1964 жылы 24-ші сәуірде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз қаласында туған. КСРО Қарулы Күштері қатарына  1981 жылы 11 тамызда  шақырылған. Ташкент жоғары әскери  командалық училищесін бітірген. 1985 жылы қыркүйек айынан Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында болды. Бірнеше рет автокөлік легін алып жүруге  және  жолдардың бағытын қорғауға қатысқан. Жмаев Константин өз взводымен Кабул-Желалабад жол бағытын қорғау кезінде жаудың жолды  миналап жатқанын байқайды. Қарсыластарына күтпеген шабуыл жасап, олардың жоспарын бұзады. Тұрақты орналасу пунктіне қайтар жолда ол отырған  жаяу әскердің ұрыс машинасы (БМП) аударылады. 1985 жылы  31 қазанда  қайтыс болды. Қаза тапқаннан кейін  Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Украинадағы Черкасск қаласында жерленген.

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 194 б.