Әдебиет (Н-О)

71Сабырбай Қайрат

Қайрат Зекенұлы Сабырбай – ақын, журналист, айтыскер. 1965 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданының Шыңқожа өңірінің Ай ауылында дүниеге келген. «Шолпан» кеңшарындағы «Жүзағаш» орта мектебінің түлегі. Әскерден кейін 1985-95 жылдары ауылшаруашылық маманы болды. 1995-97 жылдары Семей қаласындағы «Силикат» зауытында құрылысшы болып жұмыс істеді. 1997 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет бөлімін бітірген филолог.

Қ.Сабырбай – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасының иегері (2004 ж.), ШҚО әкімі атындағы журналистер байқауының 2006 жылғы жеңімпазы. Қайрат Сабырбайдың редакторлық кезеңінде «Ертіс өңірі» газеті ШҚО әкімі атындағы журналистер байқауының 2010 жылғы жүлдегері. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының «Үздік басылым» аталымы бойынша 2009 жылғы жеңімпазы. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауда 2011 жылы екінші мәрте «Үздік басылым» атанды.

1997-98 жылдары – Семей телерадио-компаниясында журналист, 1999-2006 жылдары- «Семей таңы» газетінде аға тілші, 2006-2007 жылдары «ТВК-6» телеарнасында редактор, 2007 жылдан бері «Ертіс өңірі» газетінің Бас редакторы. «Нартолқын» жыр жинағының және «Аймағының абызы» хикаят кітабының авторы. 1990-2002 жылдар аралығында облыстық, республикалық айтыстарға қатысқан. ”Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл” медалінің иегері.

Әдебиеттер:

Сабырбай Қ. Нартолқын.-Семей, 2006.-148 б.
Сабырбай Қайрат Зекенұлы: Өмірбаяны // Ертіс өңірі.-2012.-11 қаңтар.-20 б.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8