18Найманбаев Әсет

Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге окуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл ит қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан…-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет – ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп, Көп елде – көл жұртымда қыдыр шалған- дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. «Айтыс – майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры»- деп М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы – Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі – Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста – халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен.
Әсет- Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
Әсет – нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма – импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған. Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен.
Атақты музыкатанушы Ахмет Жұбанов, Әсеттің сөзіне музыкасы сай келетінін айта келе: «Орындауы келіссе «Әсет» сахна сәнінің бірі. Әсіресе қайырмасында ән құйқылжып, төгіліп, шын мөнісінде ойнақтап, делебеңді қоздырып кетеді» Әсет – әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі.; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған акын. Әсеттің атақты «Қызыл табан – ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.
Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.

Әдебиеттер:

Әсеттің жария болмаған өлеңдері// Дидар.-1998.-17 қараша
Бекбосынов О.Әсет ақын қайда туған// Халық кеңесі.-1992.-24 маусым
Болғанбаев Ә. Алашқа аты шыққан Әсет ақын// Халық кеңесі.-1991.-2 қараша
Жанбота Д. Сағындым, Әсет, өзіңді// Қаза елі.-1998.-13 қараша
Кұдайбергенов Т. Ақынды еске алғанда: Ақынның 125 жыл толуына орай// Семей таңы.-1992.-4 шілде
Керейқұлов Қ. Шабытты шақ// Лениншіл жас.-1989.-31 наурыз
Мамырбаев Ш. Ақын арманы// Семей таңы.-1992.-1 ақпан
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері: 3-кітап.- Алматы: Дәуір, 1995.-320 6.
Нұржекеев Б. Найманбаев Ә. .- Алматы:Жазушы, 1988.-303 6.
Түгелбаев А. Тереңге тамыр тартқан: Әсеттің аударма өлеңдері// Білім және еңбек.-І987.-№7.-47 б.

25Нұршайықов Әзілхан

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов Жарма ауданының Ақбұзау ауылында туған (1922 2011). Бала Әзілхан ауылдағы орта мектепті бітірген соң, Алматыға тау-кен институтының жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, бір жыл оқыған соң бұл оқуын тастап кетеді. Орысша бір ауыз білмейтін ауыл баласы осылай істеуге мәжбүр болады. «Келесі жылы жұмысшы факультетімен қоштасып, Семей қаласындағы Абай атындағы педучилищеге барып түстім»-деп жазады жазушы өзінің әйгілі «Автопортретінде».
1941-1945 жылдарда Қызыл Армия қатарында болды.. Майданда жүргенде де қолына қаруы мен қаламын қатар ұстап жүрді. Өзінің жауынгер жолдастарының майдандағы ерліктерін мадақтап, үнемі өлеңдер, очерк, мақалалар жазып жүрді. Олар майдан газеттерінің, республикалык газет беттерінде жарияланып түрды.
Ең алғаш енбек жолын мұғалімдіктен бастаған жазушы бұрынғы облыстық «Екпінді» газетінде (қазіргі «Семей таңы»), республикалық «Қазақстан пионері» газетінде, «Соц.Қазақстан» газетінде, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде қызмет етті. «Нұршайықов – әдебиеттің әңгіме, повесть, новелла секілді шағын жанрларында жарқ етіп керініп, өнімді еңбек еткен жазушы. Оның қаламынан туған «Ескі дәптер», «Махаббат жыры», «Әсем», «Ботагез» атты лирикалық повестер — бүгінгі прозаның аясына өзінше жаңа леп, жаңа бояу қосқан шығармалар» (Қазақ өдебиетінің тарихы, 1967, ЗтомДЗІ б.)
1970 жылы ол өзінің тұңғыш романы «Махаббат қызық мол жылдарды» жазып бітірді. Роман кезінде әр жастың жастығының астынан түспейтін болды. Әрбір жас осы романның рухымен тәрбиеленді. Бұл кітап казір де оқушы қауымның қолынан түскен жоқ. Романның негізгі мақсаты – адамгершілік, эстетикалык тәрбие, жан дүние тазалығын, мөлдір махаббатты паш ету. «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет сезім» – деп ұлы Абай айтқандай, жазушы шығарма оқиғасын махаббат төңірегінде құра отырып, жас кейіпкерлердің сүйіспеншілік қасиеттерін ашып көрсетеді. Романдағы Ербол, Меңтай, Жомартбек, Тана, Майра бейнелері арқылы әр адамға өмірді дұрыс түсіне білуге ой салатындай жан тебірентерлік шығарма.
Бұл роман ешқандай «жалаңаштанбай» қазақи мінезімен суреттелген, лайланбаған тұнық роман.
Атақты «Ақиқат пен аңыз» атты романда қазақ халкының қаһармандық бейнесін көрсету үшін даңкы аңызға айналған Бауыржан бейнесімен ғана шектелмей, аспан тәңірісі Талғат Бигелдиновті, фашизм ордасына алғаш ту тігуші Р.Қошқарбаевты, партизан Қ.Қайсеновты келістіре суреттейді.
1985 жылы қазақтың ұлы жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы «Екі естелікті» жазды.
Ғажайып сөз зергері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мем-лекеттік сыйлықтың және А.Фадеев атындағы әскери әдебиет Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты Ә.Нұршайықовтың «Ұлыма», «Монолог», «Майдан жазбалары», «Автопортрет» атты туындыларынан басқа жастардың адал достығы мен махаббаты туралы «Махаббат, қызық мол жылдар», жауынгер-жазушы Б.Момышұлының өмірі мен ерлік жолына арналған «Ақиқат пен аңыз» романдарымен-ақ белгілі тұлғалардың легіне енген. Жазушыға «Ақикат пен аңыз» кітабы үшін Мемлекеттік сыйлық берілген. Ә.Нұршайықов алғаш публицист ретінде танылып, кезінде әйгілі қаламгерлер сапына «Алыстағы ауданда» атты деректі повесімен қосылған жаңашыл жазушы екені мәлім.
Жазушының айтуынша, ол өзін бірінші — журналистпін екінші – жазушымын деп санайды.
Жазушы тек көркем шығармалар жазып қана қойған жок,1987 жылы «Өмір өрнектері» атты әдеби күнделігі шықты. Сонымен қатар, «Қаламгер және оның достары» атты әдеби еңбектерімен де таныс. Кітапта өз замандастары туралы да, сонымен қатар: М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы, Ыбырай Жақаев сияқты алыптар туралы да жазды.
«Мен отыз шақты кітап жазған жазушымын. Соның ішінде мұра боп қалады-ау дейтін дүнием екеу. Оның бірі – «Махаббат, қызық мол жылдар», екіншісі – осы «Ақиқат пен аңыз». Оқырманым үлгі алатын кейіпкерім де екеу. Бірі – Меңтай, бірі – Баукең» -дейді жазушы (Қазақстан сарбазы,2002,13.12)
Әзілхан шығармашылығын тұтастай алғанда, бүгінгі күннің шындығын жырлаушы екенін білеміз. Оның ішінде әсірелегені де, қанын шығарып айтқаны да, ашқаны да бар, өмір жүрегінің соғысын дөп басып жатқандары да бар. Шынайы өмірден шынайы шығарма туады. Қазақстанның Халық жазушысы Әз-ағаның әр шығармасын оқып, біліп отыруымыздың өзі зор қуаныш.

Әдебиеттер:

Нұршайықов Ә. 4 т. Шығармалар жинағы . -Апматы: Жазушы, 1992 Т.1:Роман,повестъ және әңгімелер.-432 6. Т.2:Роман, майдан жазбалары мен эссепер.-448 б.
Нұршайықов Ә.Ақиқат пен аңыз:Роман-диалог.-Алматы:Жазушы,1976.- 384 б.
Нұршайықов Ә. Екі естелік : М. Әуезов пен С. Мұқанов туралы хикая, эсселер. -Алмат ы : Жал ын, 1985. -176 б.
Нұршайықов Ә. Қаламгер және оның достары: Эпистолярлық роман.- Алматы: Өлке,2000.-440 б.
Нуршайыцов Ә. Мен: Ғүмырнамальщ роман// Жулдыз. -1998.-№8,.-4-91 б; №9.
Нұршайықов Ә. Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер.-1-кітап.-Апматы: Өлке,2000.-608 б.
Нұршайықов Ә. Өткелдер:Өмірбаяндық роман//Жұлдыз.-1997.-№2.-27- 63 б.;№3.-45-46б.
Нұршайықов Ә. Оққа ұшқан газет // Дидар.-2001.-16 қазан
Нұршайықов Ә. Халима: Мәңгілік махаббат жыры // Семей таңы.- 2002.-9 мамыр
Нұршайықов Ә. Мен Семейге тағы да келдім: Жазушының Семейдегі қызмет еткен жылдары // Семей таңы.-2008.-25 қыркүйек.-4 б.
Бапанова Ә. «Махаббат, қызық мол жылдар» Абай театрында қойылды // Семей таңы.-2008.-25 қыркүйек.-10 б.
Бапанова Ә. «Қызыл көрпе» – махаббат гимні: әнін жазған Т.Рахимов // Семей таңы.-2008.-25 қыркүйек.-10 б.
Әз-аға сексеннің сеңгіріне шықты//Семей таңы.-2002.-27 желтоқсан.
Зүкенов М. Тана — Тұрсын: (жазушы кейіпкері туралы) // Семей таңы.- 2003.-7 наурыз.-4 б.
Елеукенова Ш. Ерлікке жаралған ұрпақ жазушысы// Қазақ әдебиеті.- 1992.- 4 желтоқсан.-4 б.
Өмірден үлкен ұстаз жоқ: Ә.Нұршайықовпен сұхбат// Егемен Қазақстан.-2003.-29 қаңтар
Кәкішев Т. Шынайы өмір жыршысы// Қазақ әдебиеті.-1992.-4 желтоқсан.-5 б.
Төлеуов С. Ақбұзауын аңсаған Әз-аға:(Семейдегі сапарын жазушы «Семей таңынан» бастады) // Семей таңы.-2003.-19-25 қыркүйек.-1.5 6.
Ыдырысов Д. Әз-аға және оның өмір өрнектері // Дидар.-2001.-12 маусым.-4 б.

14Нұрғали Рымғали

Жазушы Рымғали Нұрғалиевтің (1940-2000) туған жері- Абай ауданы, Қайнар селосы. Орта мектепті бітіргеннен кейін КазПи-дің филология факультетіне түсіп, оны 1963 жылы бітіріп шығады. Одан әрі оқуын жалғастыру мақсатында аспирантураны 1957 жылы, докторантурасын 1972 жылы бітіріп шығады.
1962-64 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1966-68 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында, 1968-85 жылдары КазГу-де ұстаздық қызметтер атқарды. Одан кейінгі уақытта Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакторы болды.
Р.Нұрғалиев – қазіргі ғалым-сыншыларының айдынды легінде өзінің шығармашылық жетістіктерімен мәлім.
Әдебиет зерттеуші, сыншы, жазушы. Филология ғылымының докторы, профессор. ҚР-сы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. «Талант тағдыры», «Қазақ драматургиясы», «Өнердің эстетикалық нысанасы» т.б. зерттеу еңбектері, «Дән», «Ай қанатты арғымақ» прозалық кітаптары жарық көрді. «Дән» деген кітабында тың өміріне арналған деректі новеллалары енгізілген.
Қазақ әдебетінің дамуы мен қалыптсуына өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым 30-дан аса ғылыми және көркем әдебиеттердің, 250-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы.
Қазақ драматургиясын дамытуда жан-жақты зерттеуді мұрат тұтатын монографиялар жазды. Жазушы абайтану мәселесімен де айналысып, «М.Әуезов шығармаларындағы Абай өмірі», «Ынтымақ игілігі» тақырыбында, онда Абайдың казақ әдебиетінде салған жолдары, тақырыптың жаңалықтары сөз болады. Абай бейнесін сомдаған Әуезовтің шеберлігін көрсетеді. «Трагедия табиғаты», «Өнер алды – қызыл тіл», «Өнердің эстетикалық нысаны», «Айдын». «Қазақ драматургиясының жанр жүйесі», «Әуезов және Алаш» атты монографиялық еңбектерінде Абай мен Әуезовтің шығармашылық мұраттарын, эстетикалық толғамдарын, ерекшеліктерін салыстырады.
Ол А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтар туралы ғылыми еңбектерін жазды. Қазақ прозасында Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Тарази т.б. туындылары жан-жақты зертелді.
Р.Нұрғалневтың ғалымдық келбетіне төн қасиет – жүйелі білім мен айрықша тіл байлығы, стиль сұлулығы, әдеби материалға еніп, қаһарман, тартыс сырларын психологиялық тереңдікпен талдай ашады.
«Айдын» атты монографиясында зерттеуші ұлттық драматургиямыздың хал-ахуалы, идеялық көркемдік арналары толық қамтылады. Бұл монографиядағы негізгі арқау болып отырған – қазақ әдебиетінің хас шебері М.Әуезовтің жауһар мұралары.
Жазушы қазақ драматургиясы мәселелерін қарастырған «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы» атты әдеби-сын трилогиясы үшін ҚР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Р. Нұрғалиев ұзақ жылдар бойы басшылық жасаған ұлттық энциклопедиямыздың жаңа биіктерге көтерілуі, жеке облыстар, қалалар жайлы энциклопедиялар шоғыры оның ойы мен қиялының тікелей жемісі. Ғалымның басшылығымен 8 томдық «Қазақ ССР-нің қысқаша энциклопедиясы», 3 томдық «Балалар энциклопедиясы», «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері» жайлы еңбектері шықты. Ұзақ жылғы шығармашылық ізденістердің алып қорытындысындай болып өмірге «Абай» энциклопедиясының келуіне де орасан еңбек сіңірді.
Белгілі ғалым, әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиев 2010 жылы 16 ақпанда қайтпас сапарға аттанды.

Әдебиеттер:

Нұрғали Р. Абыралы: тарихы мен трагедиясы // Егемен Қазақстан.-2003.-22 наурыз.-16 б.
Нұрғали Р. Енші // Егемен Қазақстан.-2005.-21 наурыз.
Құрмамбаева Қ. Рымғали Нұрғали туған жерде // Ертіс өңірі.-2004.-2 желтоқсан.-3 б.
Рымғали Нұрғалиұлы: (ғалымның дүниеден өткені туралы мақала)] // Семей таңы.-2010.-18 ақпан.-6 б.
Тоқсанбай Қ. Тамыр жаяр кең өріс // Егемен Қазақстан.-2005.-3 наурыз.-6 б

19Омарбаева Дәмеш

Ақынның туған жері Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы. 1987 жылдан бері Семей өңірінде айтыс өнерінің дамуына атсалысып жүрген ақындардың бірі. Облыс көлемінде өткен айтыстардың жүлдегері. 1989 жылы облыстық «Наурыз» айтысында 1-орын, Өскемен-Зайсан болған айтыста 1-орын алдық. 1990 жылы Алматыда өткен III республикалық айтыста өнер сайысына түсіп, өзіндік ерекшелігімен көзге түскен. 1993 жылы Алматыда Ұлы үш биге арналған айтысқа қатысты.

1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған айтыста бірінші орынды жеңіп алды.

Қазірде республикамызға танымал айтыс ақыны. Талай-талай дүбірлі айтыстарға қатысып, намысты қолдан бермеген Сара апамыздың жолын қуған санаулы саңлақтарымыздың бірі. Жас талапкердің бойынан жылт еткен жақсылықты көрсе болды, соңынан шырақ алып жүріп іздеп, таптырып, болашағына бағыт-бағдар беріп, жол нұсқап жүретін ақынымыз бүгінде «Айтыс және жазба ақындары орталығының» жетекшісі. Сонымен қатар қалалық Мөдениет орталығында тәлімгер ұстаз болып қызмет атқаруда.

Әдебиеттер:

Омарбаева Д. Қара шаңырақ түндігін жаңа ашқандай: (Қалалық мәдениет сарайының 50 жылдығына арнау // Жан құмары.-2001.-23 қыркүйек
Ахметбекова А. Ұшырған көкірегінен жырдың құсын: (Ақынның 30 жылдық шығармашылығына орай) // Семей таңы.-2002.-12 шілде.
Ахметбекқызы А. Жыр додасы //Семей таңы.-2002.-26 шілде.-І б.
Мұхаметқалиқызы А. Дәмештің мектебі // Ертіс өңірі.-20 қыркүйек.-І1 б.
Семей облысының ақындары //Семей облыстық мөдениет басқармасы,1993.-16 6.
Төкенқызы Н. Қалалық ақындар айтысы: (Д.Омарбаева жетекшілік ететін ақындар мектебі туралы) //Семей таңы.-1999.-18 қараша.-З б.

26Оразалин Кәмен

Шәкәрім ақынның қолынан дәм татқан, Мұхтардай ғұлама жазушымен үзеңгілес, сыйлас, Абай рухының асыл шырақшысы бола білген жазушы Кәмен Оразалин 1920 жылдың 16 маусымында Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. 1939 жылы орта мектепті аяқтап, әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жасы 20-ға жеткен өрімдей жас жігіт елім мен өмір арпалысқан қан майданның қақ ортасында жүрді. Сол кездің өзінде-ақ Абай, Шәкәрім, Көкбай, шәкірлер сияқты өлең жазып, Мұхтардай зерделі сөздің зергері болсам деп армандайтын жас жігіт қалам мен қаруды қатар ұстап жүрді. Соғыстан аман оралған жазушы өзінің болашақ шығармаларына қыруар материалды туған жер төсінен жинады.
1947 жылы мұғалімдер институтын бітірген соң, туған ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Бала оқытумен қатар жазушылықты та қатар алып жүрді. Абай аулыынң құрметті азаматы.
Ұлы Отан соғысынан қан кешіп оралған Кәмен Оразалин 1950 жылы алғаш рет «Жексен» повесімен әдебиеттегі жолын бастады. 1959 жылы тың тақырыбына арналған «Ақ жазық», коллективтендіруді суреттеген «Көктем салқыны», «Кең байтақ» романдары, «Абай ауылына саяхат» атты жол сапар, тарихи мағлұматтарға бай кітаптары жарық көрді. жарық көрді.
Абай – Мұхтар әлемінде Кәмен Оразалиннің дербес орны болуы заңды, ұлы дәстүрге адалдық, ал дәстүрді жалғастыру парыз. 1972 жылы жазушы Мұхтар Әуезов туралы төрт томдық роман жазды. Бұл романды жазуға 20 жыл ізденіп, 35 жыл табан аудармай жазды. «Абайдан соң» – жазушының ең кесек, ең негізгі туындысы, мұнда қазақ дүниетанымының негізгі қағидаларынан, сахаралық қалыбынан айрылмаған мұрат бар. Өзінің жарты ғасыр ғұмырын Абай атындағы орта мектепте жас жеткіншектерді білім нәрімен сысындатып, зейнеткерлікке шықса да жазумен шұғылданды.
Майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы Кәмен Оразалин 2008 жылы наурыз айында дүниеден өтті. «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі», Октябрь революциясы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат» орденінің және көптеген медальдардың иегері.

Әдебиеттер:

Абайдан соң: Роман.-Алматы: Жазушы, 2-кітап.1987, 3-кітап. 1989, 4-кітап.1995
Абай ауылына саяхат.-Алматы: Жазушы.-1995.
Абайдан соңғы арыстар: Роман. 1 кітап.-Алматы:Елорда,2002; 2 кітап.2003; 3 кітап. 2004.
Ақ жазық: Роман.-Алматы, 1959.
Аттаныс: Роман, повесть.-Алматы: жазушы, 1985.-528 б.
Жексен:Повесть.-Алматы. 1950.-218 б.
Көктем салқыны.-Алматы: Жазушы,1980.-478 б.
Әдебиетшілердің ақылшы ағасы еді: (Жазушы туралы қазанама) // Семей таңы.-2008.-27 наурыз.-9 б.
Бәшей К. Шығыстың шымыр ақсақалы // Арна.-2000.-4 тамыз.-19 б.
Біржанқызы М. Ұмытылмас бейне // Арна.-2000.-4 тамыз.-19 б.
Қабдолов З. Аға туралы сөз // Семей таңы.-1980.-11 июль.
Қабдолов З. Ар бол, бар бол, аға! // Арна.-2000.-4 тамыз
Кемелбаева А. Қалам құдіретімен… //Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.
Кемелбаева А. Қараорда Қарауылдың абызы еді: (Жазушы туралы естелік) // Егемен қазақстан.-2009.-18 наурыз.-5
Көркембаев Р. Сергек ойлы қаламгер // Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.
Нұршайықов Ә. Қош, ең соңғы дос ағам: (Жазушымен қоштасу мақаласы) // Семей таңы.-2008.-27 наурыз.-9 б.
Сапаев Ғ. Ұлылардың шапағаты // Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.

27Оразалинов Сұлтан

Әйгілі жазушы, аудармашы, драматург, телерадиожурналист, мемлекет жөне қоғам қайраткері Сұлтан Шәріпұлы (1941) – Абай елінің төл перзенті. С. Шәріпұлы көп балалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Ұлы Отан соғысында қайтыс болып, анасының семьяның бар ауыртпалығын көтеруіне тура келді.
Қазақ университетінің филология факуьтетін 1964 жылы бітірген С.Оразалинов қызмет жолын ұлттық теледидардан бастады. Онда көптеген әдеби-драмалык хабарлар жаза жүріп, монографиялар жаза бастады. Зерттеуші кезінде «Асау арна», «Дөң асқан», «Жанартау», «Шалқар», «Айғайтас» атты хикаят-романдарын талдауда дарынды әдебиетшілік карымын көрсетті.
С.Оразалинов – көп қырлы талант иесі. Ол бертінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын зерттеуге арналған «Қиял мен өмірдің шындығы», «Тілсіз халық болмайды», «Ақиқаттың құқығы» т.б. тағылымдық кітаптар жазды. Сұлтанның төлтума туындыларының ішінде теледидар сахнасына арналып жазылған телепьесалар мен теленовелла телеинсценировканың шоқтығы биік. Ел аузындағы аңыз бойынша жазылған «Кек» теленовелласы Махамбет ақынның өлмес рухына арналған.
Оразалинов – төл классикамызды да экрандаған қаламгер М.Әуезовтің әнгімелері бойынша төл экранға шыққан «Шатқалаң», «Үйлену» телеишденировкалары соның нәтижесі. Қазақ телевизиясында істеген жылдары ол ашқан алғашқы хабарлар «Сүхбат», «Қымызхана», «Сахна», «Айтыс», «Кездесу» циклдары арқылы байыды, жаңа керкемдік-эстетикальтқ кеңістіктерге шықты.
С. Оразалиновтың каламгерлік қарымы эссе жанрында барынша ашыла түсті. Оның Ғ.Мүсірепов туралы «Алыптардың ақырғы сардары», Ғабиден Мүстафин жайлы «Сарабдал», Ілияс Есенберлин жөніндегі «Қайсар», Шыңғыс Айтматов женіндегі «Кемеңгер» деп аталатын эсселері – осы жанрдағы көрнекті дүниелер. Кезінде теледидардан айтыс хабарын ұйымдастырушылардың бірі болды.
1986 жылы республикалық өнер баспасына директор болып тағайындалды. Сол жылдары Мәдениет қызметкері, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Башқұрт А.Хакимовтың «Қос терек», «Қилы заман», Н.Еременконың «Күткен таң» шығармаларын қазақшалау арқылы ол – телепублицист, теледраматург, сыншы және аудармашы да. Ол өзінің қаламы жүйрік қаламгер екендігін мойындатқан еді. «Абай елінде» атты албом – шежіре жазып, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарыққа шығарды.
«Тіл тағдыры – ел тағдыры» кітабында тіл саясаты жөніндегі нақты істерді, ғылыми-теориялық ойларды тұжырымдайтын, әр түрлі мақала, сұхбат-пікірлердің басын қосқан, мақалалардан тұрады. Осындай қаламгерлік көзқарас тұрғысынан сұрыпталып жазылған «Жүректің көзі ашылса» атты бір томдығы жанрлық байлығымен, мағыналы тереңдігімен окырман көңілінен шығуда.
Шет ел әдебиетінің озық үлгілерін қазақ теледидарына «жерсіндіру», қазақ жұртшылығымен табыстыру, таныстыру ісінде де Сұлтан бастаған үрдіс үміт ақтады. Ол А.Моруа әңгімесінің желісі бойынша «Райхан гүлі», «Өлім фабрикасы», Ж.Кассальдың хикаяты ізімен «Тұтқын» т.б. телепъесаларды қазақ теледидарының алтын қорына қосты.

Әдебиеттер:

Қирабаев С. Телесынның сұлтаны // Қазақ әдебиеті.-2001.-27 сәуір.-7-8 6.
Нұрғали Р. Қос қасиет // Егемен Қазақстан.-2001.-28 сәуір.-б б.
Владимиров В. Замандас туралы сөз // Жұлдыз.-2001.-№ 5.-143-147 б.
Тілегенов Б. Ақын елі, ақын жері: (С. Оразалиновтың «Абай елі» атты кітабы жайлы) // Халық кеңесі.-1995.-1 наурыз.

21Оспанов Мұратбек

Болашақ ақын Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында 1962 жылы туған. 1979 жылы орта мектепті бітірген соң аудандық «Совхоз туы» газетінде әдеби кызметкер болып бір жылдай қызмет етті. Ең алғашқы өлеңдері 6-класс оқып жүргенде «Шыңғыстау» газетінде жарияланды, студент кезінде жазылған өлеңдері 1987 жылы шыққан «Аудитория» атты жинаққа енгізілді.
1980 жылы Алматыдағы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі. Аралығында екі жыл әскери міндетін өтеп қайтқан соң, оқуын жалғастырып 1987 жылы бітіріп шығады.
1980-90 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде Семей, Өскемен, Павлодар облыстарының меншікті тілшісі ретінде сол кездегі өзекті мәселелерде қалам тартқан ұтқыр журналист ретінде танылды. 1980-89 жылдары «Семей таңы» газетінде қызмет етті. М. Оспанов мерзімді басылымдарда жиі жарияланып, өзі тұстас поэзияның жас жүйріктерімен жарысқа түсіп, қырланып та, шыңдалып та қалған ақын. Топтама жырлары жас ақындардың ұжымдық жинағына енді, Ақын өлеңдері халық көмейіндегі айтылмақ ойды дөп басады.
«Сандықтас» атты өлең жинағында:

Қалдырса деп бір мұра ұрпағыма,
Қамшы бастым талаптың тұлпарына,
Бар сырымды ішіне бүктедім де.
«Сандықтас» – деп ат қойдым жинағыма дейді ақын Мұратбек.

1985-87 жылдары республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты болды.
1992 жылдан ақын республикалық «Абай» журналының жауапты хатшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, талантты журналист Мұратбек Оспанов өзінің өткір тіл, алғыр ойымен аудандық «Совхоз туында» тіл ашып, «Семей таңындай» қара шаңырақтан қанаттанып, «Жас алашта» жалындап жана білген қаламгер көркем сөзбен ғана емес, қараөлеңімен де мойындатып, оқырман жүрегінен жол таба білді.

Әдебиеттер:

Оспанов М. Сандықтас: (Өлеңдер, балладалар, толғаулар).-Алматы: Жанар, 1997.-155 б. Сапышев А. Төрт таған: (Ақынның 40 жасқа толуына орай) // Семей таңы.-2002.-2б сөуір.-12 Оспапов М. Көлеңкедегі көшет: Повесть // Жалын.-1992.-17маусым.
Оспанов М. Көзімнің алды көп емес…// Қазақ өдебиеті.-2004.-17 қыркүйек.-12 б.
Бәшей К. Жұлдыздардың жарығымен жыр жазған//Ертіс өңірі.-2004.- 2 желтоқсан.-16 б.
Мырзақанұлы М. Жерұйық//Ертіс өңірі.-2005.-9 маусым.-З 6.
Тастағанов М. Ақын елдің арадағы //Ертіс өңірі.-2005.-24 қаңтар.-27 6.

71Сабырбай Қайрат

Қайрат Зекенұлы Сабырбай – ақын, журналист, айтыскер. 1965 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданының Шыңқожа өңірінің Ай ауылында дүниеге келген. «Шолпан» кеңшарындағы «Жүзағаш» орта мектебінің түлегі. Әскерден кейін 1985-95 жылдары ауылшаруашылық маманы болды. 1995-97 жылдары Семей қаласындағы «Силикат» зауытында құрылысшы болып жұмыс істеді. 1997 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет бөлімін бітірген филолог.

Қ.Сабырбай – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасының иегері (2004 ж.), ШҚО әкімі атындағы журналистер байқауының 2006 жылғы жеңімпазы. Қайрат Сабырбайдың редакторлық кезеңінде «Ертіс өңірі» газеті ШҚО әкімі атындағы журналистер байқауының 2010 жылғы жүлдегері. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының «Үздік басылым» аталымы бойынша 2009 жылғы жеңімпазы. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауда 2011 жылы екінші мәрте «Үздік басылым» атанды.

1997-98 жылдары – Семей телерадио-компаниясында журналист, 1999-2006 жылдары- «Семей таңы» газетінде аға тілші, 2006-2007 жылдары «ТВК-6» телеарнасында редактор, 2007 жылдан бері «Ертіс өңірі» газетінің Бас редакторы. «Нартолқын» жыр жинағының және «Аймағының абызы» хикаят кітабының авторы. 1990-2002 жылдар аралығында облыстық, республикалық айтыстарға қатысқан. ”Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл” медалінің иегері.

Әдебиеттер:

Сабырбай Қ. Нартолқын.-Семей, 2006.-148 б.
Сабырбай Қайрат Зекенұлы: Өмірбаяны // Ертіс өңірі.-2012.-11 қаңтар.-20 б.