Кәкімов Мұхтарбек Рахымбердіұлы

Кәкімов М.Кәкімов Мұхтарбек Рахымбердіұлы – 1920 жылы 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы), Шар ауданының Көксу ауылында орта шаруа отбасында дүниеге келген. 7 кластық білімнен кейін 1935 жылы Семей қаласындағы геологиялық-барлау техникумының раффагіне түсіп, оны 1939 жылы бітіріп шығады. Шар ауданының түрлі мекемелерінде жұмыстар атқарады.
1941 жылы мамыр айында Семей облысының Жарма аудандық комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылады. 42-танк дивизиясының 42-атқыштар полкасының құрамына кіріп, бірден майданның алғы шебіне шабуылға жіберіледі.
1941 жылдың тамызында полк, 185-атқыштар дивизиясымен біріктіріліп, 1941-1943 жылға дейін Мұхтарбек Кәкімов қатардағы жауынгерден 257-атқыштар полкінің штаб бастығының көмекшісіне дейінгі жауынгерлік жолдардан өтеді. 257-атқыштар бригадасы басқа дивизиялармен бірге КСРО-ның бас қаласы Мәскеуді қорғауға қатысады.
185-атқыштар дивизия құрамында Батыс, Солтүстік-Батыс, Калинин майдандарындағы шайқаста өзінің полкімен – Шауляй, Рига, Валдай, Вычно-Волочек, Асташково, Ржев, Калинин, Ярцево қалаларын жаудан тазартуға қатысады. Чехославакия Республикасының астанасы Праганы жау қолынан алғаны үшін Совет Армиясының Бас қолбасшысының бұйрығымен марапатталады.
Мұхтарбек Кәкімов 1943 жылы 8 наурызда Смоленск шайқасында ауыр жараланып, Калинин, одан әрі Иванова госпиталына жіберіледі. Сол жылдың маусымында сауығып шыққан майдангер Түркістан әскери округына 3-айлық курсқа жіберіліп, бітірген соң Павлодар облысының Ертіс ауданынында, Алматы облысының Ұйғыр аудандарында 1943-1945 жылдары әскери комиссар болып қызмет етеді. Ал, 1945 жылдың желтоқсанында денсаулығына байланысты Совет Армиясы қатарынан біржола босатылады.
Соғыстан соң 1946-1949 жылдары Семей қалалық партия аппаратында инструктор, бөлім меңгерушісі жауапты қызметтерінде болады. Семей облыстық партия комитетінде және Ақсуат ауданының секретары болып 1949-1956 жылдары қызмет етеді.
Семей қалалық партия комитетінің шешімімен 1956 жылдан құрылыс мекемелерінде, ал 1971-1983 жылдары Семей протез-ортопед зауытында директор болып Ұлы Отан соғысы мен тыл мүгедектеріне қызмет етті.
Қызмет бабымен сатылап өскен Мұхтарбек Кәкімов қандай қызметте болмасын асқан жуапкершілікпен ойдағыдай атқарып, туған жерінің дамуына бар ынта жігерімен саналы ғұмырын арнады. Оның басшылығымен ұжым әркез социалистік жарыстардың жеңімпазы қатарынан көрінді. 10-бесжылдықтың нәтижесі бойынша зауыт ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды. Партиялық, шаруашылық мекемелерде қызмет ете жүріп бірнеше дүркін аудандық, қалалық кеңестерге депутат болды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1983 жылдан құрметті демалыста.
Соғыста алған атақтары:
«Отан соғысы – І дәределі», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Москваны қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен, мерекелік медальдармен марапатталды. «Құрмет» орденінің иегері, соғыс және еңбек ардагері М.Кәкімов 2011 жылдың 1 қазанында дүние салды.
М.Р.Кәкімовке қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан елеулі үлесі және ардагерлер қозғалысына белсене қатысқандығы үшін 2010 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:
Кәкімов Н. М.Р.Кәкімов туралы баласы Нұрбек арқылы электрондық поштамен алынған ақпарат.-2015.-наурыз.
«Семей қаласының құрметті азаматы» атағын бері туралы //Семей таңы.-2010.-6 мамыр.-7б.

Кобрин Вячеслав

g13Кобрин Вячеслав Григорьевич 1938 жылы 7 қарашада Тверь губерниясының Оленин ауданының Мясница ауылында туған.
1944 жылы анасы балаларын Украинаға көшіріп апарды. Вячеслав мұнда мектепте оқып, кейіннен Днепродзержинск қаласындағы индустриалды техникумның электротехник мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1957 жылы Семей қаласына жолдама бойынша жіберіліп, 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін өндірісте еңбек етті.
Бос уақытында өлең жазумен айналысып, ол жазған 60 өлеңіне ән жазылды. Әндеріне музыка Григорий Пономаренко, Леонид Афанасьев, Виктор Шишов, Олег Джанияров, Александр Кизнер, Виктор Захарченко.
Семей атом полигоны оның адамзат тағдырына зияны ақынды толғантпай қоймады. Ақын Ядролық полигонды жабу мәселесін көтеруде алдыңғы қатарда болды. 1987 жылы ол Семей комитетінің бейбітшілікті қолдаудағы алғашқы төрағасы болды.
1999 жылы 14 желтоқсанда В. Кобрин «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Әдебиеттер:

Кобрин В. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.- Алматы: «Арқас», 2005.- 240 б.