1969 жылы 3 сәуірде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Бахты аулында туған. Семей қаласындағы  № 14 орта кәсіптік- техникалық училищені бітірген. КСРО Қарулы Күштері қатарына 1987 жылы шақырылған.

1987-1989 жылдары Ауғанстандағы Джабали Уссараужда орналасқан әскери бөлімде көлік командирі болып, бірнеше жауынгерлік операцияларға қатысқан. Қазір Қапшағай қаласында «Отис» күзет бөлімінде директор. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 306 б.