1969 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма  ауданы, Шар қаласында дүниеге келген. КСРО Қарулы Күштері қатарына Шығыс Қазақстан  облысы, Жарма аудандық әскери комиссариатымен шақырылады. Әскери борышын Кеңес әскерінің  Ауғанстандағы  шектеулі  контингенті құрамында өтеді. Қазір Жарма ауданы, Қалбатау ауылында тұрады. Шығыс Қазақстан  облысы, Жарма аудандық ауған соғысы  ардагерлері қоғамдық бірлестігі кеңесінің  мүшесі.

«Жауынгерлік ерлігі үшін», «КСРО Қарулы  күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан» естелік медальмен,  «Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 15 жыл» т.б медальдармен марапатталған.

                                                              Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 429 б.