28 қаңтар – Жазушы,  ақын,  аудармашы әдебиет зерттеуші  Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековтың туғанына 80 жыл (1938)                                                                                    

Ақын, аудармашы  Мұрат Сұлтанбеков Семей қаласында 1938 жылы 28 қаңтарда дүниеге келді. Ақын Сұлтанбеков – орыс, қазақ тілдерінде бірдей тамаша жазатын, екі тілдің құпия сырларын жетік ұғатын ақын. Ұлы Пушкин музасы мен туған тілден нәр алған Мұрат байтақ республикамыздың кемелді әдебиетінде өз үнін, жүрек сырын орыс тілінде өрнектеп жүрген санаулы қаламгерлердің бірі.

1960 жылы Семей педагогикалық институтын бітіре сала Мәскеу қаласындағы аспирантурада оқыған кезеңі де, 1962 жылы халықаралык жағдайдың шиеленісуіне орай кенеттен әскер қатарына шақырылған жылдары да поэзияға деген құштарлығын ортайта алмады. 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан алғашқы өлеңдер жинағының жарық көруі осы ізденістің арқасы. Орыс тілді қазақ ақыны 1970-80 жылдары да поэзия саласында өнімді еңбек етті. Таза ақындық жүректен төгілген лирикалық өлеңдері мен «Окно однокласницы» атты поэмасында жырлаған шынайы сезім кімді де болса баурап алары анық. Осы жылдары ақын ғалымдық жолын да мұрат етті. «Вопросы литературы», «Дружба народов», «Простор» журналдарында ғылыми-публистикалық мақалалары жарияланып жатты. Мерзімді баспасөзде шығармалары жиі жарияланып тұрады. 1971 жылы филология ғылымының кандидаты дәрежесін алған. Ақынның «Новые стихи», «Иртышский остров», «Акылбай Кунанбаев. Дагестан», «Всю жизнь с Абаем», «Поэтическое вдохновение: Абай», «Шакарим и Мухтар», «Шакарим. Казах в зеркальном отражении» сияқты жыр жинақтары мен аударма кітаптары жарық көрген.

«Абай поэмалары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шыққан Сұлтанбеков шығармашылығының қомақты бөлігі- Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұраларын зерттеу еңбектеріне тоқталсақ «Дағыстан» поэмасынан басталған Абай тақырыбының желісі Мұрат шығармашылығынан үзілген жоқ. Оның абайтану іліміне қосқан үлесі Абайдың он өлеңін, 45-қарасөзін, Абай баласы Тұрағұлдың «Әкем туралы» естелігін аударғанын айтуға болады. Мұрат Сұлтанбеков Шәкәрімнің екі бірдей поэмасын «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмаларын, Ғ.Мүсіреповтің «Жалбыр» пьесасын орыс тіліне үлкен шеберлікпен аударды.

Сұлтанбеков әр жылдары Семей педагогикалық институтында аға оқытушы, Талдықорған Мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында аға оқытушы, облыстық білім басқармасында инспектор, Семей облыстық әкімшілігінде аудармашы, республикалық «Абай» журналында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

2003 жылы Семейдің облыстық Абай атындағы сазды-драмалық театры «Жұлдызды аспан» – «Звездное небо» атты пьесасын қазақ және орыс тілдерінде сахнаға шығарған. Ақын, аудармашы, драматург көптеген Құрмет грамоталармен марапатталған.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Байторина, Н. “Влюбленный в пушкинскую лиру…” // Вести Семей. – 2018. – 6 февраля. –  С. 2

Демежанов, Т. М. (к.ф.н.). “Мне повезло на песни и друзей…”  // Вести Семей. – 2018. – 13 февраля. –  С. 4

  1. Еспенбетов А. Бәрімізге ортақ орыс тілінде: М.Сұлтанбеков-50 жаста // Семей таңы. – 1988. – 28 январь.
  2. Жанболатов М. «Жалбыр» Кремль сахнасында қойылғанда: ғалым, ақын, аудармашы М.Сұлтанбеков-60 жаста // Үш анық. – 1998. – қаңтар.
  3. Жолымбет Қ. “Көк меридиан” деректермен құнды // Семей таңы. – 2013. – 10 қыркүйек. – Б.6
  4. Жолымбет Қ. Қос алыптың әлемін айшықтаған туынды: Ғалым М.Сұлтанбековтің “Абай и Шакарим в ХХІ веке” атты тың жинағы жарық көрді // Семей таңы. – 2015. – 27 қазан. – Б.6
  5. Кәріпбаев С. Өмірден орнын тапқан // Семей таңы. – 2013. – 1 наурыз. – Б.7
  6. Кемелбаева А. Шәкәрімнің үш поэмасын аударған ақын // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 22 мамыр. – Б.5.
  7. “Ләйлі-Мәжнүн” орыс тілінде жарыққа шықты // Семей таңы. – 2011. – 12 тамыз. – Б.2
  8. Мальцева, О. “Слава мастеру слова!”// Вести Семей. – 2018. – 23 января. – С. 4
  9. Нугуманова, Гульмира. Не меркнет дарование с годами // Вести Семей. – 2012. – 10 апреля. –  С. 3 : фото
  10. Сұлтанбеков М. Әдебиет пен тарих үзеңгілес еді ғой … // Қазақ әдебиеті. – 2010. – 24-30 қыркүйек. – Б.4.
  11. Сұлтанбеков М. Синий меридиан. Алашорда. Аттила. – Семей: ПК “Семей-Печать”, 2013. – 325 с.
  12. Сұлтанбеков М. Чайка Прииртышья: Өлеңдер, поэмалар және аудармалары. – Семей, 2011. – 446 б.
  13. Токашева, Н. “К Абаю идешь всю жизнь…” – убежден М.Султанбеков  // Спектр. – 2018. – 31 января. –  С. 4_