Кітапханадағы «Өнер өлкесінде», «Әлеуметтік-қажетті ақпараттар лекторийі», «Әдеби қонақжай» атты қонақжай клубтары қоғамдағы өзекті, маңызды да қызықты тақырыптар жөнінде түрлі іс-шараларды ұсынады. Оқырмандар өз таланттары мен бейімділігін осы клубтарға қатысу арқылы шыңдай алады.

Әдеби қонақжай. клубының мақсаты: халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, асыл қазынасын оқырмандарға таныту, рухани мол мұрасын бағалай білуге баулу.

Өнер өлкесiнде. клубының мақсаты: оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдениетін, жетістіктерін насихаттау, ұлттық өркениеттің құндылықтарын бағалай білуге баулу, өнер адамдарының өнегелі өмірін оқырмандарға таныту. Семей өңіріндегі жас таланттардың шығармашылығын жариялау.

Әлеуметтік-қажетті ақпараттар лекторийінің мақсаты: оқырмандарға түрлі ақпараттар берумен қатар, мамандармен дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер сияқты түрлі шаралар өткізу арқылы пайдалы кеңестер беру. Әлеуметтік-қажетті ақпараттар лекторийінің бағыттары:

– Этно-мәдени білім баршаға
– Халық денсаулығы – мемлекет байлығы
– Қоғам және заң
– Экологиялық секция
– Әлем, әйел, үй.