Автографы гостей библиотеки

 2010 жыл

92

Абай атамыз атындағы кітапхана арқылы Абай еліндегі поэзиямен кездесулерімді алғаш бастадым. Оқырмандар ықыласына бөлендім. Терең ойлы сұрақтар жанымды тебіренткендей болды.
Оқырмандарыңыз көбейе берсін.

ақын
Қарабеков Бауыржан 
19 тамыз 2010 ж.

93  15 маусым 2010 жыл.

Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана ұжымына!

Музей ғасыр шежіресі мен өнердің рухани қазынасы дейтін болсақ, ендеше, халқымыздың даңқын асырған Абай елі, Абай мұрасын өмірлеріңізбен сабақтастырып, бүгінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізуде біздің Музеймен бірлесіп жасалған «Ұлы тұлғалар бесігі» атты көрмемізге үлкен еңбек жасадыңыздар. Сондықтанда қазақ халқын дүние жүзіне паш еткен ұлы тұлға Абай рухы әрдайым сіздерді қолдай жүрсін.

Жасампаз елдің жанашыр азаматтарының бірі ретінде бізбен бірге болған күндерініз мәңгілік есте қалатындығы ақиқат. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, баянды бақыт тілеймін.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті
Музейінің директоры А.Сағынғали.
94Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың Абай жөнінде, нақты Семей өңірі жөнінде бар әдебиеттеріне көңілім толды. Ұлы Абайдың туғанына 165 жыл толуына орай келіп, ақынның өз қолынан ұстап оқыған кітаптарын ұстағаным өте қуанышты.
Кітапхананың зия қауымына зиялы өмір, еңбек, отбасында бақыт, жұлдыздары қашанда ұлылардың еңбектерін дәріптеу болуына тілектеспін!

Жүніс Сахиев
10 тамыз 2010 ж.
Семей қаласы

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7