img07

Бүгінгі күні шетел тілдерін игеру – бұл мәртебе емес, жеткілікті дамыған қазіргі заманғы ақпараттық әлемде адам үшін қажеттілігі басым. Егер бұрын шетел тілін білу қажеттілігі негізінен дипломаттарға және “дөңгелек үстел” өткізушілерге ғана туындаса, ал бүгінде шетел тілін көптеген адамдар жұмыстарының негізгі құралдарының бірі ретінде қолдануда.

Шетел әдебиеттер бөлімінің басты мақсаты – барлық тілек білдірушілерге шет тілін оқыту және үйрету бойынша неғұрлым толық ақпаратты береді.  Негізгі кітап қорындағы басылымдарды іріктеу арқылы 2007 жылы шетел тіліндегі әдебиеттер бөлімі құрылды. Берілген грант арқасында АҚШ Елшілігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі Астана қаласындағы 2009 жылдың қараша айында шетел әдебиеттер бөлімінің қоры ағылшын тіліндегі әдебиеттермен және жинақтармен толықты: сөздіктер, мерзімді басылымдар, көркем, салалық әдебиеттер.

Бөлімінің базасында Американдық сөре жұмыс істейді, оның негізгі функциясы Құрама Штаттарынан тыс Американың көпшілікке саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінен қол жетімді ақпарат беру болып табылады. Неміс тілінде жазылған кең көлемді партиялық кітап Гете Институтынан 2013 жылы сыйға алынды. Бүгінгі күні, қор бөлімінде 4 мыңнан астам кітаптары бар. Мұнда лингвистикалық басылымдар мен тілдерді оқыту әдістемесі, әлемнің 20 тілінде шыққан оқулықтар және көркем әдебиеттер, газеттер мен журналдар бар.

Әр түрлі оқу құралдар көмегімен тест арқылы өз білімдерін тексеруге болады, оның ішінде шетелдік оқулықтары “Cambridge University Press”, “Longman”, “Macmillan”, “Oxford university press”, ал өз білімінің деңгейін арттыру үшін шетел тілдерін меңгеру, ағылшын тілі бойынша (TOEFL, GMAT) халықаралық емтихандарына дайындалуға болады. Бөлімде оқырмандар әдебиеттерді оқу және ғылыми жұмыс жасау, елтану бойынша рефераттар жазу, мәтіндерді аудару үшін таңдай алады. Шетел әдебиеттер бөлімінде әр түрлі сөздіктерді пайдалануға болады: екі тілді, көп тілді, географиялық түсіндірме, салалық, соның ішінде шетелдік. Бөлімнің мақтанышы 22 томдық “World book”, 17 томдық “Student’ s encyclopedia”, “Children’ s encyclopedia” энциклопедиялары табылады.

Қосымша кітап қоры, түрлі дәстүрлі емес ақпарат тасушылар – CD; DVD; аудио-дискілер; аудио- және бейнекассеталар. Олардың арасында – сөздіктер, аудармашылар, тілашарлар, интерактивті оқу құралдары, компьютерде жұмыс жасауды үйрететін оқу бағдарламалары, оқулықтар және т. б.

«Американдық сөре» аясында бөлімде әр түрлі пікірталастар, тақырыптық көрмелер, түрлі мерекелер, семинарлар, лекциялар, кездесулер өткізіледі. Ағылшын тілі пайдаланушыларға тегін Интернет және электрондық пошта қызметі ұсынылады.

Бөлімнің басты бағыттары:

– мамандарға  қызмет көрсету, ағылшын тілін оқытатын мұғалімдерге, студенттерге;

– әр елдің  тарихын, мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрлерін насихаттау;

– лингвистикалық клуб аясында көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бөлімнің  жанынан ағылшын тілін бастаушыларға арналған тегін оқыту курстары ұйымдастырылды. Курстың жаңа циклі 2016 жылы 20 қаңтардан (ұзақтығы 3 ай) басталады. Сабақтар аптасына 2 рет өткізіледі. Толық курс  туралы мағлұматты мына телефон арқылы білуге болады: 52-43-07.

2017 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспары:

Америкалық президенттер: портреттерге тоқталу Брейн-ринг ақпан Каб.20
Америкада Тәуелсіздік күні Кітап көрмесі шілде Каб.20
Америкада Колумб күні Түнгі портрет қазан Каб.20
Алғыс айту күні

 

Байқау, конкурстар қараша Каб.20
Рождество ертегі   Ойындар, конкурстар желтоқсан Каб.20