1969 жылы ШҚО облысы, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келген. Семей политехникалық техникумын бітірген. КСРО қарулы күштер қатарына 1987 жылы қараша айында шақырылған.  Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында 1988 жылы наурыз-1989 жылы ақпан айлары аралығында болды. Ауғанстанның Тхар уәлаятындағы Талукан қаласы мен  Құндыз уәлаятындағы  шекара әскерінің  мотожылжу  тобының  минаатар батереясында  минаатар  оқтаушысы болып  әскери  міндетін өтеді. Бірнеше жауынгерлік  операцияларға қатысып, батылдығымен, ерлігімен көзге түсті. КСРО, Ресей, Ауғанстан  және Қазақстанның медальдарымен марапаталған. 1990-94 жылдары  Семей Ет  комбинатында техник-механик болып еңбек етті. 2002 жылдан Семей қааласындағы жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Ауған соғысының ардагері, қатардағы жауынгер.

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. -78 б.