4

1955 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы әкімшілігіне қарасты Шақаман ауылында туған.

Аға лейтенант , арнаулы мақсаттағы отряд бөлімінің  командирі. КСРО Қарулы Күштері қатарына 1972 жылы 1 тамызда  шақырылды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқиды. Екінші курстан кейін Алматы Жоғары әскери училищесіне түседі.

1972 жылы 1 маусымда КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Әскери борышын Семей гарнизоны әскери бөлімдерінде өтейді. 1982 жылы сәуір айынан  Кеңес әскерінің   Ауғанстандағы  шектеулі контингенті құрамында болды. Ұрыс барысында жаудың атыс ұяларын  жойған Ауғанстан ротасы шабуылға  шығып, қарсы жақтың негізгі күшін талқандады. Осы шайқаста ол басқарған ұрыс машинасы минаға түсіп жарылды.

1982 жылы 15 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).  Шақаман ауылында жерленген.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 74 б.

Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php