23 қыркүйек – М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің құрылғанына 115 жыл (1903)

44Іргетасы сонау 1903 жылы қаланған, 110 жылдық тарихы бар білім шаңырағында ұлтымыздың ұлылары М.О. Әуезов, Ж. Аймауытов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, Ш. Айманов білім алған. Оқу орнының жарқын бір беті Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геология ғылымының 20 ғасырдағы аса көрнекті ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.

Қазіргі уақытта колледжде М. Әуезов мұражай-класы ашылған. Бұл мұражайда суреттер мен құжаттар, автографы бар кітаптар, ақындар мен жазушылардың портреттері жиналған. М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі күндізгі бөлімге 9 және 11 сынып, сырттай бөлімге 11 сынып негізінде қазақ және орыс тілдерінде 11 мамандық бойынша даярлық жүргізеді. Колледжде оқу 6 компьютер сыныбында, оқу және әдістемелік құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген 60 кабинетте жүргізіледі. Осы жылдар ішінде  60 мыңнан астам мұғалімдер даярлап шығарған. Колледжде әртүрлі қызықты үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді. Колледж студенттерінің арасында «Оратор», «Шешен» клубы кең танымал, КТК (КВН) командасы қала және облыс жастарының сүйікті командасына айналған.

Колледждің оқу-материалдық базасы жақсы жолға қойылған. 72 пәндік кабинет, мамандандырылған 6 компьютерлік класс , 2 спорт зал, ритмикалық, тренаржерлік зал, 30 орынды жатахана, Кітапхана,  оқу залы, асхана жұмыс істейді.

Колледж жылнамасы:

1903 жылы 1 шілде – мұғалімдер семинариясы 3 негізгі сынып және 1 дайындық сынып ретінде құрылды.

1904 жылы – 5 сыныптық жүйеге ауысып, 4 сынып негізгі, 1 сынып дайындық тобы болады.

1920 жыл – халыққа білім беру институты болып өзгереді.

1922 жыл – оқу орнының негізінде екі педтехникум (қазақ, орыс) ашылған.

1937 жыл – педтехникум базасында екі педучилище құрылады.

1953 жыл – екі педучилище біріктіріліп, К.Д. Ушинский атындағы педагогикалық училище аталады.

1957 жыл – оқу орны жабылып қалады.

1963 жыл – оқу орны қайта ашылады.

1968 жылы – оқу орнына М.О.Әуезов есімі беріледі.

1992 жыл 22 мамыр – Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бұйрығының негізінде педучилище педагогикалық колледж болып құрылады.

Әдебиеттер: 

  1. Алдамжарқызы Ш. Ұстаздың ұстазы болу – ұлылық [Текст] : Семейдің М.Әуезов атындағы педагогика колледжінің даректоры, “Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі”, ұлағатты ұстаз Марат Садықұлы Мұхамеджановтың 60 жасқа толуына орай. / Алдамжарқызы Ш. // Ертіс өңірі. – 2005. – 10 наурыз. – С. 16
  2. Еркінұлы Р. Арулар-ай, арулар-ай, ардақтылар…  / Р. Еркінұлы  // Семей таңы . – 2011. – 15 наурыз. –  С. 5
  3. Жанаева Ш.  Өткені – тарих, бүгіні – кемел  : Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге – 110 жыл / Ш. Жанаева  // Егемен Қазақстан. – 2013. – 24 қыркүйек. – Б. 8.
  4. Жанаева, Ш. Өткені – тарих, бүгіні – кемел [Мәтін] : Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге – 110 жыл / Ш. Жанаева  // Егемен Қазақстан. – 2013. – 24 қыркүйек. – Б. 8.
  5. Мұқанова Б.Ж. Тағылымы терең, дәстүрі кемел  // Білім.- 2003.- №4.- б.47
  6. Мұхамеджанов М. «Ұлылардың рухани бесігіне айналған оқу орнын мақтан етемін» // Семей таңы.- 2006.- 15 маусым.- б.5
  7. Мұхамеджанов М. Түлектері ірі тұлғаға айналған // Семей таңы .- 2003.- 22 тамыз.- б.4
  8. Мұхамедханов Қ. Тамаша тарихы бар техникум : Семей қазақ педтехникумына 70 жыл // Семей таңы.- 1992.- 2  маусым.- б.2
  9. Мұхамедханов Қ.    Тамаша тарихы бар техникум  : Семей қазақ педтехникумына 70 жыл / Қ. Мұхамедханов // Семей таңы. – 1992. – 2 маусым
  10. Нұғманбекова Р. Ұлт болашағы – кемел білімінде // Дидар.- 2008.- 4 қараша.- б.2
  11. Сейсенұлы Д. Депутат сыйы  : Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің құрылғанына – 110 жыл / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. – 2013. – 7 маусым. – Б. 7.
  12. Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі // Семей таңы.- 2007.- 26 маусым.- б.11
  13. Сибанбаева, Б. Парасатты өмір парақтары  / Б. Сибанбаева // Ертіс өңірі. – 2015. – 3 маусым. – Б. 8
  14. Тоқтасынқызы, А. Әуезов әлемі – Біртұтас әлем  / А. Тоқтасынқызы // Ертіс өңірі. – 2017. – 11 қазан. – Б. 10-11
  15. Толықбаев С. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы  / С. Толықбаев // Семей таңы  . – 2014. – 9 қаңтар. – Б. 7.
  16. Шарипова, Ү. Ұстаздық тағылыммен өткен ғұмыр  / Ү. Шарипова // Ертіс өңірі. – 2015. – 4 қараша. – Б. 15
  17. Шәріпова, Ү. Ізгілік жолын ұстанған кемел ұстаз  / Ү. Шәріпова // Ертіс өңірі . – 2015. – 25 қараша. – Б. 13