Замковая Галина Ильинична

Замковая Галина Ильинична 1938 жылы 26 ақпанда Семей қаласында туған. 1945 жылы №6 орта мектептің 1 сыныбының табылдырығын аттады. 1955 жылы осы мектептің 10 сыныбын аяқтады. Семей қаласындағы педгогикалық институттың тарих-әдебиет факультетін тәмамдады. 1960 жылдан бастап №6 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет етті.
1976 жылы – Қазақ ССР Ағарту ісінің үздігі
1982 жылы – аға оқытушы атағы
1985 жыл – «Еңбек Қызыл Ту» орденінің Кавалері
1986 жыл – мұғалім-әдіскер
1987 жыл – Қазақ ССР Еңбегі сіңген ұстаз
1989 жыл – «Еңбек ардагері» медалі
1999 жылы 20 қазанда Семей қаласының Құрметті азаматы атағы беріледі.

Ұсынылатын әдебиет:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 230-231 б.

 

Зяблицкий Алексей Иванович

Зяблицкий Алексей Иванович 1937 жылы туған. Білімі жоғары, Өскемен жол-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Жилгражданстрой» құрылыс басқармасында ұста болып бастап, «Горстрой» құрылыс басқармасының бас инженері, «Отделстрой» құрылыс басқармасының бас инженері, Семипалатинскжилстрой» тресінің бастығы, Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-көркемдік бөлімінің бастығы және Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры қызметтерін атқарды.
«Мақтау белгісі» орденімен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен, Казсовпроф мақтау қағазымен, Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің мақтау қағазымен марапатталған. Қазақ КСР-інің құрметті құрылысшысы.
Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
1999 жылы 15 ақпанда Семей қаласы әкімінің шешімімен Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 231-232 б.

 

Ибрагимов Төкен

gk2Белгілі жазушы-сыншы, әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов 1939 жылы 15 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы «Жаңа несіп» колхозының Кезеншілік деген жерінде туған. 1957 жылы орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Алматыдағы КазПИ – дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. 1971-1975 жылдары аспирантурада оқиды. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұмыстарынан бастаған.
1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде әдебиет-драма, музыкалық хабарлар редакциясының редакторы, аға редакторы қызметін атқарады. Алғашқы еңбектері студенттік жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарық көрді.
1976 жылдың 12 сәуірінен Абай қорық мұражайының директоры.
«Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» (1996), «Құрмет» орденінің (1998) иегері Т.Ибрагимов Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайында зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал. Қаламгер «Өлең өрісі» (1979 ж.), «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, «Жаза» операсыынң либереттосы т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының ширек ғасырдан астам директоры, Қазақстан Жазушылар Одағы Семей бөлімінің төрағасы қызметтерін атқарған Төкен Ибрагимовке 2002 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Ибрагимов Т. «Жер әңгімеші…».- Семей, 2009.-111 б.
Ибрагимов Т. Шығармалары. Т. Толқын толғау. Зерттеулер.-Астана: «Фолиант», 2011.-400 б
Ерсәлімұлы Б. Ұлылыққа тағзым: (Қаламгердің 60 жасқа толуына орай) // Семей таңы.- 1999.- 28 қаңтар.
Оспанов М. Төкен аға // Семей таңы .- 1999.- 28 қаңтар.