Тұлғалық өсу клубында өзіңнің жасырын мотивтерінді көріп, мінез-құлқыңның айналаңдағы адамдарға қалай әсер етінін бақылап,  қандай да бір әрекеттеріңнің үнемі бір нәтижелерге әкелетінін көруді үйренесің, өзіңді және айналаңдағы басқа адамдарды көбірек түсініп, мол тәжірибе жинақтайсың.

Тұлғалық өсу клубында өз  дағдыларыңды жетілдіріп, мінез-құлықтың жаңа тиімді моделін тауып, оларды нақты өмірмен  ұштастыруыңа болады.

Тұлғалық өсу клубында жоспарланған нәтижелерге жету үшін    қабілетіңді тексеріп, шеберлігінді көрсетіп, тұлғалық өсу аймағынды  табуыңа болады.

Мақсаты:

  • Қатысушылардың тұлғалық өсуіне креативті бейімдеу, ішкі еркіндігін кеңейтуге,  коммуникативтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету;
  • Жұмыстың оң нәтижелі және тиімді идеялармен алмасу кеңістігін құру;
  • Өзіңді жаңа және өзге қырыңнан көруге жағдай туғызу, қалыпты мінез-құлықтың қандай жағдайға әкелетінін көру;
  • Мінез-құлықтың жаңа және неғұрлым тиімді стратегиясын қалыптастыру, бұл стратегияларды тренингтік кеңістіктен нақты өмірге көшіру;
  • Демеуші және дамытушы орта – адамдармен қарым-қатынас, өзіңді түсінуге және өз өміріңді жақсартуға, оны бақытты етуге, жаңа нәтижелерге жетуіге ұмтылдырады.

Міндеттері:

  • жеке қасиеттерді жетілдіруге мүмкіндік беру (өзін-өзі тану, тұлғалық дамуды бағдарламалау және өзін-өзі жетілдіру);
  • топты басқару және командада жұмыс істеу дағдыларын алыптастыру;
  • білім алушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
  • тәжірибелік білімді «оқыта отыра, оқимын» принципіне бағыттау;
  • өз-өзіне деген терең сенімділік қабілетін дамыту;
  • өз тілегін сезіну, өз ойларын бақылау, өз ісіне негізделген жауапкершілікті жоспарлау дағдыларын қалыптастыру;
  • креативті өсуге (шығармашылық қабілетке) жаңа тәжірибеге талпынуға ықпал ету;
  • шынайы өмірде өзіңді боямасыз табиғи қалпыңда қабылдауды үйрену;
  • бөтеннің сеніміне, әлеуметтік ортаға, жат пікірлерге тәуелді болмауды және өзгенің сеніміне төзімділікпен қарауды қалыптастыру.

Тұлғалық өсу клубының мәртебесі

  1. Ерікті бірлестіктегі адамдар тобы бір мақсат, мүдде, қызығушылықтары негізінде бірігіп, қауіпсіз орында, сенімді еркін атмосферада қарым-қатынас жасап, тиімді жұмыс жүргізеді.
  2. Клуб мәдени және интеллектуалды өсуге, рухани дамуға бағытталған барлық ниет білдірушілер үшін ашық болып табылады.
  3. Клубтың қызметі ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Клубтың қызмет сипаты — танымдық-тәрбиелік, шығармашылық.
  5. Кездесудің өткізу әдістері (сабақтар, тренингтер, семинарлар, шеберлік кластары).

 

Кездесу күндері: сейсенбі күні 16:00-ден 18:30-ға дейін

Жексенбі күні 16:00-ден 18:00-ға дейін

Үйлестіруші:  Саветова Айдана         87474480297

Парфенович Марина   87079611600