100

1968 жылы 11 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, аяқ киім фабрикасында  еңбек етеді.

1987 жылы 6 мамырда  Семей қаласындағы Киров аудандық әскери  комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1987 жылы тамыз айында Ауғанстанға жіберіледі. Ефрейтор, пулеметші. 1988 жылы 4 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Семей қаласында жерленген.  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

                                                                Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 372 б.