5Қажыбаев Аманкелді 1943 жылы Тарбағатай ауданы, Комсомол поселкесінде дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтының және Алматының жоғары партия мектебін бітірген.
Институтты тамамдағаннан кейін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында электрслесарь болып істейді. 1977 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында кәсіподақ комитетінің төрағасы болады. 1979-1991 жылдары аралығында партия, кеңес жұмыстарында жетекші қызметтер атқарды. Халық депутаттры Зырян және Өскемен қалалық Советтері атқару комитеттерінің төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Республика Министрлер Кабинетінің жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің төрағасы, өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары, Қорғаныс Министрлігінің комитет төрағасы, Қорғаныс Министрінің орынбасары болып қызмет жасады.
1994 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Бақылау Палатасының төрағасы болып сайланды. 2001 жылдың ақпанынан 2002 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
2002 жылдын қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынын әкімі болып тағайындалады. Семей қаласын басқарған жылдары Семей халқына іскерлік, зор азаматтық жағынан танылды. 2004 жылдың 15 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалады. 2005 жылдан Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің директорлар қызметінде, «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасы бөлімшесінің төрағасы, облыстық статистика басқармасының бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Өнертабысы үшін берілген 4 авторлық куәліктің , 1 монографияның авторы.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Алтын Барыс» белгісімен марапатталған. «Тарбағатай» ауданыны мен Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007. – 199 с.
Сәдуақасов Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары – Почетные граждане Семипалатинского региона. –Алматы: «Арқас», 2005.- Б.47-48
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. – Б. 422
Аманкелді Қажыбаев – Семей қаласының әкімі // Семей таңы. – 2002. – 8 қараша. – 1 б.