Сейсенбаев Роллан

g25Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық.атқару комитетінде қызметтер атқарған, Мәскеудегі М.Горький атыңдағы Әдебиет институты жанындағы
жоғарғы курсты бітірген.
Оның «Тау басында түйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. «Всего одна ночь», «Если хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.
Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп койды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды. Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.
Қазақстан комсомол сыйлығының, ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері.
Жазушыға «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы 1994 жылдың 12 қазанында төрткүл дүниеге ұлы Абайды танытқан ерен еңбегі үшін, Отанымыздың рухы мен мәдениетін дамытуда барын салып, жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелеуде жүргізген қызметі үшін берілді.

Әдебиеттер тізімі:

Сейсенбаев Р. Өмір қымбат, Отан одан да қымбат //Парасат.-1995.-№ 5.-136.
Сейсенбаев Р. Игі жақсылардың көбі Абайдан бейхабар…»: Жазушымен сұхбат // Ертіс өңірі.-2009.-28 қаңтар.-8 б.
Зекенұлы Қ. Жазушымен кездесу //Семей таңы,-2001.-9 ақпан.-5 б.

Серкешов Тұрсынбек Серкешұлы

Серкешов Тұрсынбек 1917 жылы бұрыңғы Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Кенжебай ауылында туған. 15 жасында әкесі Сермұхамет өліп, үш інісін, бір қарындасын Үржардың балалар үйіне беріп, шешесі екеуі Семейге келген. Бұл 1932-39 жылдардағы нәубет ашаршылық кезі еді.
Семей станциясы жанындағы вагон депосының алты айлық слесарь даярлайтын курсын бітіріп 3 –ші разрядты слесарь болып, вагон жөнедеп еңбекке араласқан. Онда алты жылдай істеп, вагон учаскесінің кадр бөлім бастығының орынбасары, депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы болған. Семей теміржол станциясының мәдениет үйінің іргетасын қоюға қатысқан.
1940 жылдары КПСС мүшелігіне өткен. 1941 жылы қаладағы Киров аудандық партия комитетіне нұсқаушы қызметін атқарып, 1941 жылы Дальневосточный армия флотына саяси басқрмасының қарамағында аға сержант атағымен рота командирінің саяси көмекшісі және партия ұйымы хатшысы болып 1944 жылы Харьков қаласындағы әскери-саяси училищесіне жіберіліп, оны кіші лейтенант шешімімен 4- ші Украина фронтының 60-шы армиясының командирі саяси бөлімінің қарамағына барып, математика дивизиясының құрамында соғысқа қатысты. Опава, Маровский острова, Жилина, Оломауц деген қалаларда еміс басқыншылардан босатуға қатысып, бас қолбасы И.В. Сталиннен алғыс алған.
Чехословакияның астанасы Прага қаласын босатуға қатсықан. Жеңіс күнін 9 май күні 1945 жылы осы қалада мерекелеген. Содан 1946 жылдың аяғына Солтүстік Армия тобының 634 –ші миномет полкінің бірінші дивизиясының партия ұйымдастырушысы болып, лейтенант шенімен 1947 жылы Семейге оралған.
Сол 1947 жылдың басынан үш жыл Семей облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып, одан Абай аудандық партия комитетінің 1950-1953 жылы хатшысы болды. Одан екі жылдық партия мектебін бітіріп келген соң Шар аудандық атқару кеңесінің төрағасы (1963 жылдан 1965 жылға дейін). Ақсуат-Көкпекті екі аудан қосылғанда Көкпекті ауданының бірінші хатшысы, 1965 жылдан Жарма ауданының бірінші хатшысы болған. Жарма ауданын басқаруда «Октябрь революциясы» орденімен марапатталып, Қазақстан Жоғары кеңесіне депутат болып сайланған.
Тұрысбек Серкешұлы бұрыңғы Семей облысының жеті ауданында 20 жыл қызмет атқарған. «Отан соғысы», «Октябрь революциясы» ордені, «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен медальдарымен марапатталған. Семей қаласының және Жарма ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 267-268 б.

 

Сейсенұлы Дәулет

gk9Сейсенұлы Дәулет –Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Облыс әкімі сыйлығының лауреаты, жазушы, журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Семейдегі меншікті тілшісі.
Дәулет Сейсенұлы 1949 жылы 28 ақпанда Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, облыстық партия комитетінде қызмет атқарған. 1983 жылдан бері республикалқ «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі. Осы жылдарда “«Ақиқат”»журналында, еларалық», «Заман Қазақстан», облыстық әкімшілікте қызмет істеген.
Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері»(2001), «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай «Нартұлға» сериясымен жарық көрген әдеби көркем тілді ««Шәкәрім» (2007) атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты. Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Абай ауданының құрметті азаматы. 2001 жылғы 27 желтоқсандағы Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Сейсенұлы Д. Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-400 б.
Сейсенұлы Д. Шәкәрім:ғұмырнамалық баян.-Астана: «Фолиант», 2007.-264 б.
Сейсенұлы Д. Шәкәрім:Ғұмырнамалық баян.-Астана:Фолиант, 2007.-264
Ахметбекова А. Шежіреден сыр шертеді // Семей таңы.-2004.-19 қараша.-6