Әдебиет (Н-О)

14Нұрғали Рымғали

Жазушы Рымғали Нұрғалиевтің (1940-2000) туған жері- Абай ауданы, Қайнар селосы. Орта мектепті бітіргеннен кейін КазПи-дің филология факультетіне түсіп, оны 1963 жылы бітіріп шығады. Одан әрі оқуын жалғастыру мақсатында аспирантураны 1957 жылы, докторантурасын 1972 жылы бітіріп шығады.
1962-64 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1966-68 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында, 1968-85 жылдары КазГу-де ұстаздық қызметтер атқарды. Одан кейінгі уақытта Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакторы болды.
Р.Нұрғалиев – қазіргі ғалым-сыншыларының айдынды легінде өзінің шығармашылық жетістіктерімен мәлім.
Әдебиет зерттеуші, сыншы, жазушы. Филология ғылымының докторы, профессор. ҚР-сы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. «Талант тағдыры», «Қазақ драматургиясы», «Өнердің эстетикалық нысанасы» т.б. зерттеу еңбектері, «Дән», «Ай қанатты арғымақ» прозалық кітаптары жарық көрді. «Дән» деген кітабында тың өміріне арналған деректі новеллалары енгізілген.
Қазақ әдебетінің дамуы мен қалыптсуына өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым 30-дан аса ғылыми және көркем әдебиеттердің, 250-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы.
Қазақ драматургиясын дамытуда жан-жақты зерттеуді мұрат тұтатын монографиялар жазды. Жазушы абайтану мәселесімен де айналысып, «М.Әуезов шығармаларындағы Абай өмірі», «Ынтымақ игілігі» тақырыбында, онда Абайдың казақ әдебиетінде салған жолдары, тақырыптың жаңалықтары сөз болады. Абай бейнесін сомдаған Әуезовтің шеберлігін көрсетеді. «Трагедия табиғаты», «Өнер алды – қызыл тіл», «Өнердің эстетикалық нысаны», «Айдын». «Қазақ драматургиясының жанр жүйесі», «Әуезов және Алаш» атты монографиялық еңбектерінде Абай мен Әуезовтің шығармашылық мұраттарын, эстетикалық толғамдарын, ерекшеліктерін салыстырады.
Ол А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтар туралы ғылыми еңбектерін жазды. Қазақ прозасында Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Тарази т.б. туындылары жан-жақты зертелді.
Р.Нұрғалневтың ғалымдық келбетіне төн қасиет – жүйелі білім мен айрықша тіл байлығы, стиль сұлулығы, әдеби материалға еніп, қаһарман, тартыс сырларын психологиялық тереңдікпен талдай ашады.
«Айдын» атты монографиясында зерттеуші ұлттық драматургиямыздың хал-ахуалы, идеялық көркемдік арналары толық қамтылады. Бұл монографиядағы негізгі арқау болып отырған – қазақ әдебиетінің хас шебері М.Әуезовтің жауһар мұралары.
Жазушы қазақ драматургиясы мәселелерін қарастырған «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы» атты әдеби-сын трилогиясы үшін ҚР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Р. Нұрғалиев ұзақ жылдар бойы басшылық жасаған ұлттық энциклопедиямыздың жаңа биіктерге көтерілуі, жеке облыстар, қалалар жайлы энциклопедиялар шоғыры оның ойы мен қиялының тікелей жемісі. Ғалымның басшылығымен 8 томдық «Қазақ ССР-нің қысқаша энциклопедиясы», 3 томдық «Балалар энциклопедиясы», «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері» жайлы еңбектері шықты. Ұзақ жылғы шығармашылық ізденістердің алып қорытындысындай болып өмірге «Абай» энциклопедиясының келуіне де орасан еңбек сіңірді.
Белгілі ғалым, әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиев 2010 жылы 16 ақпанда қайтпас сапарға аттанды.

Әдебиеттер:

Нұрғали Р. Абыралы: тарихы мен трагедиясы // Егемен Қазақстан.-2003.-22 наурыз.-16 б.
Нұрғали Р. Енші // Егемен Қазақстан.-2005.-21 наурыз.
Құрмамбаева Қ. Рымғали Нұрғали туған жерде // Ертіс өңірі.-2004.-2 желтоқсан.-3 б.
Рымғали Нұрғалиұлы: (ғалымның дүниеден өткені туралы мақала)] // Семей таңы.-2010.-18 ақпан.-6 б.
Тоқсанбай Қ. Тамыр жаяр кең өріс // Егемен Қазақстан.-2005.-3 наурыз.-6 б

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8