54

1962 жылы 27 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Семей политехникалық техникумын бітіреді. 1981 жылы 3 сәуірде Семей қаласындағы Калинин аудандық әскери  комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1981 жылы тамыз айында Ауғанстанға жіберіледі. Ұрыс операцияларында  батылдық пен  шешімталдық танытты.

1982 жылы 16 қаңтарда  Карабах елді мекені маңында жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Семей қаласында жерленген.  Осы қалаада көше есімі берілген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 407 б.