11 қыркүйек – Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің ашылғанына 135 жыл (1883)

5Тарихи-өлкетану музейі – Қазақстан және Батыс Сібір музейлерінің ішіндегі ең ірі ғылыми және мәдениет орталығы болып табылады. Оның негізі 1883 жылы 11 қыркүйекте (ескіше) қаланған. Оның алғашқы ұйымдастырушылары болып белгілі зерттеуші ғалым Е.П.Михаэлис, П.Е Маковецкий, Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьев, П.Д.Лобановский т.б.жер ауып келген келген зиялылар музей ісін дамытуда жарқын істердің ұйтқысы болған.  Комитет мүшелері өлкеде географиялық, этнографиялық және экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, көптеген мәліметтер жинастырды.

Батыс-Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі шығарып тұрған құнды басылым «Записки…» бүгінгі күнде таптырмайтын асыл қазынаның деректеріне сүйене отырып қала тарихында елеулі орны бар түп нұсқалармен танысуға болады. Сонымен бірге, ұлы ақын Абай Құнанбаев та осы алғаш құрылған тарихи-өлкетану мұражайын ұйымдастырушылардың бірі болған. Сол мұражайға ақын атамыз 60-қа таяу экспонаттар өткізгенін деректер растайды.  Оның көбі этнографиялық бұйымдар. Үлкен ас салатын табақ, қымыз құятын құтылар, қобыз, асатаяқ, шоқпар, айбалта, қамшы, кебеже т.б. – мұның бәрі Абайдың өзі тұтынған, қолымен ұстаған заттар.            Американдық саяхатшы, журналист Дж.Кеннан осы өлкетану мұражайына ерекше көңіл бөлген. Көп жылдар бойы музейде География қоғамының мүшелері Б.Г.Герасимов, А.Баландин, И.Власов, Г.Корнилов, жергілікті өлкетанушылар ағайынды Болослюдовтар еңбек еткен.

Музей қаланың ортасында бұрынғы Губернатордың үйінде орналасқан.  Бұл ХІХ  ғасырдың аяғындағы архитектуралық ескерткіш өзінің тарихи әсемдігімен көз тартады.

Музей экспозициялары алғашқы бесжылдықтар кезіндегі  өңіріміздің

халық шаруашылығы салаларының құрылып қалыптасуын және даму барысынан сыр шертеді. Стахановтық қозғалыстың алғашқы қолдаушылары Түрксиб темір жолы, ет-консерві комбинаты, кеме жөндеу заводы сияқты алып құрылыстардың салыну тарихымен, еңбек ерлерімен   таныстырады.

Мұнда соғыс жылдарының қасиетті ескерткіштері де көптеп кездеседі. Жерлес батырларымыздың  жеке заттары, киім-кешектері, қару-жарақтары, сирек кездесетін фотосуреттері мен басқадай документтер  кімді болсын толғандырмай қоймайды.

Музей экспозицияларында соғыстар кейінгі бесжылдықтар кезеңін, алға қойған міндеттерді орындау жөніндегі облыс еңбекшілерінің еңбек жетістіктерін  баяндайтын мәліметтер мол. Өңіріміздің ғылымы мен мәдениетінің кешегісі мен бүгіні жайында да құжаттар тың деректер береді. Музей тақырыптық экспозицияны жетілдіру, музей қорын толықтыру, кештер, кездесулер өткізу, түрлі тақырыптарда лекциялар оқу тәрізді шаралар жүргізеді.

Әдебиеттер:

  1. Алтын адам” ұлт мәдениетінің символы // Ертіс өңірі . – 2016. – 7 қыркүйек. – Б. 1
  2. “Алтын адам” сенің қалаңда // Семей таңы. – 2016. – 9 қыркүйек. – Б. 1
  3. “Жыл жәдігерлері” // Ертіс өңірі. – 2014. – 31 желтоқсан. – Б. 13
  4. “Семей – жарқын таланттар Отаны” // Ертіс өңірі . – 2016. – 26 қазан. – Б. 5
  5. “Семейге тарих мұражайы керек” // Ертіс өңірі . – 2010. – 8 қыркүйек. –  С. 8
  6. Абайдың тұңғыш биографына арналған кеш // Семей таңы  . – 2015. – 10 сәуір. – Б. 2
  7. Айтқазин Л. Ақылбек ақынға арналған кеш // Семей таңы  . – 2014. – 11 қараша. – Б. 2
  8. Алтыбай Қ. Арыстар қатарын толықтырсақ  / Л. Әлжан // Ертіс өңірі . – 2011. – 23 наурыз. –  С. 12 ; Семей таңы . – 2012. – 22 мамыр. – Б. 1.
  9. Әлімбек К.    Бағыты айқын Бесқарағай   // Семей таңы. – 2010. – 3 маусым. –  С. 2_
  10. Ел құрметтеген Кенжетілеу // Семей таңы  . – 2014. – 20 мамыр. – Б:. 6_
  11. Исин А. “Семейге тарих мұражайы керек” // Ертіс өңірі . – 2010. – 8 қыркүйек. -8 б.
  12. Кемербаева Г.          Көне сандық мұражайға қойылды // Ертіс өңірі. – 2016. – 24 ақпан. – Б. 2
  13. Көше атауларының көрмесі ұйымдастырылды // Семей таңы  . – 2014. – 28 ақпан. – Б. 2
  14. Күн астындағы күмбездер // Абай. – 2015. – №5. – Б. 31-36_
  15. Құсайын М. Мазмұнды “музей түні” // Ертіс өңірі. – 2016. – 25 мамыр. – Б. 9_
  16. Мамай батыр бейнесі – экранда // Семей таңы  . – 2013. – 11 маусым. – Б. 2_
  17. Мәкенова Б. Мұражайларда оң өзгеріс // Семей таңы  . – 2013. – 31 мамыр. – Б. 2_
  18. Мұражайлардың тарихи маңызы // Семей таңы  . – 2013. – 1 қазан. – Б. 4_
  19. Мұхаметқалиқызы А. Ұлы ақынның қайраткерлік қызметі // Семей таңы. – 2003. – 10 қазан. – 4 б.
  20. Нұғманбекова Р. Шоқ үтік те, тоқ үтік те толып тұр // Егемен Қазақстан. – 2017. – 28 ақпан. – Б. 12
  21. Нұрабаева А. Кеш ажарын кіргізді // Семей таңы. – 2006. – 28 қыркүйек. -5 б.
  22. Облыстағы ауқымды істер : абай еліндегі көшпелі отырыста сарапталды  // Семей таңы . – 2012. – 20 қараша. – Б. 3_
  23. Олимпиада чемпионының олжалары облыстық мұражайда // Семей таңы . – 2016. – 11 қазан. – Б. 2_
  24. Оспанов Д. Зергерлік өнер көрмесі // Семей таңы.-2004.-23 сәуір.-6 б.
  25. Өлкеге құрмет мұражайға қамқорлықтан басталады. // Ертіс өңірі. – 2010. – 24 наурыз. –  С. 8
  26. Өнегелі өмір // Ертіс өңірі. – 2014. – 31 желтоқсан. – Б. 13
  27. Райыс, К. Сарытерек сән түзеп келеді  // Семей таңы  . – 2012. – 17 шілде. – Б. 6
  28. Семей-Невада халықаралық қозғалысы халықтық күрес мектебі [мәтін] / Б. Теміров  // Семей таңы  . – 2014. – 21 ақпан. – Б. 2
  29. Сирек кітаптар көрмесінде // Семей таңы . – 2015. – 11 тамыз. – Б. 2
  30. Тарихи-өлкетану мұражайы ашылды // Семей таңы . – 2013. – 21 мамыр. – Б. 4
  31. Тарихың түгенделмей, танымың түзелмейді // Ертіс өңірі. – 2015. – 24 маусым. – Б. 8
  32. Тарихың түгенделмей, танымың түзелмейді // Семей таңы  . – 2015. – 11 тамыз. – Б. 7
  33. Тәуелсіз елдің мұрагерлері // Ертіс өңірі. – 2016. – 24 ақпан. – Б. 7
  34. Тәуелсіздікке барар жолда // Семей таңы  . – 2016. – 15 сәуір. – Б. 2
  35. Төлегенқызы Ж. Ұлт қасіретіне айналған жандар // Семей таңы  . – 2014. – 27 мамыр. – Б. 2
  36. Шарапиева Л. Шоқ үтіктен тоқ үтікке дейін  // Семей таңы  . – 2017. – 14 ақпан. – Б. 2
  37. Ыбыраева А.Семей мұражайы тарихынан // Қазақ тарихы.-1999.-№ 2.-27-32 б.
  38. Ядролық қару сынағы жылдарындағы Семей // Ертіс өңірі. – 2016. – 22 маусым. – Б. 3