28 тамыз – Ғалым,физика-математика ғылымдарының докторы, профессор  Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың туғанына 95 жыл (1923-1978)

31Аманов Төлеубай Ыыдырсұлы 1923 жылы 28 тамызда Жаңасемей ауданы, Құрманқожа ауылында дүниеге келді. Семей қаласындағы №16 мектепте білім алып, 1939 жылы ҚазМУ-нің физика-математика факультетіне түседі. 1943 жылы Ұлы Отан соғысы қатарына алынып елін қорғауға қатысады. 1944 жылы ауыр жарақаттан соң еліне қатйтарылып, Семейдегі Н.К.Крупская атындағы мұғалімдер институтында оқуын бітірген соң ұстаздық қызмет атқарады. 1953 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1967 жылы докторлық диссертациясын қорғайды.

Семей педагогика институтының проректоры, ҚазССР ҒА-ның математика және механика институтының директоры қызметін атқарды. 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институының директорының орынбасары және ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры қызметін атқарды. 1972 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті атанды.  Ғалым математика ғылымы саласында өзінің ғылыми-әлемдік маңызы зор еңбегін қорғады. Математика ғылымында «Аманов теориясы» деген үлкен бір ғылыми жаңалығын, өшпес ізін қалдырды. Аманов Төлеубай Ыдырысұлының ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған.  Докторлық диссертациясында функциялардың SB класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. Амановтың жетекшілігімен 10 ғылыми кандидаты әзірленді. 50 жылдан астам ғылыми еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы № 16 мектеп, және туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Т. Ы Амановтың есімімен аталады.

Әдебиеттер:

 

  1. Берікханова Г. Қазақстан математикасын әлем таныды  // Семей таңы. – 2009. – 16 шілде. –  С. 3
  2. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.210
  3. Мадрахимова Г. Ғалым тағылымы: [Семей өңірінен шыққан, аты әлемге әйгілі болған математик, ғалым Төлеубай Ыдырысұлы Аманов туралы] // Дидар.- 2002.-18 мамыр.-Б.4
  4. Наурызбаев Қ. Өмірі формуламен өткен  // Егемен Қазақстан. – 2003. – 25 маусым. – Б. 12.
  5. Түгіс У. Аманов теориясы: [Семейлік жерлесіміз, қазақтың әйгілі математик-ғалымы Т.Ы.Аманов туралы] // Семей таңы.- 1998.-27 тамыз-2 қыркүйек(N30).-Б.9