Еременко Анатолий Семенович

Еременко Анатолий Семенович 1931 жылы туған. Білімі жоғары – Алматы мемлекеттік зооветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
Бас зоотехник, Первомайское МТС-і директорының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы инспекциясының бас зоотехнигі, «Долонский» құс кеңшарының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары – бас зоотехник, «Семиярский» кеңшарының директоры, ауыл шаруашылығы өндірісі басқармасының бастығы, Бесқарағай аудандық Халық депутаттары кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Аякөз аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы, Қазақтан коммунистік партиясы Бородулиха аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Семей облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ зардаптарын жою комитетінде Семей қаласы бойынша әлеуметтік сұрақтар бөлімінде қызмет атқарған.
1995 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
1996 жылы Семей облыстық соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасы болып және Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
1997 жылдан бастап Семей қаласыныңі соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары.
«Қазан революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Мақтау белгісі» ордендерімен, Қазақстан Республикасының «II-дәрежелі Достық» орденімен марапатталған.
«Ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» және одан басқа тоғыз мерейтойлық медальдардың иегері.
Екі мәрте Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің, екі мәрте Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мақтау қағаздарымен» марапатталған.
Семей қаласының, Бородулиха және Бесқарағай аудандарының құрметті азаматы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 226-227 б.

 

Ерсәлімов Балтабек

g6Балтабек Ерсәлімов – өлкетанушы, журналист, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, «Абай» қорының президенті.
Балтабек Бәзілұлы Ерсалимов 1938 жылы 28 ақпанда қарапайым отбасында дүниеге келген. Нағашы атасы Ахметбек Ысқақұлы оқыған, көзі ашық сауатты адам болған. Сол кездегі аты шыққан зиялы қауыммен тығыз байланыста болғанын дәлелдейтін тарихи құжаттар, естеліктер кездеседі.
Ысқақтың баласы Ахметбек туралы деректер аз болғандықтан, «Сен осы Абай атамызға қалай жиенсің?» деген сауалды жиі қояды. Балтабек ағамыздың оған жауабы да дайын: «Ысқақтан Ахметбек, Ахметбектен Қапиза туады. Қапизаның соңында қалған жалғыз тұяқ мен Балтабекпін. Сонда мен Абай мен Ысқаққа жиеншар. Ысқақтың баласы Ахметбекке туған жиен боламын»,-дейді екен. Балтабек Бәзілұлының анасы Қапиза Ахметбекқызы ұлы Абайдың інісі Ысқақ Құнанбайұлының баласы. Анасы кішкене кезінде аталары Абай мен Ысқақты көзімен көріп, сол кездегі Абай, Ысқақ ауылындағы адамдардың өмірі мен есімін жадына тоқыған аса шежірешіл адам болған. Анасы көп құрсақ көтерсе де артында қалған жалғыз тұяқ Балтабек аға ғана болды. Балалық шақпен ерте қоштасқан Балтабек анасымен бірге семья тауқыметін бірге көтерісті. Өмірдің қиындығын татып өскен бозбала өмірдің күрес, оны еңбекпен жеңу керек екенін білді. Әкесінің жоқтығын білдіргісі келмеді. Сөйтіп, облыстық «Прииртышская правда» газетіне курьер (қағаз тасушы) болып түнгі жұмысқа орналасты. Күндіз оқып, түнде жұмыс істеді.
Алматының КазГУ-нің журналистика факультетін сырттай бітіріп, редакцияға журналист болып оралды. Сол бір өткен балалық шағын ойласа, өзін тек анасы ғана емес, соынмен бірге бүкіл мектеп коллективі, баспаха мен редакция коллективі тәрбиелеген екен. Сондықтан да Балтабек аға бар болмысымен жұмысшы табы қауымына жақын.
Семейдегі Абай қорын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылы Республикалық «Абай» журналының қайта шыға бастағанына 10 жыл толу мерейтойына байланысты, «Абайдың, Шәкәрімнің және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін», «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімұлына 2002 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Ерсәлімұлы Б. Ұлыларымызды әспеттейік // Қазақ әдебиеті.-2006.-20 қазан.-10-11 б.
Ерсәлімов Б. Қажы тұрғызған қасиетті шаңырақ // Семей таңы.- 2001.- 26 қазан.- Б.2
Ерсәлімұлы Б. Көргенім, көңілдегі : Естелік.- Алматы, Дәуір.- 1997.- 208 б.
Елеуғожин Б. Талабымен танылған // Семей таңы.- 1991.- 6 желтоқсан.
Кенемолдин М. Т.б. Біздің Балтекең: (туғанына 75 жыл) // Ертіс өңірі.-2013.-27 ақпан.-10 б.
Омаров А. Семейдің Балташы // Семей таңы.- 2003.- 21 ақпан.- 12 б.
Хасенов Р.Б. Ерсәлимовтың кітабы хақында бірер сөз // Өмір өткелдері.-Семей, 2010.-112 б.