414

1962 жылы 8 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. №12 орта мектепті бітірген соң, «Семипалатинскжилстрой» құрылыс басқармасында еңбек етеді.

1980 жылы 28 қазанда Семей қаласындағы Ленин аудандық әскери  комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1982 жылы 5 қарашада жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Семей қаласында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер: 

1.Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 133 б.

2.Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php