Нұрбаев Кәрім (1915-1971)

Нұрбаев Кәрім 1915 жылы бұрыңғы Семей облысы, Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында туған. Кәрім Нұрбайұлы алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған . 1933-1934 оқу жылында оқыған, білімді де білікті мамандарға тапшы сол заманда ауылдық кеңестің төрағасы Егізбаев Кәрімнің аудандық партия комитеттінің нұсқаушысы Шабанбаевқа ұсыныс жасауымен Қызылкесік бастауыш мектебінің «Кеттедегі» бөлімшесіне мұғалім болған. Әр нәрсені білуеге құмар, талапты, пысық жас жігітті келесі жылы Майлышатта ашылған бастауыш мектепке меңгеруші әрі мұғалім, кейіннен Көкжыра орталау мектебі, Ақсуат орат мектебіне директор болып тағайындалады. Осы жылдары Кәрім аға білімін көтеру мақсатымен Зайсандағы педагогикалық техникумға түсіп, оны сәтті аяқтаған.
1939 жылы әскер қатарына қабылданған Кәрім аға 1942 жылы ауыр жараланғанға дейін өзінің іскерлігінің, батылдығының, парасатының арқасында 65-атқыштар дивизиясының 60- полкінде қатардағы жауынгерден батальонның саяси жетекшілігіне дейін көтеріледі. Кәрім Нұрбайұлы майдандағы ерліктері үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды. 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қан майданына араласты. Соғыстан кейінгі бес жыл Кәрім Нұрбайұлы Ақсуат аудандық атқару комитетінің көші-қон бөлімінде, сауда бөлімінде, хатшылғында және жер бөлімдерінде қажырлы еңбек ете білді. Азаматқа ауыр сын- әскери қызмет, қан майдан Кәкеңнің өмір туралы, дүние, адамдар туралы көзқарасын қалыптастырып, өзінің алдына биік мақсат, өрісті мұрат қоюына, ой-пікірін айқындай түсуіне әсер еткен еді.
Соғыстан кейінгі уақытты бейбіт өмір жылдары дегенмен адамдардың жүрегінде соғыс салған жарақат әлі жазылмаған, халық шаруашылығы әлі қалпына келтірілмеген кезде облыстық партия комитетінің тағайындауымен 1950-1954 жылдар Абай аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Келген бойда аудан қызметкерлерінің арасандағы психологиялық ахуалды тез аңғарған Кәкең оған тереңірек көніл бөле отырып, аудан еңбекшілерін тығырықтан шығарудың жолын іздеді. Нақты ұсыныстар жасап, соларды жүзеге асыруға халықты жұмылдыра білді. Ол өз жұмысын аудандағы экономикасы әлсіз, бытыраңқы орналасқан колхоздарды ірілендіруден бастады. Іріленген колхоздардың экономикасы тез көтеріліп, ауданның ауыл шаруашылығы алға басты жэне облыстағы басқа аудандардың алдына шығып, нәтижесінде Кәрім аға Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды.
1954-1961 жылдары шаруашылығы шашыраңқырап, экономикасы әлсіреп қалған Шұбартау ауданынына облыстың жолдауымен партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ұсынылды . Кәрім Нұрбайұлы кезінде Шұбартау ауданында еңбек адамдарының тұрмыс күйіне, жастардың оқып білім алуына, мектеп,мәдениет сарайын, кітапхана, киноқондырғы, аурухана, емхана, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, байланыс мекемелерінің жұмыстарын жолға қоюға күш салды .
Шұбартауды алға сүйреп шығарғысын, 1961 жылдың жазын ауылшаруашылығы саласының майталманы саналып, сан қырлы жұмыстардың басы-қасында жүрген, ұйымдастырушылығымен көзге түскен Кәкенді мал саны өскенмен, орынсыз шығындарға ұшырап, экономикасы күйзелген Абай ауданына бірінші хатшы қызметіне жібереді. Аудандағы барлық шаруашылықты аралап, ауылдардың тұрмыс- тіршілігімен жете танысқан басшы өз дағдысынша бірде күрт өзгеріс жасауға ұмтылмай-ақ іс барысын жайлап қалыпты ағымға түсіре бастады. Облыс басшыларының алдында ұжымдық шаруашылықты кеңшармен алмастырудың экономикалық жағынан тиімді екендігін дәлелдеген Кәрім Нұрбайұлы 1963 жылдың бірінші қаңтарынан барлық шаруашылықтарды мемлекеттік меншікке көшірді. Бұрынғы бес кеңшар енді бөлініп, жеті кеңшарға айналды. Дұрыс ұйымдастырудың арқасында кеңшар шаруашлықтар алға жылжыл, әлеуметтік салаларғада оң өзгерістер енді. Өйткені абайлықтар Кәрім ағаға сенді, Кәрім ағаны қолдады, Кәрім ағаның соңынан ерді. Кадр тандау, оларға ақыл кеңес беруге Кәрім аға өте жауапкершілікпен қарап, шыныйы қамқорлығын көрсете білді. Отан алдындағы еселі еңбегі үшін «Ленин» , «Еңбек Қызыл Ту», екі «Құрмет белгісі» І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдарымен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталып, 3 рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат сайлануы осы еңбектердің нәтижесі. Кәрім Нұрбаев – Семей қаласының Құрметті азаматы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нұрбайұлы К. Есімі елінің есінде қалған // Семей таңы . – 2010. – 22 сәуір. – С. 10
Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 16 б.
Сыдықов Е. Елі үшін туған ардақты ер // Семей таңы . – 2011. – 15 сәуір. – С. 7
Сыдықов Е. Өмір өнеге // Тамыр. – 2015 .- 15 қаңтар
Интернет сілтемелер: http://tamyr.org/

 

Нұрсұлтанов Қажи

Нұрсұлтанов Қажи 1928 жылы 17 қазанда бұрыңғы Семей облысы, Ақсуат ауданының Қарғыба ауылдық кеңесіне қарасты Қаратал ауылында туған. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі физика-математика факультетін «математика» мамандығы бойынша бітірген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтындағы физика–математика факультетінің жоғары математика кафедрасына оқытушы – ассистент, оқытушы, аға оқытушы, СМПИ-дағы физика – математика факультеті деканының орынбасары   болып қызмет атқарды.

1967 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі физика-математика факультетінде сырттай оқитын аспирантураға түсті.

Қажи Нұрсұлтанұлына жоғары математика кафедрасының доценті, «Семей» Мемлекеттік университетінің профессоры, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры академиялық атағы берілді.

Қажи Нұрсұлтанов Қазақстандағы математикалық білімнің даму тарихы және оның жағдайлары бүгінгі мектептерде қолдану проблемалары тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы, математиканы оқыту теориясы мен әдістемелік саласы бойынша өте құнды әрі тың еңбек болып саналады. Оның нақты дәлелі ретінде Қажи Нұрсұлтановтың еңбектеріне берілген физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Д. Крамер, академиктер О.Жәутіков, Т. Аманов, Қазақ ССР ҒА –ның корреспондент мүшесі А. Машанов, профессорлар А. Закарин, А. Көбесов және тағы басқа атақты ғалымдардың пікір, бағамаларын айтуға болады.

Қажи Нұрсұлтанұлы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен және ССРО жоғары білім беру саласына сіңірген еңбегіне орай «Жұмыстағы үздік табыстары үшін» дейтін Ресейлік белгісімен және Семей мемлекеттік педагогикалық институтына сіңірген еңбегіне орай «Зор еңбегі үшін» медалімен, жеңістің 55 жылдық құрметіне «1941-1945 жж. соғыс ардагері», «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 60 жыл» медальдарымен марапатталған.

Профессор Қажи Нұрсұлтанов Ресейдйің Мәскеу, Санкт-Петербург, Тамбов қалаларында, сондай-ақ Өзбекстанның Самарқан, Ташкент шаһарларында өткен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, еліміздің мәдени мұрасы мен ғылыми жетістіктерін кеңінен насихаттаған ғалым. Ол кісінің 300- ден астам ғылыми –көпшілік, оқу-әдістемелік еңбектері республикалық, аймақтық және халықаралық әртүрлі басылымдарда жарық көрді. Олардың ішінде 1994-1995 жылдары «Мектеп» баспасынан шыққан екі томдық «Математикалық логика бастамалары»» және 2002 жылы жарық көрген «Дикретті математикалық логика» оқу құралдарының алатын орны ерекше.

Семей қаласы әкімінің 1999 жылғы шешімімен көп жылғы жемісті еңбегі, білікті кадрларды даярлағандығы үшін Қажи Нұрсұлтанұлына «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Қажи Нұрсұлтанов [Текст] : дүниеден өтті // Семей таңы . – 2011. – 14 маусым. – Б. 7
Жолымбетов О.М. Өз биігіне ар тазалығымен шыққан абзал аға! // Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Хабаршысы. – 2014. – №3.- Б.55-28