3Биологиялық орталық – Семей  қаласының  биология орталығы Шығыс Қазақстандағы балаларды экологиялық, эстетикалық бағытта тәрбиелеп, оларды еңбекке баулу мен білімдерін  ұштауда еңбек етіп келе жатқан ұжым.

1983 жылдан бері Ертістің ортасындағы табиғаты әсем аралда орналасқан осы мекеме 2,06 гектар жерді алып жатыр. Бұл кешеннің оқыту базасы жақсы жолға қойылған. Өзінің құрылған күнінен бастап табиғат төлінің  80 түрінен 400-ге тарта аң-құс бар болса, осылардың 17 түрі Халықаралық және Қазақстанның Қызыл Кітабына енген.  Оқыту –тәрбие барысында 3 сатылы оқу жүйесінде 56 салалық үйірме, оның ішінде 10 үйірме қазақ тілінде өз жұмыстарын жүргізіп келеді.

Екі бағыты үйірме жұмыстары болса, үшіншісі билогиялық ғылыми жұмыстарын тереңдете зерттеу болып табылады.

Биологиялық орталық негізінде жазғы экологиялық «Отан» легерінде 500 оқушы демалып қана қоймай, түрлі аң-құстармен танысып, оқу жоспарлары негізінде өз таным, білімдерін толықтырады.

Мұнда АҚШ-тан, Германия, Қытай, Түрік елдерінен арнайы қонақтар келіп, орталықтың жұмысын тамашалады.

Әдебиеттер:

  1. Жоламанова П. Биологиялық орталық – балалар қуанышы // Семей таңы.-1998.-20 тамыз.
  2. Қира Ө. Хайуанаттарға қамқорлық // Ертіс өңірі.-2003.-9 мамыр.-3 б.