Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Әдебиет (С-Ы)

30Сейсенбаев Роллан

Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық.атқару комитетінде қызметтер атқарған, Мәскеудегі М.Горький атыңдағы Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты бітірген.

Қазақ жазушысын өз жұрты ғана емес, өзге жұрт та таныды. Оның «Тау басында түйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. «Всего одна ночь», «Если хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.

Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп койды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды.

Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.

Әдебиеттер:

Сейсенбаев Р. Өмір қымбат, Отан одан да қымбат //Парасат.-1995.-№ 5.-136.
Сейсенбаев Р. Адамдарды ізгілік біріктіреді // Семей таңы.-1991.-12 сәуір.
Сейсенбаев Р. Ұлы мұралар ұрпақка жетеді // Егемен Қазақстан. -2002. -13 сәуір.- 6 б.
Сейсенбаев Р. Игі жақсылардың көбі Абайдан бейхабар…»: Жазушымен сұхбат // Ертіс өңірі.-2009.-28 қаңтар.-8 б.
Зекеұулы Қ. Жазушымен кездесу //Семей таңы,-2001.-9 ақпан.-5 б.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11