Семей қаласының құрметті азаматтары

«Семей қаласының құрметті азаматы» атағы қалаға сіңірген ерекше еңбегі, қабілеттілігі, дарындылығы мен инициативасын қоғамдық мойындаудың белгісі ретінде бағаланып, қалалық мәслихат қала әкімінің ұсынысымен беріледі. Семей қаласының тұрғынына қалада 25 жылдан артық жұмыс істеп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты жеке үлесі мен сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі.

Атап айтқанда, өндірістік және әлеуметтік инфраструктуралар құрғаны үшін; қаланың білім, денсаулық, мәдениет және құқық қорғау органдары мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, қала көшелерін, алаңдарын, саябақтарын, жағалауды және басқа да объектілерді көркейтуге жеке өзінің үлес қосқаны үшін; тұрмысы нашар отбасыларына, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарға, тұрақты түрде көмектескені, сондай-ақ соғыс кезінде ордендермен, медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және соғыстан кейін қаланың әлеуметтік-экономикасына қосқан зор үлесі үшін, ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер саласының атақты қайраткеріне, республика мен қаланың интеллектуалдық потенциалының рухани өсуі мен дамуына жеке өзінің қосқан үлесі, қоғамдағы ұлтаралық келісімді сақтауға арналған жемісті еңбегі үшін беріледі.
«Семей қаласының құрметті азаматына» диплом және арнаулы үлгідегі куәлік пен белгі беріледі.

«Семей қаласының құрметті азаматтары» бөліміне ақпараттар беруде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өлкетанушы Әзімхан Сәдуақасұлының құрастырған «Семей қаласының құрметті азаматтары» кітабы, ШҚО-ның қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы құрастырған «Семей қаласының құрметті азаматтары: 1968-1999 жылдар» құралы пайдаланылды, сонымен қатар, кітапхананың дербес электрондық мәліметтер «Семей» қорынан, жергілікті басылымдардан алынды.
«Семей қаласының құрметті азаматтары» бөлімінен Семей қаласында өмір жолдары кейінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай азаматтардың халқына, еліне сіңірген еңбектерімен таныса аласыздар.

А-Г

Е-И

К-М

Н-Р

С-Т