Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков – 1953 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында туған.
Семей пединститутын, Новопокровка кеңшар- техникумын бітірген. Еңбек жолын Шұбартау кеңшарында жұмысшы, мұғалім болып бастаған. Аягөз аудандық спорт комитетінің төрағасы, Шұбартау аудандық оқу білімінің инспекторы, аудандық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, аудандық партия комитетінің төрағасының орынбасары, «Сарыарқа» фирмасының директоры, Семей облыстық аумақтық мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитеттің төрағасы, Семей әкімінің 1-орынбасары, «Қазполиграф» мекемесінің директоры, директорлар кеңесінің төрағасы, 2007-2011 жылдары Семей қаласының әкімі, облыс әкімінің кеңесшісінің қызметтерін атқарған.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы экономикалық Кеңестің төрағасының орынбасары, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» одағын ұйымдастырушылардың белсенді мүшесі, осы Одақтың басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері.
2007 – 2011 жылдары Семей қаласының әкімі қызметінде қаланың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өзіндік үлесін қосты. Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/202- VI шешімімен экономика, әлеуметтік салаларды дамытуға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Мейрамхат Айнабековке «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Абыройға бөленгендер: («Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді) // Ертіс өңірі. – 2018. – 19 желтоқсан. – 11 б.
Айнабеков Мейрамхат. Сыннан сүрінбей өтетінімізге сенімдіміз: [Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабековпен әңгімелескен Д. Сейсенұлының сұхбаты] // Егемен Қазақстан. – 2009. – 20 наурыз. – Б. 2.
Айнабеков Мейрамхат. Қаймағы бұзылмаған қасиетті Семей / М. Айнабеков, С. Құсанбаев // Дидар. – 2009. – 10 сәуір. – Б. 3.
Семей қаласының әкімі Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабековтың 2009 жылғы қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы халық алдындағы есебінің тезистері // Семей таңы. – 2010. – 7 қаңтар. – Б. 1
Айнабеков, М. Менің командам – мені қолдайтын халық // Ертіс өңірі. – 2010. – 27 қаңтар. – С. 10-11
Айнабеков М. Біз бірге болған кезде табысқа жетеміз // Семей таңы. – 2010. – 28 қаңтар. – С. 1
Айнабеков М. Әкім болу – парыз емес, азамат болу – міндет // Семей таңы. – 2010. – 4 ақпан. – С. 3
Айнабеков М. Семей қаласының әкімі қызметіне // Семей таңы. – 2007. – 15 наурыз. – С.1
Семей қаласының әкімі М.К.Айнабековтің қалалық мәслихат сессиясында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің 2009 жылдың 1 жартыжылдығына орындалуы жөніндегі есебінің тезистері // Семей таңы. – 2009. – 16 шілде. – С. 2
Шарапиева Ләззат. Біз бірге болған кезде табысқа жетеміз: [қала әкімі М. К. Айнабековтың тұрғындармен кездесуі] / Л. Шарапиева // Семей таңы. – 2010. – 28 қаңтар. – Б. 1
Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007. – 199 с.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2014.-140-141 б.
Мейрамхат_Кәрібекұлы_Айнабеков: электрондық ресурс // https://kk.wikipedia.org/wiki/