20 шiлде – Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Тыныштықбек Әбдiкәкiмовтiң   туғанына 65 жыл (1953)

114Тыныштықбек Әбдікәкімов Абай ауданының Қарауыл селосында 1953 жылы 20 шілдеде дүниеге келді. 1970 жылы орта мектепті бітірген соң әр түрлі жұмыстарды атқарды. 1989 жылы Семейде ғылыми-әдістемелік орталықта бас редактор болып қызмет етті. 1990-1993 жылдары Абай корық мұражайында ғылыми қызметкер болып қызмет етті. Онан соң Семей педагогикалық институтын 1993 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

1993-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды. Жазушылар Одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жазушылар Одағы ұйымдастырған ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.

Президент стипендиясының иегері Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ақшам хаттар» (1990 ж.), «Рауан» (2000 ж.) жыр жинақтарының авторы. 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Қас.Сақ. Анқымас» атты философиялық еңбегі шықты. Онда автордың әлем халықтарына ортақ қазақтың ғарышты дүниетанымы туралы сөз  болады. Осы негізде өзінше пайымдап, сараптай білуімен оқырманын ойландыра түседі. Қазақ халқы өзін-өзі қалай тану керектігі, қазақ сөзінің құдіреттілігі, алуан қасиеттілігін ақын талмай ізденіп, оны әр қырынан дәлелді түрде баяндайды.

Жазушы Әбіш Кекілбаев ақын туралы былай деп жылы лебізін білдіреді: «Бұл менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім. Ешкімді қайталамайтын, қазақ өлеңдерінде ара-тұра ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына дейін жеткізіп, айдын солға салған аршынды, сонысымен де айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын…»

Әдебиеттер:

  1. Әбдікәкімов Т. Бұл жалғанды “Жалған” деп айтпас едім!: өлеңдер топтамасы // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 13 ақпан. – Б.8
  2. Әбдікәкімов Т. Ұлттық йіс пен “көптілділік” һәм ұлттық иедология // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 16 қараша. – Б.4-5
  3. Әбдікәкімұлы Т.Жазушылық мамандық па? // Қазақ әдебиеті. – 2011. – 21 қаңтар. – С. 5
  4. Әбдікәкімов, Т. Өзің білме, білгеннің тілін алма!” [дейміз бе, не дейміз енді?!] //
  5. Қазақ әдебиеті. – 2013. – 17 мамыр. – б. 1
  6. Әбдікәкімов Т.Байтерек // Семей таңы. – 2017. – 15 тамыз. – Б. 3
  7. Баймырзақызы С. Әбдікәкімұлының әлемі // Айқын . – 2017.- 3 маусым (№ 81). – 25
  8. Ердембеков Б. Тыныш ақынның тылсымы // Семей таңы . – 2011. – 23 тамыз. – Б.4.
  9. Ержанова С. Жан мен ар үйлесімі… // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 19 маусым. – Б.7
  10. Жамалиқызы Т. “Анқыма әліппесі”: Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовпен кездесу кеші // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2012. – №4. – Б.74-79