1967 жылы  27-ші  тамызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы,  Емельтау ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылды. 1986 жылдың  23 сәуірі – 1987 жылдың  9 қарашасы аралығында  Кеңес әскерінің  Ауғанстандағы  шектеулі контингенті құрамында Логар уәлаяты Бараки елді мекенінде  аға барлаушы  және бөлімше  командирі болды. Қазір Шығыс Қазақстан  облысы, Абай ауданының Ішкі  істер  бөлімінде жұмыс істейді.

Қызыл  Ту  ордені  және «Ерлігі  үшін», « КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан» т.б медальдармен марапатталады. 

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 340 б.