3 желтоқсан – Жазушы, аудармашы  Жекен Жұмақановтың туғанына 105 жыл (1913-1978)

54Жазушы Жекен Жұмаханов Абай ауданы Жүрекадыр ауылында кедей шаруа семьясында 1913 жылы 5 желтоқсанда дүниеге келген. Жекен жастайынан өлең жырға үйір болып, аңыз-ертегілерді жақсы білген. Жас кезінен «бақташы бала» атанып, ауылда қой, сиыр баққан.  1925 жылдан бастап оқыған, алғашында қаладағы 19-орта мектепті, Семей педагогика техникумын, 1935 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, оны айрықша дипломмен бітірді. Бұдан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында ұзақ жылдар меншікті тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Бекен Жұмаханов жас кезінен өлең жаза бастаған. 1905 жылғы орыс революциясына қазақ жазушыларының қатысуы туралы естіген, жинаған материалдар негізінде «Ақ бидай» поэмасын жазды. Поэманың үзіндісі 1939 жылы «Әдебиет майданы» журналында жарияланды. Ж. Жұмаханов соғыс жылдарында, одан кейінгі уақыттарда да барлық шығармашылық қабілетін прозалық шығармалар жазуға жұмсады. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында әуелі Калинин, кейіннен 11-Прибалтика майдандарында «Жауға қарсы аттан» газетінің тілшісі, ротаның саяси жетекшісі болып қызмет атқарды. Соғыстан кейінгі жылдары да Әлия, Мәншүк туралы повестер, әңгімелер жазып, жеке кітап етіп бастырды.

Армия қатарынан 1946 жылдың мартында босаған соң, қайтадан журналистика, әдеби өмірге араласты. Жекен жазушы ретінде «Солдат жолы» (1958), «Жазылмаған кітап» (1959), «Келін» (1960), «Қаракөз қарындасым» (1962), «Үш бәйтерек» (1965), «Соқпақ соңы» (1967), «Адам тау қопарады» (1967), «Мен – жұмысшымын» (1972) т.б. көптеген кітаптардың авторы. Бұларда жұмысшы, малшы, жастар өмірінен алынған ауыл тұрмысы шынайы  суреттелген. Жазушы драматургиямен де шұғылданды. «Махаббат пен мансап», «Ленинге хат» пьесаларын жазды. Осы елеулі еңбектер қазақ әдебиетінің қажырлы қаламгерлерінің бірі – Жекен Жұмахановтың тіршілігінде тындырғаи игілікті ісі, көзі тірісінде жасап кеткен ескерткіші іспетті. Жекен Жұмақанов Н.Гогольдің «Рим» деген әңгімесін, В.Орловтың «Батыл ой» деген кітабы М.Садовянудың «Митра Кокорь» повесі Морис Торездің «Халық ұлы» деген кітабын қазақшаға аударды. Ж. Жұмахановтың жеке әңгімелері орыс, өзбек, қырғыз, украин, латыш, ағылшын, француз поляк тілдерінде жарық көрді.

Жазушы Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 1978 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер: 

  1. Бөпебаев Ә. Елмен етене қаламгер // Ақиқат. – 2004. – № 2. – Б.79-81.
  2. Біләлқызы К. Жәкеңнен көп нәрсе үйрендім // Дәстүр . – 2011. – № 2. – Б.12-14.
  3. Біләлқызы Қ. Ұлы Абайдың немересі Рахиланың үйінде тұрған кезім де болды: // Дидар. – 2012. – 24 ақпан. – Б.20.
  4. Біләлқызы, Қ. Ұлы Абайдың немересі Рахиланың үйінде тұрған кезім де болды.  [Мәтін] : [Жазушы Ж. Жұмахановтың жары Құралаймен әңгіме.] / Қ. Біләлқызы  ; сұхбат: М. Иманғали  // Дидар. – 2012. – 24 ақпан. – Б. 20.
  5. Ескендір Қ. Майдангер мұрасы: жазушы Жекен Жұмақановтың 100 жылдығына орай “Махаббат пен мансап” кітабының тұсаукесері өтті // Егемен Қазақстан. – 2013. – 2 наурыз. – Б.9.
  6. Жұмақанов Ж. Қарагөз қарындасым: әңгімелер. – Алматы: «Жазушы», 1979.- 304 6.
  7. Жұмақанов Ж. Махаббат пен мансап: повестер. – Алматы: Жазушы,1970. – 191 6.
  8. Жұмақанов Ж. Шұбартау таңы: повестер мен әңгімелер. – Алматы, «Жазушы», – 1975. – 150 6.
  9. Жұмақанов Ж. Мен    жұмысшымын: повестер. – Алматы: Жазушы», 1972.- 125 6.
  10. Жұмаханов Ж. Делегат: әңгімелер / құраст. Ә. Бөпебаев. – Алматы: «Жалын», 1983. – 72 б.
  11. Иманғали М. “Қаракөз қарындасым, құралайым…” [Текст] : Сырсарай / Иманғали М. // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 1 қазан. – Б. 10
  12. Иманғали М. “Қаракөз қарындасым, құралайым…”: // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 1 қазан. – Б.10
  13. Иманғалиева М. Жекен Жұмаханов – журналист // Сынып жетекшісі. – 2004. – № 4. – Б.44-46.
  14. Имантаева А. Шығарма шырайы – шеберлік // Ертіс өңірі. – 2004. – 12 ақпан. – Б.27.
  15. Қажмағанбетова Г. Ж. Жұмақанов “Әлиянің ерлігі // Білім технологиялары. – 2012 . – № 3. – Б.13-14.
  16. Нұршайықов Ә. Жекен Жұмақанов // Семей таңы. – 2004. – 9 қаңтар. – Б.4.