55

1959 жылы 26 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы №74 кәсіптік-техникалық училищеде оқиды. 1978 жылы 12 қарашада Семей қаласындағы Ленин аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.1979 жылы желтоқсан айында Ауғанстанға жіберіледі. 1980 жылы 20 шілдеде Бахарак өзенінде болған ұрыста ауыр жараланып, жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Семей қаласында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық /  Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 431 б.