1 мамыр – Ақын, профессор Бауыржан Жақыптың туғанына 55 жыл (1963)

121963 жылы Шығыс Қазақстан облысының, Абай ауданы, Аққора ауылында дүниеге келген. Бауыржан Жақыпов Абай ауданы Архат мектебін алтын медальға бітіргеннен кейін Алматыдағы КаМУ-дің журналистика мамандығын алған соң, еңбек жолын Қазақ теледидарының әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор ретінде бастаған.

Бүгінде оның өнер өлкесінде ақын Бауыржан Жақыпов деген лайықты орны бар. Жерлес ақынымыз Бауыржан Жақып өлеңдегі өзіне тән аяқ алыспен өз оқырмандарын тауып үлгерген қаламгер. Жыр өлкесіне жастайынан ат шалдырған Бауыржан ақынның бірнеше жыр жинақтары қалың оқырманына 1980 жылдардың ортасынан бері жол тартып келеді. Қаламы қарымды, жырлары жалынды келетін Бауыржанның таяу арада «Отырар кітапханасы» сериясы бойынша «Өлке» баспасынан жарық көрді. «Қолтаңба» деп аталатын жинағында кейінгі жылдарда жадына түйген туған жер, өскен өлкеге деген құштарлық сезімі өлең боп өрнек тапқан. Ата-баба, әке, әжеге деген перзенттік пейілден төгілген шырайлы шумақтар сағыныш сазымен үндесе түскен.

1984 жылы өткен жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар Одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. «Көзімнің нұры», «Айдындағы аспан» және «Ақ лақ» атты жеке өлең кітаптары жарық көрген.

Ақынның «Көзімнің нұры» деген кітабы ауыл тақырыбына арналған. Балалық шақ, ауыл, әже тақырыбына келгенде өлеңдері ерекше құлпырып сала береді. Қанық бояу, шебер тіл образы оқырманды еріксіз елең еткізеді. Ақынның «Әке туралы балладасынан» әкесінің өмір жолы елестейді. Қай тақырыпқа өлең жазбасын өзіне тән өрнегі, табиғи мінезінен ауытқымайтын айрықша қолтаңбасы бар.

2009 жылдың 5 қарашасында Семей қаласында жерлесіміз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Қазақстан Журналистер Академиясының академигі, белгілі ақын Бауыржан Жақыптың «Қолтаңба» атты әдеби-музыкалық шығармашылық кеші өткізілді.

Бауыржан Жақып – қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі. М.Мақатаев атындағы сыйлықтың, Македонияның Скопье, Түркияның «Елазығ», Стамбул, Әзірбайжанның Баку шаһарларында өткен Бүкіл түркі дүниесі ақындары фестивальдарының лауреаты. Шыңғыс Айтматов  атындағы академияның академигі (2011), «Қазақ энциклопедиясы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры (2009), көрнекті ғалым.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Асығы алшысынан түскен ақын [мәтін] : бауыржан Жақыптың “Білте шамның жарығы” бар жүрекке нұр шашты / С. Қасымжанұлы // Семей таңы . – 2013. – 4 маусым. – Б. 3
  2. Жақып Б. Қолтаңба [Текст] : әдебиет кеші / Б. Жақып  // Семей таңы. – 2009. – 29 қазан. –  С. 10_
  3. Жақып Б. Тамыздың жиырма тоғызы  // Семей таңы. – 2009. – 3 қыркүйек. –  Б. 3
  4. Жақып Б. Атқаратын шаруа ұшан-теңіз /Сұхбаттасқан О.Жақсанов // Мәдениет.-2011.-№ 8.-8-11 б.
  5. Жақып Б. Қарашығымда таң атқан // Парасат. – 2007. – № 4. –  11 б.
  6. Жанатұлы Е. Зекенұлы Қ. Бауыржанның бесінші жинағы жарық көрді // Семей таңы.–7 маусым.- 4 6.
  7. Көркембаев Р. “Болмасаң де ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз…” // Семей таңы. – 2010. – 14 қаңтар. –  С. 9 ; Семей таңы . – 2011. – 17 маусым. –  С. 1_
  8. Қасым А. Алаштың рухани астанасы ақынын аялады  // Дидар. – 2009. – 12 қараша. –  С. 8_
  9. Қасым А. “Шығыс шынарының” бас жүлдесі – Бауыржан Жақыпта // Семей таңы. – 2011. – 6 қыркүйек. – С. 1 ; Семей таңы. – 2013. – 11 қаңтар. – Б. 2_
  10. Матаев Х.     Әр сөзінен алтын шашырағандай…  = Ақынның бір өлеңі туралы = Дегелең тауының зарын әлемге естірткен = Білте шамның жарығы / Х.  Матаев, Қ. Ғабдоллаұлы, Ғ. Жайлыбай,  Б. Жақып // Семей таңы  . – 2013. – 28 мамыр. – Б. 4_
  11. Ниязбек Р.    Жүрегінен жүлдызды жырлар саулаған [Мәтін] / Р. Ниязбек // Ана тілі. – 2013. – 23 – 29 мамыр. – Б. 9_
  12. Сағимұрат Е. Білікті ғалым “Семей таңында” қонақта болды // Семей таңы . – 2011. – 6 қыркүйек. –  С. 2_