21 қыркүйек – Семей Мемлекеттік Медицина университетінің ашылғанына 65 жыл (1953) 

5Семей мемлекеттік медицина университетінің ірге тасы 1953 жылы 1 қыркүйекте қаланды.  Семей мемлекеттік медицина университетін ең алғашқы жылдары 320 жас қыздар мен жігіттер емдеу мамандығы бойынша бітіріп шыққан болатын. Онан кейін 1963 жылы педиаторлық, 1991 жылы стоматологиялық, 2003 жылы фармацепт факультеттері ашылды.

СММУ бүгінгі күні –  қарқынды даму үстіндегі жоғары оқу орны. 5 мамандық бойынша дайындық жүргізіп келеді. Алыс-жақын шетелден, өз елімізден 3500-ден аса студент білім алады. 400-ден аса оқытушы, 43 кафедрада ғылыми-педагогикалық және ғылыми-диагностикалық қызмет атқарады. Оның ішінде  10 академик, 50 докторлар мен профессорлар, 200 медицина ғылымының кандидаттары қызмет жасайды.

СММУ-ті бәсекелестік қабілетін инфраструктураның дамуымен үйлестіреді. Студенттер үшін арнайы клиникалық дайындық сапасын жақсарту үшін жеке клиникалық базасы бар: медициналық орталық, стоматологиялық емхана, тренингтік жанұялық-дәрігерлік амбулатория, жаңа класс-муляждармен оқу-клиникалық орталық. Университет  заман талабына сай клиникалық базалармен, зертханалармен, кітап қоры үлкен кітапханамен, компьютерлік кластермен, лингафон кабинетпен жабдықталған.

Әдебиеттер:

  1. Бапанова Ә. “Әлем азаматы” – академик Шарманов: бастамасымен салауатты тамақтану орталығы ашылды // Семей таңы . – 2011. – 19 сәуір. –  С. 2
  2. Дәрігерлер дайындалады // Егемен Қазақстан. – 2013. – 11 қыркүйек. – Б. 7._
  3. Елубай О. Жоғары оқу орындарында // Семей таңы . – 2012. – 3 сәуір. –  С. 3
  4. Қожаев Қ. “Саламатты Қазақстан” Семейде де серпінді  // Семей таңы . – 2011. – 29 қараша.  2 б.
  5. Рақыпбеков Т. Рақыпбеков Т. Шындықты айтпасам ауырып қаламын // Семей таңы . – 2011. – 26 қаңтар. –   4 б.
  6. Семей мемлекеттік медицина академиясы.-Семей, 2008.-356 б.
  7. Сынақ салдарын зерттеу жалғаса береді / Рақыпбеков Т. // Егемен Қазақстан . – 2013. – 10 қыркүйек (№ 208). – 4 .
  8. Шарапиева Л. Пәкістандық жастар жан жадыратты  // Семей таңы . – 2011. – 30 қыркүйек. –  2 б.