Әдебиет (С-Ы)

31Сұлтанбеков Мұрат

Мұрат Сұлтанбеков 1938 жылы 28 қаңтарда дүниеге келді. Семей қаласының тумасы Мұрат Сұлтанбековтің шығармашылық жолының басталуы қатаң саясаттың алпысыншы жылдарының басына дәп келді.
Бұл замана толқуы қазақ мәдениетіне әнде Шәмші, Бекен, поэзияда Олжас, Тұманбай бастаған жаңа толқынды әкелді. Осы жаңа толқынның өкілі ретінде Семейден шыққан жас ақынның бірі -Мұрат Сұлтанбеков болды.
Ақын Сұлтанбеков – орыс, қазақ тілдерінде бірдей тамаша жазатын, екі тілдің құпия сырларын жетік ұғатын ақын. Ұлы Пушкин музасы мен туған тілден нәр алған Мұрат байтақ республикамыздың кемелді әдебиетінде өз үнін, жүрек сырын орыс тілінде өрнектеп жүрген санаулы қаламгерлердің бірі.
1960 жылы Семей педагогикалық институтын бітіре сала Мәскеу қаласындағы аспирантурада оқыған кезеңі де, 1962 жылы халықаралык жағдайдың шиеленісуіне орай кенеттен әскер қатарына шақырылған жылдары да поэзияға деген құштарлығын ортайта алмады. 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан алғашқы өлеңдер жинағының жарық көруі осы ізденістің арқасы. Орыс тілді қазақ ақыны 1970-80-жылдары да поэзия саласында өнімді еңбек етті. Таза ақындық жүректен төгілген лирикалық өлеңдері мен «Окно однокласницы» атты поэмасында жырлаған шынайы сезім кімді де болса баурап алары анық. Осы жылдары ақын ғалымдық жолын да мұрат етті. «Вопросы литературы», «Дружба народов», «Простор» журнал-дарында ғылыми-публистикалық мақалалары жарияланып жатты.
«Абай поэмалары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. Сұлтанбеков шығармашылығының қомақты бөлігі- Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұраларын зерттеу еңбектеріне тоқталсақ «Дағыстан» поэмасынан басталған Абай тақырыбының желісі Мұрат шығармашьшығынан үзілген жоқ. Оның абайтану іліміне қосқан үлесі Абайдың он өлеңін, 45-қарасөзін, Абай баласы Тұрағұлдың «Әкем туралы» естелігін аударғанын айтуға болады. Мұрат Сұлтанбеков Шәкәрімнің екі бірдей поэмасын «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмаларын, Ғ.Мүсіреповтің «Жалбыр» пьесасын орыс тіліне үлкен шеберлікпен аударды.

Әдебиеттер:

Сұлтанбеков М. Чайка Прииртышья: Өлеңдер, поэмалар және аудармалары.-Семей, 2011.-446 б.
Сұлтанбеков М. Бетховеннің «Аппасиона тасы»; Байырғы тұрғынының; Москва; Күзгі бақта; Алғашқы достарым: (Өлеңдер) Ауд.Е.Асылбеков // Семей таңы.-1988.-28 январь.
Сұлтанбеков М. Өлеңдер: Ауд .Асылбеков Е. // Семей таңы.-1988.-28 январь.
Еспенбетов А. Бәрімізге ортақ орыс тілінде: (М.Сұлтанбеков-50 жаста) // Семей таңы.-1988.-28 январь.
Жанболатов М. «Жалбыр» Кремль сахнасында қойылғанда: (Ғалым, ақын, аудармашы М.Сұлтапбеков-60 жаста ) // Үш анық.- 1998.- қаңтар.
Омаров А. Мұратына адалдық: (Ақынның шығармашылық жолы туралы) // Үш анық.-1998.-қаңтар.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11