Ибраев Қамза Төкешұлы

Қамза Төкешұлы Ибраев – Отставкадағы генерал-майор, «Бипэк Авто Қазақстан» бас директорының орынбасары.
Ол бұрыңғы Семей облысының Аягөз қаласында 1953 жылы туған. Қазақ. Білімі жоғары, Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу қаласындағы КСРО ҰҚК-нің жедел құрамасын дайындаудың жоғары курсын тәмамдады.
Еңбек жолын Аягөз қаласында автобекетте жұмысшы, жүргізуші боп бастады. Оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан және Алматы теміржол саласында жетекші топтарда түрлі қызметтер атқарды. Қарулы Күштер қатарына шақырылып, өз жауынгерлік міндетін өтеді. 1981 жылдың ақпан айынан ҰҚК органдарында қызметте. 1984 жылдың маусым айынан мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. ҰҚК органдарындағы қызметі кезеңінде жедел-қызметтік іс-қимылын жетілдіру ісіне кәсіби тәжрибелі маман ретінде үлес қосты.
2006 жылдың 8 маусымынан – ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті -полковник. «Айбын» екінші дәрежелі орденімен марапатталған. «ҚР ҰҚК құрметті қызметкері» және «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері т.б. түрлі мемлекеттік, ведомстволық медальдармен марапатталған. Отбасылы, екі ұлы, немерелері бар.
2016 жылы 29 қарашада Семей қаласы әкімінің шешімімен Ибраев Қамза Төкешұлына Семей Қаласының Құрметті азаматы атағы берілді

Ұсынылатын әдебиеттер:

Омаш А. Ел ырысын еселегендер // Ертіс өңірі. – 2016. – 14 желтоқсан.- Б.1,7

Ильматов Ром

gk3Ильматов Ром 1936 жылы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде дүниеге келген. Грек-рим күресінен спорт-шебері (1959). 1957-1958 жылдары «ТР» еркіті спортшылар қоғамында шәкірт тәрбиеледі.
Семей мал дәрігерлік институтының дене тәрбиесі кафедрасының жаттықтырушы-оқытушысы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті болды. 1975 жылы Қазақ КСР-нің 1981 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.
Атақты балуан, Олимпиада ойындарының қазақ халқынан шыққан тұңғыш чемпионы Ж.Үшкемпіровтың бапкері. 1999 жылы Семей қаласының әкімі шешімімен «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002).

Әдебиеттер:

Иьлматов Ром // Шығыс Қазақстан: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2.-Астана: «Фолинат», 2011.-218 б.

 

Ильясов Мұстафа Ильясұлы

Ильясов Мұстафа Ильясұлы 1930 жылы туған. Білімі жоғары, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.
Қарағанды қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищеде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Знаменка орта мектебінің директоры, Ново-Покровка аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, Семей облысы Бородулиха аудандық атқару комитетінің төрағасының бірінші хатшысы,ком.партияның екінші хатшысы,Кеңестер Халықтық депутаттарының төрағасы, баспа, полиграфия және кітап саудасы істері бойынша облыстық басқарманың бастығы,“Полиграфия” облыстық өндірістік бірлестігінің бас директоры болып қызмет атқарды.
Мұстафа Ильясұлы екі мәрте “Еңбек Қызыл ту” орденімен, ҚСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының бірнеше медальдарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бірнеше рет облыстық және аудандық халық кеңесінің депутаты болып сайланған.
2000 жылы 21 ақпандағы Семей қаласы әкімінің шешімімен Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 237-238 б.

 

Исмағұлов Жақсылық

g12Исмағұлов Жақсылық 1934 жылы 23 наурызда Семей облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік институтына түсіп, инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1969-1979 жылдар аралағында Облыстық мелиорация және су шаруашылығы бастығы қызметтерін атқарады. 1978-1985 жылдар аралағында Мақаншы ауданының райком партиясының бірінші хатшысы болды.
Семей өңірін зерттеуде, мыңдаған гектер егін мен мен жайылымдықты суландыруда, жаңадан су көздерін табуда айырықша көзге түсіп, асқан білгірлікті көрсетті. Бүкіл облыстың әлеуметтік жағдайы мен экономикасын суландыру, жаңа техникаларды өндіріске енгізу, елді мекнедерде су құбырларын жүргізу арқылы дамытуға үлкен үлес қосып, батыл қадам жасады. Ол Ертіс суын ауыздықтау, облыстағы өзен, бастауларды Балқаш Алакөлмен жалғастыру сияқты талай аса құнды жобаларды ұсынды.
Аягөз ауданының құрметті азаматы. «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы 1999 жылы 20 қазанда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси қызметіне көп жылдар бойы қосқан ерен еңбегі үшін берілді.

Әдебиеттер:

Исмағұлов Ж. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.- Алматы, 2005.- 234 б.
Тусунбаева Т. Почетные граждане г.Семипалатинска 1968-1999 гг. Семей.-ЦДНИ ВКО.