141967 жылы 28 қарашада Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Первое мая селосында дүниеге келген.

М.И. Калинин атындағы ұжымшарда механизатор болып еңбек етеді.

1986 жылы 15 қарашада Үржар аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 жылы қаңтарда Ауғанстанға жіберіледі. Қатардағы жауынгер, гранататқышшы.

1988 жылы 19 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Первое мая селосында жерленген. Осы көшеге оның есімі берілген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:

1. Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. — 96 б.
2. Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php