қазақ халқының тағдыры.
2000 жылы жазушының жарық көрген қос томдық прозалық кітаптары этнографиясы мен тілінің байлығы жағынан оқырмандарға үлкен рухани күш берері сөзсіз.
Бірінші кітаптағы «Ағасүлтан» романы тарихи деректерге негізделген. Мұнда Құнанбай қажының күрделі бейнесі берілген. Жазушының соңғы үш томына «Саға» трилогиясы енген. Бұл еңбектерінде Кеңес дәуірінің XX ғасырдағы келбетін көрсетеді.
«Саға» трилогиясының үш бөлімі – «Бейуақ», «Құлқынсәрі», «Қызыл іңір» журнал бетінде, сонан соң жазушының үш томында жарық көрді.
«Саға» романы автордың өзі туып өскен өңірдің дауылды жылдарын, колхоздастыру кезеңіндегі заман ағымын суреттейді. Колхоздастыру кезеңі (ақ пен қызылдың салған қырғыны) мен ашаршылықты (1931-32 жылғы) суреттеген «Құлқынсәрі» – алдыңғы «Бейуақтың» жалғасы іспетті. Ал «Қызыл іңір» – 1937 жылғы әлемді тітіренткен саяси қуғын-сүргін туралы.
Жазушы трилогиясының кейіпкерлері Санияз, Ғаббас, Доғал, Ешкей, Құлпынай, Лағыл, Дүр т.б. Әсіресе Мәкі мен Санияз кесек тұлғалы кейіпкерлері арқылы адамгершілік болмысты, халық болмысындағы қастерлі қасиеттерді ашуға ден қояды.
Қара дауылы қазақ түңлігін ұшыра соққан сұрапыл XX ғасыр ұлт жадында ешқашан ұмтылмайтын қатал сабағын қалдырды. Жазушының тарихи романдары, оларға әңгіме, очерктері мен абайтану мәселесіне арналған зерттеулері қосылып бес том кітапқа жүк болды.
Жарты ғасырдай мерзімде баспасөзде істеген алаш азаматының осындай шығармашылық биікке жетуі үлкен бақыт

Әдебиеттер:

Мұсаұлы Ы. Шығармалар жинағы: Бірінші кітап: Ағасұлтан.- Семей,2003.-352 6.
Мұсаұлы Ы. Шығармалар жинағы: Екінші кітап: Саға. Бейуақ.-Новосибирск: «Советская Сибиръ»,2000-422 6.
Мұсаұлы Р. Шығармалар жинағы: Үшінші кітап: Саға, Құлқынсәрі. – Семей, 2003.-352 б.
Мұсаұлы Р. Шығармалар жинағы. Төртінші кітап: Саға. Қызыліңір. – Семей, 2003.-351 б.
Мұсаұлы Ы. Ұлы ақын еліндегі ұлағатты басылым: («Абай»журналының 10 жылдығына орай өткен саптанатты жиналыстан) // Абай .- 2002.- ИЗ.-З-бб.
Бәшей К. Атамекен азаматы //Ертіс өңірі.-2003.-б қараша.-3 б.
Кемелбаева А. Бұл аға басынан не кешпеген //Дидар.-2003.-4 қараша.-36.
Тайжігіт Б. Елге оралған «Аға сұлтан» //Семей таңы.-2005.- 20мамыр.- 36.
Аға сұлтан романының тұсаукесері: жаңа кітап // Үш анық. – 2001. – 12 наурыз
Сапаев, Ғ. Асыл кездік қын түбінде жатпайды: Қаламдас / Ғ. Сапаев // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 14 қараша. – С. 14.

24Мұхамедханов Қайым

Әдебиет тарихшысы, ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханұлы 1916 жылдың 5 қаңтарында Семей қаласында дүниеге келген. 1924 жылы Жаңасемейдегі бастауыш мектепке оқуға түседі, 1932 жылдан еңбекке араласқан. 1935-1937 жылдары пән мұғалімдерін дайындайтын екі жылдық курста, 1937-1939 жылдары Семей педагогика институтының филология факультетінде оқиды. Институтты үздік бітіріп, мұғалімдік қызметке сонда қалдырылады. Сол кезеңде Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайын құруға қатысып, оның алғашқы директоры болды.
Қ. Мұхамедханұлының тұңғыш шығармалары баспасөз бетінде 1935 ж. жарияланды. 1935-1939 жылдарда: ”Семей облысындағы жас ақындардың шығармашылыгы туралы”, М.Әуезовтың ”Шекарада”, Ғ.Мүсіреповтың ”Қыз-Жібек”, Ш.Құсайыновтың ”Боран”, К.Сагирдың ”Ер тарғын” пъесалары бойынша театрдағы қойылымдар жайында, тұңғыш қазақ кинофильмі ”Амангелді” туралы, М.Горький, Н.Островский жөнінде жергілікті газеттерде әдеби-сын түрінде сегіз мақала жазды.
1939 ж. республикалық ”Әдебиет жөне өнер” (№ 9) журналында ”Абай атындағы Семей қазақ театрының шығармашылық жұмысы” туралы Е. Ысмаиловпен бірлесіп мақала жариялады.
1937-1940 жж. Қ. Мұхамедханұлының 13 мақала, 20 өлең, 2 поэмасы басылып шықты. 1940 жылдан Жазушылар Одағының мүшесі Қайым Мұхамедхановты оқырман қауым ақын ретінде жақсы біледі. Оның ”Ұстазыма”, ”Сүйемін Отан-анамды”, ”Туған жерге” өлеңдері – асқақ та асыл сезіммен кестеленген ақындық күш-қуатының шынайы көрінісі. Ол Қазақстан Республикасы тұңғыш әнүранының авторы (1945ж.). 1942-1947 жж. Қазақстан Жазушылар Одағының Семей облыстық өкілі.
Жазушы Мұхамедханұлының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургтың ”Перне” /1944/, ”Майданнан-майданға” /1947/, ”Комиссар Ғаббасов” /1960/, ”Ер Білісай” /1974/ атты туындылары – қоршаған ортадағы түрлі тартыстарды көрермен назарына қалтықсыз жеткізген сүбелі дүниелер. Олар әр кез республикалық, облыстық театрлар сахнасында қойылып келеді.
Қайым Мұхамедханұлы – түпнұсқа иесінің ойын тереңнен танып, тебірене толғайтын шебер аудармашы: әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың ”Аршин мал алан” (1941, татар жазушысы Ш. Камалдың ”Хажы әпенді үйленеді” (1967) пьесалары, татар поэзиясының классигі Ғ.Тоқайдың өлеңдері, сондай-ақ Н. Карамзиннің ”Сормандай Лиза” хикаятын өлеңмен аударып, әдебиетіміздегі аударма жанрының дамуына үлкен үлес қосты.
Қайым Мұхамедханұлының ғылыми еңбегінің басты бақыты ұлы Абайдың өлмес те өшпес мол мұрасын зерттеумен байланысты.
1939 жылдан бастап, М. Әуезовтің ақыл кеңесімен Абай мұрасын, оның ақын шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысып, ”Абайдың әдеби мектебі” деген атпен Ақылбай мен Мағауия Абай ұлдары, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп, Әсет жайлы мақалалар сериясын жариялайды, Абайдың бұрын белгісіз болып келген 9 өлеңін тауып, оларға түсінік жазып, ұлы ақын Абайдың 1945 жылы шыққан жинағына енгізеді.
1951 жылы ”Абайдың әдеби мектебі” деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясы, ”Абайдың ақындық айналасы”, ”Абай шығармаларының текстологиясы жайында” монографиялары – әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар. Диссертация қорғалып, 8 ай өткен соң (1951жылы 1 қаңтарда) тұтқындалып, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Жазықсыз жазаға ұшырап, Абайдың ақындық мектебіне ”Ұлтшыл ақындарды” енгізгені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылып, артынан төрт жылдан кейін толық ақталып шығады.
1959 жылы ”Мағауия Абайұлы Құнанбаев”, ”Абай шығармаларының текстологиясының монографиялық зерттеулері жеке-жеке кітап болып басылып шықты. 1968 ж. С.Анисимовпен бірлесіп, Семейдің 250 жылдығына арнап ”Жастық шағымның қаласы” атты деректі фильмнің киносценарийін жазды.
1991-1995 ж. ҚР ҰҒА М. О. Әуезов атындағы әдебиет жөне өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.
Қ. Мұхамедханов – абайтанушы. Ұлы ақын Абайдың артында өзін де, өзгені де тануға бағыт сілтетйін сөздер қалды. «Жұмбақ адамның жүрегіне терең бойлау» ниетінен туған абайтану ғылымы «тар жол, тайғақ кешулерді» басынан өткізді.
1955-1959 жылдарда Қайым Мұхамедханов абайтану бойынша он бір мақала, екі жеке басылымдық кітап («Мағауия Абайұлы Құнанбаев», «Абай шығармаларының текстологиясы») баспадан шығады. 1959 жылғы маусымның 21 күні «Абай заманының ақындары» деген тақырыппен бұрынғы қорғаған диссертациясын қайтадан қорғады.
”Абайдың ақын шәкірттері” атты 4 кітаптан тұратын жинақ Қ. Мұхамедханұлының құрастыруымен 1993-1997 жылы жарық көріп, оған Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иманбазар шығармалары, олар туралы Мұхамедханұлы зерттеулері енді.
Қ. Мұхамедханұлы Абайдың екі томдық академиялық шығармалар жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлкен үлес қосып, алғашқы абайтанушылар жайлы ”Абай мұрагерлері” зерттеулер жинағын (1995) жарыққа шығарды, Ж. Аймауытов пен М.Әуезов негізін қалаған ”Абай” журналының жетпіс жылдан кейін қайтадан жарық көруіне көп еңбек сіңірді.
Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін 1996 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 2005 жылы ”Алаш” баспасынан Қ. Мұхамедханұлының шығармалар жинағының бірінші томы жарыққа шықты.
Саналы өмірінің жарты ғасырдан астамын ұстаздық еңбекке арнаған Қ. Мұхамедханұлының бұл саладағы атқарған ісі де абыройлы, айрықша жемісті. Шәкірттері ұстаз жолын берік ұстанып, мемлекетіміздің түпкір-түпкірінде жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуда. Олардың ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақындар мен жазушылар баршылық.
Қайым Мұхамедханұлының ұзақ жылдар бойы ғылыми, әдеби шығармашылық және ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО медальдарымен, ”КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі”, ‘Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі” белгілерімен, Құрмет грамоталарымен наградталған. Қазақстан жазушылар Одағының Абай атындағы алғашқы Халықаралық сыйлығының, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының, Халықаралық Абай академиясы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының иегері. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақ ССР-нің мемлекттік әнұранының авторы (1945 ж.), КСРО жазу¬шылар Одағының мүшесі (1940 ж.). Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің алғашқы құрметті профессоры, Семей, Аягөз қалаларының, Абай, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 1 том.- Алматы, Алаш, 2005.- 352 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 2- том.- Алматы, Алаш, 2005.- 344 б.
Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.- Алматы, 2010.- 164 б.
Абайдың ақын шәкірттері.- Алматы, Дәуір, 1994.- 336 б.
Қайым туралы сөз.- Астана: фолиант, 2006.- 376 б.
Алаш арыстарының соңғы тұяғы: Қ. Мұхамедхановқа ескерткіш орнатылды// Семей таңы.- 2010.- 7 қазан.
Сейсенұлы Д. Алаш арыстарының соңғы тұяғы// Егемен Қазақстан.- 2009.- 7 қараша.- б.6
Смағұлова Е. «Адам боп жер астына кірдің де, тас мүсін боп шыға келдің» (Ескерткішке арналады)// Семей таңы.- 2010.- 14 қазан.- б.1
Чушекова Ж. Қазақтың қайсар ғалымы: (Ғалымың 95 жылдығына орай Алматыда өткен дөңгелек үстелден кейінгі жазылған мақала)// Семей таңы.- 2010.- 5 қаңтар.- б.3