Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Әдебиет (С-Ы)

Тәңірбергенов Әріп

Абай шәкірттерінің ішінде аса талантты ақынның бірі – Әріп Тәңірбергенов.

”…Мұраларының бәрінде де Абайға жақын келіп, ой-сана жағынан да, шеберлік, стиль, үлгі жағынан да ұлы ақынның реалистік дәстүріне үнемі иық сүйеп отыратындығын сездіреді” – дейді М.Әуезов.

Әріп ақын бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданында 1856 жылы дүниеге келген.

Ақынның ата-бабалары тарихта белгілі шешен-би, атақты ақын, болған. Байғарадан Ақтайлақ бастатқан он жеті ақын шыққан. Сондықтан, Әріптің ақындық өнеріне әсер еткен өскен ортасы, Байғара бастаған ақындар мектебі болды.

Ауызша мәліметтерге қарағанда, болашақ ақын 11-12 жасынан бастап, ауыл мектебінде сауатын ашқан соң, ары қарай білім алуды арман етеді.

Жас кезінен болашақ ақын өлеңдерін Абайға еліктеп жазған. Әсіресе, ағартушылық, сыншылдық бағыттарына жиі назар аударған. Серікбай қажыға, Байларға, Қабдолла биге, Тәрібек болсықа т.б. өлеңдерінде Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиеті көрінеді. Жастарды оқу, білімге шақырған ”Ғылым туралы”, ”Еңбек туралы”, ”Шәкірттеріме” т.б. өлеңдерінде де Абайдың ағартушылық идеалары жалғасын тапқан.

Әріптің алдын көрген Шұғбан, Шәкір сияқты шәкірт ақындар ұстаз ақынның қасиетін терең түсініп, тебірене жырлайды. Ақын өлеңдерінде Шығыс дастандарындағы ғашықтар аты және араб, парсы сөздері де көп кездеседі. Бұл мәселе Шығыс ақындарының шығармаларын көп оқығандығын және тілді жақсы білгендігін көрсетеді.

Әдебиеттер:

Тәңірбергенов Ә. Тәуке хан мен Ұрқия айтысы // Қазақ әдебиеті.-1994.-4 қараша.
Әріп // Абай. Энциклопедия.- Алматы: «Атамұра», 1995.-720 б.
Бейсенбаев Ә. Әріп ақын туралы жаңа деректер // Семей таңы.-1978.-7 апр.
Жұмаділов Қ. Сонымен Біржан-Сара айтысын шығарған кім? // Қазақ әдебиеті.-1995.-5 желтоқсан.
Кенжебаев Х. Үш өлеңнің тарихы // Семей таңы.-1997.-12 сәуір.
Мұхамедханов Қ. Ақын жыры: Октябрь // Қазақ әдебиеті.-1978.-28 октябрь.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11