81958 жылы Семей облысы Бородулиха ауданының Шелехово ауылында туған. Семей қаржы-экономикалық техникумын және Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын тәмамдаған. 
Еңбек жолын Бородулиха ауданының салық инспекциясында бастап, әскери қызметтен оралғаннан кейін ауданның кеңестік және партиялық органдарында қызмет етті. Ауданның салық инспекциясына жұмысқа ауысып, 1995 жылы Семей облысы бойынша салық полициясының облыстық басқармасының бастығы болып тағайындалады. 
Семей облысы әкімінің бірінші орынбасары, Семей облысы әкімінің міндетін атқарушысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары,
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі қызметтерінде болған.
1998-1999 жылдар Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне қарасты мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік нұсқаушысы, 1999-2003 жылдар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2003-2007 жылдар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік нұсқаушысы және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2008 жылдың 7 мамырынан 2009 жылдың 4 наурызына дейін – ШҚО әкімі қызметін атқарды.

Әдебиеттер:

Бергенев Әділғазы Садуақасұлы: [электрондық ресурс] // http://www.akimvko.gov.kz
Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007. – 199 с.