Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Әдебиет (С-Ы)

29Сәрсеке Медеу

Жазушы Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық инстиутына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды.

Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды. «Ғажайпы сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады.

Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады.

Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.

2002 жылы академик Қ. Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан сутеткер еді.

Жазушы тағы да бір есімді оқырмандарына танытып отыр. Ол «Ғибратты ғұмыр» сериясымен «Ебіней Бекетов» атты күрделі еңбек еді. Мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, біртуар ғалым Ебіней Арыстанұлы Бекетовтің қиын да, қилы тағдыры, ғұмыр тарихы туралы сыр шертеді.

Әдебиеттер:

Сәрсеке М. Мәскеу «ЖЗЛ» сеиясы. 9-кітап // Егемен Қазақстан.-2010.-29 желтоқсан.-13 б.
Сәрсеке М. Қырық жыл өмірімді Сәтбаевқа арнағаныма титтей де өкінбеймін // Дидар.-2010.-27 наурыз.-5 б.
Сәрсеке М. Газетпен бірге есейдім // Семей таңы.-2009.-3 желтоқсан.-5 б.
Сәрсеке М. Тамыры тереңге жеткен: ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Бекетов туралы // Семей таңы.-2005.-18 наурыз.
Сәрсеке М. Абай тойы.- Алматы: Атамұра, 1996.-288 б.
Сәрсеке М. «Ақылды адам арманмен егеспейді: «Бес тұғыр» жинағы туралы // Семей таңы.-2000.-1 қыркүйек.
Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе .- Алматы: Атамұра, 1999.-592 б.
Сәрсеке М. Тарақты және Қаракесек шежіресі.- Алматы: Атамұра, 1995.-272 б.
Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі.-2004.-22 қаңтар.-27 .
М.Сәрсекенің «Сәтбаев» ғұмырнамасы Мәскеуден шықты // Дидар.-2003.-27 желтоқсан.-2 б.
Сәрсеке М. Сәтбаев әлемінің сыры // Семей таңы.-2002.-6 қыркүйек.-4 б.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11