Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Әдебиет (С-Ы)

33Туғанбаев Қашаф

Кезінде қазақтың Маяковскийі атанған, қайнардың тумасы, өзінің саяси-әлеуметтік өлендерімен қалың оқырманды баурай білген ақын, драматург Қашаф Айтжанұлы (1924-1993) өмірінің нағыз жемісті кезендерін Семей таңы газетінің редакциясында өткізді.

Ол ақын ретінде республика жұртшылығына ерте танылды. «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінде өлең, дастаны басылып жүрген ақын 1958 жылы «Партбилет» кітапшасы басылысымен жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Өткір де өршіл, жүрек қылынтебірентетін нәзік те сыршыл өлендер оқырман көңіліне дөп тиді.

Ақынжанды ақындар Қашафтың келесі өлендер жинағын асыға күтті. Бірақ ақынның екінші өлеңі 21 жылдан соң 1979 жылы шықты. Өлендерінің көпшілігі Маяковский үлгісімен – әр жолы бөлшектеніп жазылған.

Қашаф ақындық өнермен ғана шектелмей, драматургиямен шұғылданды. Соның дәлелі ретінде «Қызыл Қатыран» деген пьесасы бірінші рет Семей облыстық театрында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алды. Бұл шығармасында ауыл шаруашылығын коллективтендіру мәселесін негізге ала отырып, сол кездегі ел өмірін бейнелейді.

Қашаф Тұғанбаев біраз жыл Абай мұражайын басқарып, театрда әдеби кеңесші болып та қызмет атқарды. Сөйтіп, облыс мәдениетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Әдебиеттер:

Тұғанбаев Қ. Ауылым менің осындай // Ертіс.- 1966. – 26 февраль
Тұғанбаев Қ. Даланың қожасы: (Өлең) // Семей таңы. – 1978. – 20 сентябрь.
Тұганбаев Қ. Жеңіс, бейбітшілік, сәби: (Өлендер) // Семей таңы.-1982.-8 май.
Тұғанбаев Қ. Қайнар сағынышы: (Өлең) // Семей таңы.-1975.-3 января
Тұғанбаев Қ. Новосибирск. Мен Советтің тумасы. Қосылайық домбырам: (Өлендер) // Семей таңы. – 1979. – 13 апреля
Тұғанбаев Қ. Партбилет: Өлендер жинағы. –Алматы: ҚМКӘБ, 1958. – 49б.
Алексеев Н. Бір беттен қайтпаған: (Естелік) // Семей таңы. – 1994. – 21 мамыр.
Имаханов Б. Ақылшы ағамыз еді: (Естелік) // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.
Қабылбаев С. Асылдың сынығындай жарқылдаған: (Қ.Туғанбаевтың туғанына 70 жыл) // Семей таңы. – 1994. – 21 мамыр.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11